«Анатомия» пәні бойынша  ашық сабақ.

 «Стоматология» мамандығының  1 курсы, 11 тобы

07.11.2014 г., 1 пара

Оқытушы Назаренко Л.Н.       

 

 2014 жылғы  қараша айының 7-де  «Анатомия» тақырыбынан «Зәр шығару  жүйесі: топографиясы, құрылымы» тақырыбы бойынша  «Стоматология» мамандығының 110 тобында  ашық сабақ өткізілді.  Сабақты жоғары санатты оқытушы Назаренко Людмила  Николаевна өткізді.

Сабақ  нысаны:  сабақ-сайыс,  топ 4 шағын топшаларға бөлінді.

Сабақ замануи педагогикалық  технологияларды қолданумен жүргізілді:  үй тапсырмасын алдын ала  орындау арқылы  студенттердің  білімді  өздігінен табу,  шағын топшалардағы  жұмыс,  жағдаяттық міндеттерді шешу, «ми шабуылы»,  студенттер  оқытушымен бірлесе отырып  түрлі  проблемалық  мәселелерді  шешті,  интерактивтік тақтада жұмыс жасады,  күрделік деңгейі әртүрлі тестілер,  карточкалар түріндегі бақылау  тарату материалы қолданылды.    

Жаңа материалды зерделеу бейнефильмдер көрсетумен  тұсаукесермен  жүргізіліп отырылды.

Сабақта  муляждер, ылғалды препараттар, кестелер мен плакаттар түріндегі  анатомиялық көрнекілік  құралдар  қолданылды.

 Сабақ эмоциялды көңіл- күйде  жүргізіліп отырылды,  жарыс пен өзара көмек рухы  байқалды.