«Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша ашық сабақ

Тақырыбы: «Тыныс алу органдарының АФЕ. Тыныс алу органдары кезіндегі шағымдар»

«Медбикелік іс» мамандығының 3 курсы, 350 тобы

24.12.2014 ж., 3-4 жұп сабағы

Оқытушы Мейрамова Ж.К.

Сабақтың бүкіл барысында: көрнекі, практикалық, түсініктеме-иллюстративтік сияқты оқытудың түрлі әдістері қолданылды, анатомия, физиология, медбикелік іс негіздері, латын тілімен ішкі және пән аралық байланыс байқалды. Білімді нақтылау үшін түрлі деңгейдегі тестілік тапсырмалар, жағдаяттық міндеттер қолданылды.

Студенттердің танымдық қызметін белсенділендіру үшін оқытушы: шағын топтардағы жұмыс, ауысымдық сипаттағы жұппен істеу сияқты оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, замануи фантомдар мен муляждерді де қолданды.

Студенттер медбикелік үрдістер картасын белсенді түрде толтырып, тыныс алу органдары аурулары кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдастырумен айналысты.

Сабақ мақсатына жетті.