Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Әлеуметтік әріптестік

Қалыптасқан экономикалық жағдайларда медициналық  колледждің  дамуының  басым бағыттарының бірі  дамыған әлеуметтік әріптестік болып табылады. Колледжде  осы сала бойынша  жинақталған жұмыс  тәжірибесі мол. Медициналық  (дәріханалық ) ұйымдармен-кадрларға тапсырыс берушілермен әлеуметтік әріптестік  біздер үшін  қосымша мүмкіндіктер  ашады: аймақтық еңбек нарығы (еңбек нарығында қандай мамандық  кадрлары және қай мөлшерде қажет етілетіні) туралы ақпараттарға қол жеткізу  жеңілдетілген; колледждегі мамандар даярлау  мазмұны бойынша  жұмыс берушілердің талаптарының есебі  қамтамасыз етіледі;  оқушылар практикасын  ұйымдастыру үшін барынша кеңейтілген  мүмкіндіктер  ашылуда;  колледждің педагогикалық  қызметкер-леріне  қысқа мерзімді  стажировкалар ұйымдастыру үшін  мүмкіндіктер  пайда болуда;  түлектерді  жұмысқа орналастыру  мүмкіндіктері  кеңейтілуде.                                

Павлодар  медициналық жоғары колледжінің  клиникалық базалары ретінде 42 емдеу-сауықтыру, дәріханалық және басқа да медициналық  ұйымдары белгіленді. 

Подробнее...

 

1 2 3 4 5
6 7 8 9 10
11 12 13 14 15

Әлеуметтік әріптестіктің  негізгі міндеттері: 

  1. аймақтағы  денсаулық сақтау  саласының стратегиялық  дамуының негізгі    беталысын ескере отырып, дамып отыратын еңбек нарығын талап етілетін мамандықтардың қажетті кадрларымен қамтамасыз ету;
  2. орта буын  медицина кадрларына сұраныстар мен ұсыныстар  балансын  қамтамасыз ету;
  3. жұмыс берушіден  кері  байланыс алу;
  4. білім беру мекемесі түлектерінің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  5. еңбек нарығында  студенттердің  тез бейімделуі.
  • Колледждің әлеуметтік әріптестерімен  жұмысының  негізгі  нысандары:
  1. шарттық (екі және үш жақты шарттар жасасу  негізіндегі өзара әрекеттің  барлық түрлерін енгізеді);
  2. ұйымдастырушылық (жұмыс берушілерге  ақпараттық  қызметтер көрсету, бірлескен конференциялар, семинарлар, кәсіби шеберлік конкурстарын, жұмыс берушілердің  сұранымдары бойынша біліктілікті арттыру және  мамандарды  қайта даярлау курстарын өткізу және т.б.). 

      Жасалынған  шарттарға сәйкес  облыс пен  Павлодар қаласының емдеу,   босандыру,  дәріханалық  ұйымдары, мекемелері мен  кәсіпорындары практикалық оқу сабақтарын,  жұмыс орындарында оқыту  циклдары мен диплом алғаннан кейінгі оқытудың көшпелі циклдарын  өткізуге  қолданылады.  Олар  аппаратуралары, функционалдық кроваттары, кушеткалары, аспаптары,  таңу материалдары мен медициналық тағайындаулардың  басқа да бұйымдары бар   кабинеттері мен зертханаларын  ұсынады.

Қазіргі  уақытта  облыс пен қаланың  емдеу-сауықтыру  ұйымдарында  ашылған       10 кабинет  жұмыс жасайды:

  1. Ғ. Сұлтанов атындағы  облыстық клиникалық  аурухана;
  2. Облыстық балалар ауруханасы;
  3. Облыстық  жұқпалы аурулар ауруханасы;
  4. Облыстық онкологиялық диспансері;
  5. Облыстық перинаталдық орталығы;
  6. Облыстық наркологиялық орталығы;
  7. Павлодар қ. №1 Қалалық ауруханасы;
  8. Павлодар қ. №3 аурухансы;
  9. Қайырымдылық үйі;
  10. Павлодар аудандық поликлиникасы.

 

           Колледждің  ынтымақтастық  туралы  жасасқан  шарттарының мәні-  ғылыми-әдістемелік жұмыс, кәсіби бағдар  жұмысы саласында  бірлескен жұмыс, өзара қызметтер  көрсету,  колледж студенттеріне  мамандықтары бойынша кәсіптік  қызметтің  барлық  түрлерін олардың игеріп алуы мақсатында  өндірістік  практика ұйымдастыру,  денсаулық сақтау  саласындағы  мамандардың  жалпы және  кәсіптік құзыреттіліктерін  қалыптастыру  болып табылады

16 17 18

 

Студенттер мен  қосымша білім беру  орталығының  тыңдаушылары  үшін оқу сабақтарын өткізуге, сондай-ақ  кәсіптік практикалар жетекшілігіне   практикалық денсаулық сақтау  саласының  жоғары білікті, сауатты  мамандары тартылады.  Диплом алу алдындағы  практикаларды  қорғау,  қорытынды  Мемлекеттік  аттестациялар өткізу  кезінде  студенттердің  білімдерін,  біліктері мен  дағдыларын  бағалауға  бас дәрігерлер,  бөлімше меңгерушілері мен  бас медбикелердің міндетті түрде қатысуы   дәстүрге айналды.  

23 24 35 36

       Кейбір практикалық  дәрігерлер, медбикелер оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдары  мен басқа да  оқу-әдістемелік  материалдарды  рецензиялауға  қатысады.

              2013 жылдан  бастап нақты  профилі бойынша медициналық ұйымдардың  кадрларға қажеттілік тапсырыстары мен 3 жақты: колледж-түлек- медициналық ұйым шарттарын жасасу  жолымен түлекті өткен практика түрімен   соңынан  міндетті түрде жұмысқа орналастыратыны туралы өтінімхаты  негізінде  диплом алу алдындағы практиканы  монопрофильді  түрде өткізу  енгізілді.   

           Жыл сайын студенттер арасында  мамандықтары бойынша өткізілетін «Кәсібі бойынша  үздік»  конкурсына алқа мүшелері  ретінде  практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері шақырылады.  

25 26 27 28

Колледж оқытушылары Павлодар облысының «Саламатты  Павлодар» медицина қызметкерлерінің қауымдастығы» Қоғамдық   бірлестігімен  және  медбикелердің  облыстық кеңесімен  бірлесе отырып  манипуляциялық  техника бойынша  технологиялық стандарттар жасап,  жетілдіріп отырады,  облыс пен қаланың  емдеу мекемелерінің  медицина қызметкерлері арасында  облыстық  кәсіптік  конкурстардың  іріктеу  және   қорытынды турларына қатысады.  

 

37 38 39

 АИВ/ЖИТС,  артериалдық гипертензия, қант диабеті,  туберкулез, нашақорлық  және т.с.с.  медициналық  өзекті мәселелері бойынша  ғылыми-практикалық конференциялар,  семинарлар,  дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізілді.  Колледж студенттері сондай-ақ,  тұмау  індеті кезінде  алдын алу жұмыстарын жүргізуге,  Қайырымдылық үйіндегі, облыстық хоспис,  Балалар үйі,  «Самал» балаларды  оңалту  орталығындағы  науқастар мен қарттарға медбикелік күтім жасай отырып, мұқтаждық  көріп жатқандарға  мейірбандылық,  қайырымдылық  көрсете білуге үйренеді.   Донорлар  күнін өткізуге, «Өзіңнің қан қысымыңды  өлшеп отыр»,  «Мейірбандылық істеуге асығыңдар», «Қамқорлық» және осы сияқты облыстық және қалалық  масштабтағы акцияларға, сонымен бірге  емдеу-сауықтыру  ұйымдарының өмірлеріндегі:  аумақтарды көріктендіру жөніндегі іс-шараларға,  мерекелік  концерттер мен конкурстарға белсене қатысады.

         Колледж оқытушылары  Павлодар облысы бойынша  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Департаментімен  бекітілген  орта  медициналық кәсіптік білім  бар  медицина қызметкерлеріне санаттар  беру жөніндегі  комиссия құрамына  енеді.

          Сонымен бірге,  колледж оқытушылары  шет елдік білім және денсаулық сақтау  мекемелерімен  ынытымақтасу  ісіне қатысады.  Ынтымақтасу  білім мен денсаулық сақтау саласының  өзекті проблемалары бойынша  тәжірибе алмасуға, білім беру үрдісіне  педагогикалық иннвацияларды қолдану және  жаңа  технологияларды  енгізу,   халықаралық  когресстер мен конференцияларға қатысу болып табылады.      

        2 жыл бойы  Омбы облысының  «Медициналық колледжі»  бюджеттік Білім беру  Мекемесімен  ынтымақтасу туралы келісім –шарт жасалынды

19 (2) 20 21 22

          Сондай-ақ Егде жастағы  адамдарға, мүгедектер мен бала жастан мүгедектерге  медициналық көмек көрсетудің  түрлі  қырлары бойынша  ҚР  Қызыл Жарты Ай  Қоғамы филиалымен бірлесе жұмыс жасау жөнінде іс-шаралар   белгіленіп отыр.

        Әлеуметтік  әріптестермен  оқытуға гранттар  бөлінеді: Ғ. Сұлтанов  атындағы  облыстық клиникалық  ауруханасы; №4 және №2 Поликлиникалар; «Агимбеков» ЖК.

        Қазіргі уақытта колледжде  кәсіпорындар есебінен 6 студент оқиды: «Медбикелік іс» мамандығы бойынша: «№4 Поликлиника» ШЖҚ-ғы КМК-4 адам; «№2 Поликлиника» ШЖҚ-ғы КМК -1 адам; «Стоматология» мамандығы бойынша: «Агимбеков» ЖК-1 адам.  

       Жұмыс берушілердің күтілетін және  қанағаттанушылық  мониторингісі  үшін  жыл сайын  колледж түлектері істейтін  медициналық ұйымдарда  сауалнама  өткізіледі.  2015-2016 оқу жылы  16 ЕСҰ-ның  басшылары қатысты. Сауалнама талдауы  нәтижелері бойынша  барлық респонденттердің  бәрі  біздің түлектердің тұтынушылары  болып табылады.  Сауалнама  негізгі бес  аспектіден  тұрады: түлектердің  теориялық білім деңгейі; практикалық құзыреттілігі; кәсіби  қасиеттері;  тұлға аралық  қатысымы;  жеке  қасиеттері.  Барлық емдеу  мекемелері студенттерді практика өту кезінде «жақсы», «өте жақсы»  бағаларға бағалады, «қанағаттанарлық» және одан төмен деп бағалаған бірде бір мекеме болған жоқ.  

         Ұсынылған теориялық білім  сапасына  қанағаттанушылық:

 өте  жақсы деп  жауап бергені -84%,  жақсы-14%,  қанағаттанарлық-2%.

        Сауалнама  нәтижелерін  талдай отырып,  практикалық біліктер мен  дағдыларды қалыптастыруға,  замануи  медбикелік  технологияларды  қолдана білу  білігіне,  шұғыл жағдайларда  шешімдер  қабылдап, жоспарлай білу білігіне,  құжаттамалармен жұмыс жасау дағдыларына  көңіл аудару қажет.

Колледж түлектерінің  даярлық сапасына  қанағаттанушылық -88% құрады. 

 

335k

Осы іс-шаралардың барлығы теориялық  оқыту үрдісінде   студенттерге алған білімдерін  тереңдетуге,  мамандықтары бойынша  қажетті  біліктер мен дағдыларды  қалыптастыруға,  еңбек ұжымында  біліктілік талаптарға  сәйкес ұйымдастырушылық  қызмет  дағдыларын алуға мүмкіндік береді  

 

Страницы: