ЖИТС-ң алдын алу бойынша «ТОҚТА- ЖИТС» үйірмесінің ашық отырысы.

«Медбикелік іс» мамандығының 220 тобы.

13.12.2014 ж., 10-00сағ.

Үйірме жетекшілері: Оспанова А.Н., Афонина Ю.Э.

Үйірменің ашық отырысы «АИВ/ЖИТС-ті білу – өмір сүру деген сөз» тренингі түрінде: тең -теңін үйретеді қағидасы бойынша «Медбикелік іс» мамандығының студенттері арасында өткізілді.

Іс-шара басталарда студенттер арасында жүргізілген сауалнама АИВ/ЖИТС проблемасы бойынша студенттердің хабардар болу деңгейін айқындауға көмектесті.

Студенттер осы проблеманың өзектілігі мен маңыздылығын көрсете отырып, ролдік ойын түрінде ЖИТС туралы нақты мәліметтерді баяндап берді. Осы тақырып бойынша тұсаукесер мен бейне ролик ұсынды.

Ойын арқылы студенттер ЖИТС-тің жұғу қауіпінің соншалықты жоғары екенін түсінді, осыған орай іс-шара барысына барлық студенттер белсене қатысып, АИВ/ЖИТС проблемасына қатысты өздерінің пікірлерін батыл түрде жеткізе білді.

Тренингі соңында екінші рет жүргізілген сауалнама студенттердің хабардар болу деңгейлерінің анағұрлым жоғары болғанын көрсетті.