Аудиториядан тыс іс-шара- Қант диабетінің алдын алу жөніндегі үйірменің ашық отырысы

«Медбикелік іс» мамандығы, III курс.

26.12.14 ж., 16-00

Үйірме жетекшісі: Утельбаева Б.Б.

Желтоқсан айының 26-да клиникалық пәндердің №2 циклдік әдістемелік комиссиясының апталығы шеңберінде қант диабетінің алдын алу жөніндегі үйірменің аудиториядан тыс ашық іс-шарасы өткізілді.

Қант диабетінің алдын алу жөніндегі үйірменің қызметі жоспарлы түрде өтеді, үйірме мүшелері адам жасына, жынысына, кәсібіне қарамастан қант диабетінің пайда болуының себептерін, қауіп-қатерлі ықпалын айқындау, емі, алдын алуы жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.

Бұл ашық іс-шарада үйірмедегі студенттер қант диабетінің әлемдегі және аймақтағы даму беталысы: осы қауіпті аурудың алдын алу жолдары мен асқынулары туралы мәлімдемелер жасады. «Диабеттер мектебіндегі» жұмыс туралы, қант ауруымен зардап шегуші науқастарды оқыту әдістемелері туралы әңгімелеп берді. Барлық мәліметтер мен мәлімдемелер экранда бейнеленген тұсаукесерімен жүргізіліп отырылды.

«Медбикелік іс» мамандығының үшінші курсының шақырылған студенттері қант диабеті бойынша қызықты стенд пен әсерлі көрме ұйымдастырған үйірме мүшелерін қызыға тыңдады.

Іс-шара соңында төртінші курс студенттері өздерінің жолдастары –үшінші курс студенттері үйірме мүшелеріне тілек сөздер айтты.

Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті.