Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Психолог беті

psih

Сәлеметсіздер ме, сіздер Павлодар медициналық колледжінің практикалық психологі Зеленцова Татьяна Викторовнаның сайтына қош келіпсіздер!
Сіздер осы сайтта психолог жұмысының ерекшеліктерімен, психология негіз-дерін колледжде оқыту жүйесімен таныса аласыздар. Сондай-ақ сайтта оқушылар мен ата-аналар және ұстаздар үшін пайдалы мәліметтер орналасқан.
Егер сіздермен бұл кездесуіміз пайдалы болып, болашақта өнімді ынтымақтасуға себебін тигізсе, онда мен үшін бұл зор қуаныш болар еді.
Қазіргі заманның талабы да зор: ата-аналардан шыдамдылықты, өз балаларына деген махаббатты және ұдайы оларға көңіл бөліп отыруды күтеді, бола қалған барлық сәтсіздіктерді айыптап, аяусыз сынайды. Мұғалім де өз кезегінде, оқыту үрдісі барысында балаларға дауыс көтермеуге және олар туралы жайсыз ойдан аулақ болуға міндетті.
Оқушылардан біз олардың еңбектенуге және оқу оқуға деген ынтасының болуын, оқу орнынан тыс жағдаяттарға қызығушылықтың болмауын және де өзімізде бола бер-мейтін сабырлықты талап етеміз.
Ал психолог болса, жылдар бойы қалыптасып қалған проблемалар мен жағдаяттарды 1 сағат ішінде шеше алатын сыйқыршы іспетті.
Психолог- адамдарға диагноз қойып, тағдырын шешпейді. Психологтың міндеті- кінәліні іздеп табу емес, адам мінезінде келеңсіздіктер болса оны өзгертуге немесе проблемасын шешуге көмектесу. Ол Сіз қиналғанда жаныңызда болып, қол ұшын беруге әрдайым дайын. Бұл – өмірдің барлық кезеңіне дайын жауабы жоқ, алайда кәсіби ақпараты мол адам. Әрине әр жағдаяттың өз ерекшелігі болады.

Страницы: