«Медбикелік іс негіздері» пәні бойынша  ашық  сабақ

Тақырыбы: «Клизмалар: тазартушылық  және дәрілік».

«Медбикелік іс» мамандығының 3 курсы, 350 тобы

26.12.2014 , 1-2 жұп сабағы

Оқытушы  Абилкасимова  Қ.Т.

 

            Оқытушы  ашық сабағын «Медбикелік іс негіздері» пәні бойынша  студенттердің  базалық  құзыреттіліктері мен өзіндік өсуін  дамыту үшін  құзыреттілік  тәсіл  үлгісін  қолдана отырып өткізді.   Оқытушы  өз пәнін жетік меңгерген,  ұжымдық-ойлау  қызметі  әдісін  қолдана отырып, студенттердің пәнге деген  танымдық қызығушылықтарын дамытып отырды. Оқытудың  интерактивтік  әдістері мен   тәсілдерін қолданды.  Түрлі деңгейлік түрлерде  тестілер, жағдаяттық  міндеттер, «Ми шабуылы»  түріндегі  блиц-сұрау дайындаған.  Сабақ рефлексиясын  Де Бононың  «Алты  ойлағыш шляпа» брейнстормингі нысанында  өткізді. Сабақтың бүкіл барысында  оқытудың сараланған  тәсілі  байқалып отырылды.  Студенттер пән бойынша білімдерінің жақсы екендіктерін,  осы тақырып бойынша  медбикелік манипуляция алгоритмдерін  жетік меңгергенін  байқатты.