«Математика» пәні бойынша  ашық сабақ

1 курс, группа 12 специальность «Медбикелік іс» мамандығының 1 курсы, 12 тобы

03.11.2014 г., 1 пара

Оқытушы Окалина С.В.


2014 жылғы қараша айының 3-де  оқытушы  С.В. Окалина математика пәні бойынша «Медбикелік іс» мамандығының 12 тобында «Қарапайы және  

«Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді қарапайым жолмен шешу» тақырыбы бойынша  ашық сабақ өткізді.

Сабақ  мақсаты  белгіленді: көрсеткіштік  теңдеулер мен теңсіздікті шешуді үйрету,  таңдалған шешу жолын дәлелдей  білу, талдап,  қорыта білу білігін үйрету.

Аралас  сабақ  өткізу  барысында  оқытудың: ауызша түсіндіру, иллюстрпациялық түсіндіру,  проблемалық-іздестіру, репродуктивті, өздік жұмыс сияқты  түрлі әдістер қолданылған сабақ барлық мақсатына жетт. Сабақ  өткізу  кезінде  жаппай,  жеке, ұжымдық, топтық сияқты  танымдық әрекеттің нысандары қолданылды, дидактикалық және анықтамалық  материал: көрсеткіштік функция, дәреже карточкалары, сараланған сипаттағы  карточка- консультанттар,  тақырыптар бойынша  бағдарланған  карточкалар, білім есебінің карточкалары  әзірленді.    

Топтың  барлық студенттері оқу  сабақтарын  өткізу  барысында  ұйымдасқандығымен,  франталдық  сұрау,  математикалық диктант,  тақта алдын карточка  бойынша  жеке жұмыс,  жеке  нұсқалар бойынша  бағдарланған карточкалар бойынша  жұмыс жасау кезінде  белсенділік көрсетті.  Сабақты жалпы  бекіту  топтық жұмыста  өткізілді.  Студенттер материалды қызыға шешіп, талдаулар жасай отырып,  өздері  қорытынды  жасады,  көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздікті шешу  типтері мен тәсілдерін  анықтады.

Сабақ  жоғары әдістемелік  деңгейде өтті.