Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Аудиториядан тыс іс-шара «Фармацевтикалық қамқорлық» дөңгелек үстел

«Фармация» мамандығының 2 курс, 210 тобы

14.02.2015 ж., 12.00

Оқытушылар: Маковская И.А., Григоренко А.Г.

Бұл іс-шара «Фармация» мамандығының студенттері арасында дөңгелек үстел отырысы нысанында өткізілді.

Іс-шараның мақсаты -фармацевт дәріханадағы басты кеңесші болып отырған өзін-өзі емдеу жүйесінің дамуы жағдайында, фармацевтикалық қамқорлықтың ролі туралы студенттердің білімдерін кеңейту және нығайту болды.

Аудиториядан тыс іс-шара тартымды өтті, студенттер фармацевтикалық қамқорлық жүйесін қалыптастырудың маңызы мен жауапкершілігін толықтай түсіне отырып, фармацевтикалық кеңестер көрсетулеріне байланысты өздерінің жағдаяттарын әсерлене талқылады.

Сабақ мақсатына жетті.

 

Страницы: