Аудиториядан тыс іс-шара: «Валеология» пәні бойынша дөңгелек үстел

3 курс специальность «Медбикелік іс» мамандығының 3 курсы

10.11.2014 г. 15-30

Оқытушы : Тайлакова А.Н.

10.11.2014 ж. «Медбикелік іс» мамандығының 330 тобы студенттері арасында «Жыныс жолдарымен жұғатын жұқпалар» тақырыбы бойынша аудиториядан тыс іс-шара – дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара мақсаты студенттердің валеология, анатомия, гинекология бойынша білімдерін кеңейту және бекіту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжымдастыру, топтасу сезімдерін тәрбиелеу.

Іс-шара студенттердің жыныс тәрбиесіне, өз денсаулығы мен болашақ ұрпағының денсаулығына құнттап сақтауға қарауға бағытталды.

Дөңгелек үстел отырысында келесі тақырыптар талқыланды: « Мерез», «Соз», «Жыныстық герпес», «Хламидиоз», «Трихоманиаз», «ЖИТС»,» Венериялық аурулардың алдын алу шаралары». Студенттер пікірталасқа белсенділікпен қатысты, аудиторияда ынтымақты ахуал болды.