Ақпарат

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК  медбикелік  білімді  жаңғыртуды іске асыру  бойынша ақпарат

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мейірбикелік білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі Жол картасы шеңберінде ШЖҚ “Павлодар медициналық жоғары колледжі” КМК (бұдан әрі – Колледж) Жоғары Мейірбике Колледжі болып қайта құру бойынша еліміздің 6 пилоттық медициналық колледждерінің қатарына кірді.

2016 жылғы 5 шілдеде Павлодар колледжі «Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шараушылық жүргізу құқығындағы “Павлодар медициналық колледжі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы «Павлодар облысы әкімдігінің №223/5 қаулысына сәйкес, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК болып қайта аталды.

“Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі №647 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 29 маусымдағы № 471 бұйрығымен «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша МЖБС бекітілді.

2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша білім беруді бақылау департаментінің №1-03 / 441 бұйрығына сәйкес «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша білім беру қызметіне лицензия алынды.

2018 жылдың ақпан айында “Мейірбике ісі” мамандығы бойынша “Қолданбалы бакалавр” біліктілігімен 47 адам, оның ішінде 24 жедел білім беру траекториясы бойынша бірінші шығарылымы жүзеге асырылды.

2018 жылдың тамыз айында “Мейірбике ісі” мамандығы бойынша “Қолданбалы бакалавр” біліктілігімен 98 адам қабылданды, оның ішінде оқыту мерзімі 3,6 жыл, 50 адам мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша.

Мейірбикелер үшін жаңа міндеттер мыналар болып табылады: жекелеген адамдар мен отбасыларды өзіне-өзі көмек көрсету және ұрпақты болу денсаулығын сақтау және нығайту тәсілдеріне үйрету, оларға созылмалы аурулармен күресуде көмек көрсету, аса қауіпті ауруға ұшыраған адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында барлық деңгейдегі медициналық қызметтерді түрлендіру.

Мейірбике практикасын үздіксіз жетілдіру және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мейірбике мамандығын алғысы келетіндерге оқытудың сапасы мен барабарлығын тиісті арттыруды, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген медбикелердің біліктілігін үздіксіз арттыруды талап етеді.

Құзыреттілік

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен оқу бағдарламасы бойынша білім алушылар келесі құзыреттіліктерін меңгеруі тиіс:

Базалық құзыреттіліктер:
1-БҚ Оқыту: жеке және топта ақпаратты басқару, сын тұрғысынан ойлау және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданып, мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілеті.
2-БҚ Кәсіптік: кәсіби этикалық қағидаттарға және құпиялық қағидаттарға бейімделгенін көрсетеді, құқықтық және ұйымдастырушылық нормаларын сақтайды, оңтайлы жұмыс ортасын қолдауға жауап береді, жалпы қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталады, өз әрекеттеріне және соңғы нәтижеге жауапкершілік тартады.
3-БҚ Қарым-қатынастар: түрлі адамдармен түрлі жағдайларда технология- лардың кең ауқымын қолданып тиімді өзара қарым-қатынас жасауға қабілетті.
4-БҚ Инновациялар: түрлі міндеттер мен проблемаларды жеке және топпен шығармашылықпен шешуге қабілетті, қызметінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыру үшін заманауи технологияларды қолдану және енгізу.
Кәсіби құзыреттіліктер:
1-КҚ Клиникалық мейіргерлік іс: емделушіге орталықтандырылған қауіпсіз күтімді жүзеге асыруға, тәуелсіз шешімдер үшін, қызметшілердің әрекеті мен басқаруға жауапкершілікті қабылдауға қабілетті.
2-КҚ Ғылыми амал және дәлелді мейіргерлік тәжірибе: мейіргерлік істе ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады, зерттеулер нәтижесін ұсынады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
3-КҚ Менеджмент және сапа: өзінің дербес әрекеттеріне және команданың жұмысына жауапкершілік танытады; барлық жағдайларда тиімді мамандық аралық қызметке және сапа қағидаттарына бейімделген.
4-КҚ Денсаулықты нығайту: салауатты өмір салтына ықпал етудің әдістері мен стратегияларының және жеке/ отбасылық/ көпшілік деңгейлерде дербес күтім жасаудың кең ауқымын меңгерген.
5-КҚ Оқыту және басшылық: мейіргерлік істе түрлі емделушілер мен топтарды оқыту үшін әдістер мен материалдардың кең ауқымын меңгерген.

 

Коңыраулар кестесі

ҚОҢЫРАУЛАР КЕСТЕСІ

I жұп сабағы 8.00 – 8.50

VI жұп сабағы 13.05 – 13.55

II жұп сабағы 8.55 – 9.45

VII жұп сабағы 14.00 – 14.50

III жұп сабағы 9.50 – 10.40

VIII жұп сабағы 14.55 – 15.45

IV жұп сабағы 10.45 – 11.35

IX жұп сабағы 15.50- 16.40

V жұп сабағы 12.10 – 13.00

Резюме

Қазақстан Республикасының Жоғары медициналық  колледждерінің клиникалық базалары- практикалық денсаулық сақтау  саласы ұйымдарында  медбикелік қызметтің жаңа үлгісін енгізу бойнша  Пилоттық Жоба  басталды

2017 жылғы 9 –шы тамыздан бастап  ҚР  практикалық денсаулық сақтау  ұйымдарында, ҚР  Денсаулық сақтау  министрлігінің  бастамасымен  медбикелік  қызметті басқарудың  жаңа жүйесін  құруға бағытталған  Пилоттық Жоба  басталды.

Пилоттық  жобаның мақсаты

Жоғары медициналық колледждердің клиникалық базалары- практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында медбикелік кәсіптің тиісті халықаралық талаптары негізінде  медбикелік қызметтің жаңа  үлгісін әзірлеу және  енгізу.

Жобаны   жүзеге асыру жөніндегі  жұмыс тобының  құрамынан енгендер:  халықаралық консультант Йоханна Хейккила (JAMK, Финляндия), «ҚР  медициналық колледждер  одағы» басқармасының төрағасы, РДДО өкілдері  Жоғары медициналық колледждердің директорлары, ҚР практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері (Парыз  РОО  бірлестігінің  президенті, JCI  халықаралық аккредиттеуден  өткен тәжірибесі бар, республикалық клиникалар директорларының  медбикелік  іс бойынша орынбасарлары)  пилоттық  медициналық ұйымдардың  басшылары.

Медбикелік қызметтің жаңа үлгісін  енгізу үшін жеті  аймақтан  29 пилоттық  медициналық ұйымдары  бекітілді:  ққ. Астана, Алматы, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан , Онтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары

ҚР –ғы  медбикелердің  кәсіптік практика  көлемі мен  облыстағы ағымдағы және  келешектегі  жағдайын  анықтау мақсатында  әлеуметтік зерттеу жүргізілді, барлығы  641 респонденттер сұралды  (19 медицина ұйымдарының басшылары, медбикелік іс бойынша -24 орынбасары, емдеу ісі бойынша -30 орынбасары, 231- бөлімше меңгерушілері, 337- аға медбикелер).

Медбикелердің түрлі деңгейлерде білім беретін  кәсіптік  практикасының  11 облысы  анықталды:

1) медбикелік  бағалау және  күтім жоспары; 2) дәрігерлерден медбикелерге  тапсырыстар /делегирлеу/; 3) пациенттерге және  олардың  отбасына басшылық жасау және үйрету; 4) денсаулық сақтау  мамандары командасында үйлестіру және коммуникация; 5) күтім сапасы және   пациенттің қауіпсіздігі; 6) денсаулықты  нығайту және  алдын алу;                             7) медбикелік дәлелдік практикасы; 8) кәсіби шеберілк; 9) білімді жаңарту; 10) тәлімгерлік/менторлік және супервизия; 11)ҚР  практикалық денсаулық сақтау ұйымдарына  енгізуге арналған  көшбасшылық және басқару.

Кейіннен пилоттық жобаның әрбір міндеті бойынша  қысқаша  резюме  берілетін болады.