«Алғашқы әскери дайындық»  пәні бойынша  ашық сабақ

Сабақ тақырыбы: «Атыс дайындығы. АК 74»

«Медбикелік іс» мамандығының 13 тобы

датасы 10.11.2014, 4 пара

Оқытушы: Кобиков М.Е.

 

 

Сабақ мақсаты қажетті  әскери  білім мен  практикалық дағдыларды игеру,  снайперлік  винтовкалардың  әскери   ерекшеліктерімен, оларды  бөлшектеу және жинап құрастыру жүйесімен таныстыру.

Студенттердің танымдық  әрекетін  белсенділендіру мақсатында оқытудың  белсенді түрлері мен  нысандарын  қолданды.  Студенттер алдына   проблема қойып,  оны  шешуді ойластыру, талдау, қорытындысын шығару жолдарын ұсынады. Осыған орай оқытушы өзі жетекші ролінде болып,  студенттердің жауаптарын  реттеп отырды.

Жаңа материал  оқытушының  ұйымдасқан жұмысы арқасында  жеңіл игерілді, алған білімдерін   іс жүзінде бекітті.

Сабақта оқытудың  көрнекі  құралдары мен техникалық құралдары кеңінен  қолданылды.  Сабақ мақсатына жетті.