Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

АҚ ж ТЖ

Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар қызметі  (АҚ, ТЖ) – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны. Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар  қызметі —жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. туралы  мемлекеттің маңызды әрекеттерінің бірі болып табылады. Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар қызметі бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

АҚ,ТЖ қызметінің  оқу орнындағы  негізгі міндеттері:

  • бейбіт және  соғыс уақытында  ТЖ қызметі қызметкерлер мен оқушыларды  қорғау   саласындағы  қажетті  шараларды жоспарлау және  жүзеге асыру
  • ТЖ  оқу орнының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру бойынша іс-шараларды жоспарлау  және өткізу;
  • ТЖ алдын алу және жою бойынша күштер мен құралдарды қолдануға дайындау және дайындықта ұстау, құруды қамтамасыз ету;
  • оқушылар мен қызметкерлерді ТЖ қызметінің әрекеттері мен қорғану  тәсілдеріне үйрету;
  • хабардар етудің жергілікті жүйесін құру және ұдайы әзірлікте ұстау;
  • төтенше жағдайларды ескерту және жоюдың  жоспарларына сәйкес, апаттық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету. 
Страницы: