Кәсіптік практика

Ұлт денсаулығы – жалпыұлттық міндет

Н.Назарбаев

Кәсіптік практика

Практикалық оқытуды ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу   Қазақстан Республикасының Конституциясы,  Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж.29.01 “Кәсіптік  практика ұйымдастыру және өткізу Ережелері мен практика базалары ретінде  ұйымдарды айқындау Ережелерін бекіту туралы» №107; 2016ж.28.01 «Білім беру қызметтерін көрсетудің Типтік Шарты мен кәсіптік практика өткізудің Типтік шарты нысандарын бекіту туралы» №93; 2012 жылғы 11 қыркүйектегі «Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы Ережелерді бекіту туралы»  №628 Бұйрықтары; 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы білімін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, 2016-2019 жылдарға Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың  «Денсаулық»  Мемлекеттік Бағдарламасы,  2016-2021 жылдарға  ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК дамытудың  Стратегиялық жоспары, колледж Жарғысы мен кәсіптік  практика мәселелері бойынша  нормативтік-реттеу құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Негізгі міндетттері:

  • студенттерге кәсіптік практиканың барлық кезеңдерінде кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыру және  нығайту бойынша ЕСҰ-мен  жұмыс;
  • студенттер даярлығы сапасын арттыру үшін инновациялық медбикелік  технологияларды қолдану;
  • түлектер даярлығы сапасын бақылаудың әдістемелік және ұйымдастырушылығын қамтамасыз ету;
  • түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында аймақтың практикалық денсаулық сақтау саласының медициналық кадрларға қажеттілігін зерделеу.

Облыстың денсаулық сақтау  басқармасымен базалық  ЕСМ-ң тізбесі жыл сайын  бекітіліп отырылады. Практикалық оқытудың барлық түрлерін жүргізуге  оңтайлы жағдайлар жасау  үшін және колледж оқушыларын оқу-өндірістік және өндірістік практикадан өтуі үшін жеке жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында қала мен облыстың  42 медициналық (дәріханалық) ұйымдарымен өзара ынтымақтастық жасасу жөнінде келісім-шарттар жасалынды. Келісім-шартта  бірлесе істейтін  жұмыс мазмұны мен  нысандары,  облыс пен қаланың емдеу-сауықтыру  мекемелері үшін  мамандар даярлау жөніндегі  өзара талаптар  белгіленді.

Колледжде практикалық  сабақтар өткізу үшін 57 кабинет пен  зертханалар және  емдеу-сауқытру  мекемелерінің  базаларында 10 кабинет   жабдықталынған:

  • Ғ.Сұлтанов атындағы  Павлодар облыстық ауруханасы;
  • Облыстық  балалар ауруханасы;
  • Облыстық онкологиялық диспансері;
  • Облыстық перинаталдық орталығы;
  • Облыстық кардиологиялыққ орталығы;
  • Павлодар қаласының №1 Қалалық ауруханасы;
  • Павлодар қаласының №3 қалалық ауруханасы;
  • Павлодар аудандық поликлиникасы.

Колледждің материалдық-техникалық базасында  замануи талаптарға сай жабдықталған кабинеттер мен зертханалар, 5  компьютерлік сыныбы,  кітапхана оқу залымен,  спорт, тренажер және акті залдары, асхана бар. Кабинеттерде  орта буын медицина қызметкерінің жұмысына қажетті базалық кәсіптік  білімдер,  біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін  жағдайлар жасалынған. Кабинеттердің барлығының ресімделуі болашақ маманның  жұмыс орнына  барынша  жақындатылған.  Әр кабинеттің  паспорты, кабинеттің  жұмыс жоспары және  пән бойынша оқу-әдістемелік  топтамалар  бар. Студенттер үшін  қажетті ақпараттары бар  ақпараттық стенділер  ресімделінген.

Колледж кабинеттері мен зертханалары замануи  аппаратуралар мен және жабдықтармен жарақтандырылған, егде  пациенттер, жас  сәбилер күтімі бойынша, жүрек-өкпе реанимациясы бойынша, жүрек-өкпе  аускультациясы бойынша медициналық  тренажерлер, барлық манипуляциялар мен бағдарламаларды  игеріп алуға мүмкіндік беретін   әмбебап  тренажерлер оқу жоспарларының мақсаттарына, міндеттеріне және  ерекшеліктеріне сәйкесіп, өздігінен жұмыс жасауға қажетті  біліктер мен дағдыларды  қалыптастыруға және  игерге  бағытталған.

Колледж студенттерін клиникалық базаларда жақсы қарсы алып, барлық емдеу – диагностикалық манипуляцияларға қатысуға жіберетінін атап өту керек. Біздің студенттер емделушілерді күтуде елеулі көмек көрсетеді.

 

19 20 21 22

Практикалардың барлық түрі бойынша типтік және жұмыс бағдар-ламалары бар, олардың негізінде оқытушылармен жұмыс бағдарламалары жасалынған. Жұмыс бағдарламаларының мазмұндары оқу жоспарларының мақсаттарына, міндеттеріне, ерекшеліктеріне сәйкесіп, өз бетінше жұмыс істей алуға қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға және шыңдауға бағытталған.

Орта медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығы жұмыс істейді, ол клиникалық дағдыларға оқыту үшін қауіпсіз, сенімді білім беру ортасын қамтамасыз етеді.

МЖМБС талаптарына сәйкес, студенттерді оқыту үшін мамандық бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге көп көңіл бөлінеді.  Колледждегі басты бағыт-пән бойынша құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін және маманның қалыптасуының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылатын студенттерді симуляциялық оқыту болып табылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес медициналық колледж студенттеріне пациенттерге тексеру және манипуляция жүргізу шектеулі, сондықтан манекендерде практикалық дағдыларды игеру ерекше өзектілікке ие болады. Маманды даярлаудың негізгі білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бағалау білім алушылардың білімі мен іскерлігінің деңгейін бағалаудың объективті рәсімдерін, үлгерімнің ағымдағы бақылауын, білім алушылардың аралық аттестаттауын және бітірушілердің қорытынды мемлекеттік аттестациясын қоса отырып, бітірушілердің құзыреттерін әзірлеумен қамтамасыз етіледі.

“Айқындылық”, практикалық дағдыларды бағалау объективтілігі үшін арнайы пәндер оқытушылары негізгі практикалық дағдылар бойынша сараптамалық бақылаудың құрылымдық парақтарын (чек-парақтар) әзірледі. Чек Парақ (сһеск list-бақылау тізімі)-кез келген жұмысты тексеру үшін қажетті бірқатар дәйекті іс-әрекеттерді қамтитын тізім. Тізім тармақтарын белгілей отырып, оқытушы практикалық дағдыларды орындаудың жай-күйі (дұрыстығы) туралы біле алады.

Тәжірибелік дағдыларды игерудің жаңа әдістерін үнемі жетілдіру және іздеу – үздіксіз және шығармашылық үрдіс, оған бір мезгілде студенттер мен оқытушылар белсенді қатысады, соңғы нәтижені жақсартуға – жоғары білікті маман даярлауға бағытталған. Чек-парақтың көмегімен практикалық дағдыны бағалау объективті және тәуелсіз, ал нәтижесі дұрыс және даусыз болып табылады.

Колледж директорының бұйрығы негізінде осы пәндерден сабақ беретін колледждің білікті оқытушылары қатарынан әдістемелік жетекшілері тағайындалады. Практикаларды ұйымдастыру және бақылау үшін практикалық денсаулық сақтау саласының мамандары қатарынан жалпы және тікелей жетекшілері тағайындалады. Практика өту кезіндегі құжаттамалаудың – өндірістік практика мен әдістемелік жетекшінің күнделіктері, сондай-ақ оларды толтыру талаптарының бірыңғай нысандары әзірленді. Практика аяқталысымен практикалық біліктер мен дағдыларға аттестациялау жүргізіледі. Оқытушылар аттестация өткізу үшін бақылау материалдарын әзірлейді.

Диплом алу алдындағы  аттестация нәтижесінің талдауы

Практикалық іскерліктер мен дағдыларды мемлекеттік аттестаттау нәтижелерін талдау мамандарды даярлаудың жақсы деңгейін көрсетеді.

“Емдеу ісі” және “Мейірбике ісі” мамандықтары бойынша қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың практикалық кезеңі ОҚКЕ әдістемесі бойынша оқу симуляциялық орталықта өтеді (объективті құрылымдалған клиникалық емтихан).

Сонымен қатар, колледж оқытушылары шетелдік білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Ынтымақтастық халықаралық конгрестерге, съездерге, конференцияларға, білім беру мен денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға, педагогикалық инновацияларды пайдалануға және білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізуге қатысудан тұрады.

Осыған орай, колледжде:

  • практикалық оқыту бекітілген нормативтік құжаттар мен ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мақсатты және жоспарлы түрде жүргізіледі;
  • колледждің әдістемелік және материалдық-техникалық базасын жетілдіру бойынша жоспарлы мақсатты үрдіс жүргізілуде;
  • медициналық колледжге бекітілген емдеу базаларының саны білім алушылар контингентіне және кәсіптік даярлық бейініне сәйкес келеді;
  • оқу үрдісін ұйымдастыру Денсаулық сақтау жүйесінің орта буын мамандарын даярлаудың оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді.