Аудиториядан тыс іс-шараконкурс «Үздік студент – 2014»

«Медбикелік іс» мамандығы, III курс.

27.12.14ж., 16-00

Оқытушылар: Ажаева А.С., Сырғабекова Ж.И., Утельбаева Б.Б.

27 желтоқсан күні «Клиникалық пәндердің №2 ЦӘК апталығы» шеңберінде «Медбикелік іс» мамандығы, бітіруші 4 курс студенттері арасында «Үздік студент – 2014» конкурсы өткізілді.

Конкурс 5 турдан тұрды:

· 1 тур-«Тұсаукесер» – студенттің визит карточкасы, оның таңдаған кәсібіне қатынасы -2-3 минут;

· 2 тур-«Ми шабуылы»- «Акушерия және гинекология» пәні бойынша жағдаяттық міндеттер;

· 3 тур-«Білікті маман – Ел тірегі»-«Ішкі аурулар» пәні бойынша шұғыл жағдайлар жөніндегі жағдаяттық міндеттер;

· 4 тур-«Шебер қолдар»- клиникалық пәндер бойынша практикалық дағдыларды көрсету (хирургия, педиатрия, медбикелік іс);

· 5 тур-«Білімдермен қарулы – туберкулезден паналы»- алдын алу жұмыстары бойынша ақпараттық буклеттер шығару.

Конкурсанттар конкурстың өтуіне белсене қатысып, өздерінің шеберліктерін, жан-жақты дамыған біліктері мен білімдерін, пациентке көмектесуне әрқашанда дайындығын көрсетті.

Конкурс соңында номинацияларға сәйкес естелік сыйлықтар берілді.

Іс—шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

Мұндай конкурстар өткізу білім беру мен тәрбие міндеттерін жүзеге асыру ісіндегі маңызды бағыттар болып табылады, түлектердің конкурсқа дайындалу және оны өткізу кезінде алған білімдері мен біліктерінің болашақ кәсіптік қызметтері үшін маңызы зор.