Волонтерлік, үйірмелер

 Кез-келген адам волонтер бола алады.

 Ең бастысы болу керек – адамдарға деген махаббат,

мейірімді жүрек және  аздаған бос  уақыт.  

 

Белсенді  өмір қағидасы, өзара әрекет ету  білігі, мәліметтер алу және беру-  осының бәрі  табысты жұмыс жасауы  үшін волонтерде болуы қажет.

 

Волонтерлердің  қағидалары:

  1. Сенің қолдауыңа мұқтаж адамды  тап, оған көмектес.
  2. Өзіңнің  және айналадағылардың әрекеті үшін өзіңдегі пайдалы  қасиетіңді  аш
  3. Есіңде болсын, сенің   күшің мен құндылығың- ол сенің денсаулығың.

Волонтер жұмысының  ережелері:

  1. Егер сен волонтер болсаң, онда  жалқаулықпен  айналадағыларға байқам  қарауды ұмыт.
  2. Өз ойыңды жүзеге асыра біл.
  3. Басқалардың  пікірін  құрметте.
  4. Сынайды екенсің- ұсыныстар бер, ұсынады екенсің- орында!
  5. Орындаймын деп сөз берсең-  міндетті түрде орында!
  6. Істей білмесең- үйрен!
  7. Мақсатыңа  жетуде табандылық көрсет.
  8. Салауатты өмір салтын ұстан!  Сенің өмірің- басқаларға үлгі
 
Волонтерлік қозғалы:

ВОЛОНТЁРЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ «Тоқта: ЖИТС»

Сегодня Международный день борьбы со СПИДом - Министерство з…

«Қызыл лента-ЖИТС-пен күрестің  жалпыға танымал  белгісі. Кеудеге қызыл лентаны тағып алып, біз АИВ/ЖИТС- проблемасын  шешуге  ықыласымызды білдіріп,  осы індттің құрбаны болғандармен ынтымақтастығымызды білдіреміз.

Мақсаты: АИВ –студенттер бойына қауіпсіздік  мінез-құлқын және  салауатты өмір салты қажеттілігін  дарыта отырып тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • АИА/ЖИТС өзектілігі мен  проблемасының маңыздылығын  көрсету
  • Жастарға АИВ/ЖИТС туралы  нақтылы   мәліметтерді жеткізу
  • Өз денсаулығына, қоғам саулығына деген  саналы қатысымды  қалыптастыруға  көмектесу
  • Студенттер бойына моральдық- қажырлық  қасиетттерін тәрбиелеу,  өздігінен білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге  қызығушылықты дамыту.

Жетекшілері: Макабаева Д.К.,

 

ВОЛОНТЁРЛІК ҚОЗҒАЛЫС «Қайырымдылық»

Муниципальный район Безенчукский: На территории Безенчукского района продолжается акция

Өзің үшін  және басқалар үшін өмір сүрумен бірге,барлығымен және  бәрі үшін өмір сүру керек.

Мақсаты:

  • Медициналық-әлеуметтік  қолдау мен көмек  ұйымдастыру
  • Пациенттің денсаулық жағдайын  қадағалау
  • Пациенттің туысқандарына  күту бойынша практикалық  дағдыларын үйрету
  • Өзінің  біліктілігі мен  кәсіби шеберлігін арттыру
  • Жастарды  әлеуметтік-маңызды қызметке тарту.

Міндетттері:

  • Адамдарға деген қайырымдылық, аяушылық және  құрметтеу сияқты  ізігі қасиеттерді  бекіту
  • Жалғыз ілікті адамдар мен  қарт адамдар өмірінің сапасын жақсарту және белсенділігін  ұзарту
  • Қарт адамдарға   отбасы мүшелері мен  қоғамның  дүрыс қатысымын қалыптастыру
  • Медбикелік  үрдісті  қолдану және оның барлық кезеңдерін құжаттамалау.

Волонтерлер адамдарға өздерінің жан жылуы мен  мейірімділіктерін  дарытады.  Өйткені қарт адамдар  тек қана медициналық көмекке ғана емес,  бірінші кезекте  сауатты  білікті күтімді қажет етеді.

Павлодар медициналық колледжінің волонтерлері  «Қайырымдылық үйімен» тығыз байланыс жасап отырады.

Жетекшісі: Сейсекенова А.К

ВОЛОНТЁРЛІК ҚОЗҒАЛЫС «АҚ ТҮЙМЕДАҚ »

545544

АҚ ТҮЙМЕДАҚ таза тыныс пен сау өкпе  символы.

 

МАҚСАТТАРЫ:

  •  Салауатты өмір салтын насихаттау
  • Жастарды  туберкулез туралы нақтылы  мәліметтермен хабардар ету

МІНДЕТТЕРІ:

  • Туберкулездің  пайда  болу, дамуы және алдын алу мәселелері бойынша  мәліметтер деңгейін  арттыру; осы проблеманың  өзектілігі мен мәнін  ашып көрсету.
  • Өз денсаулығына, туыстары мен жақындарының  денсаулығына  деген жауаптылық  сезімдерін  тәрбиелеу
  • Колледж бен  мектеп оқкшылары арасында ағартушылық жұмыс  жүргізу.

ЖЕТЕКШІЛЕРІ: Сейсембекова  М.Е., Кожанова М.Ж.

ҮЙІРМЕЛЕР:

«Психология» үйірмесі

Студенттік үйірменің басты мақсаты – студенттердің ғылыми және кәсіптік даярлық деңгейін арттыруға көмектесу, дарынды жастарды айқындау және қолдау.

 

Үйірменің міндеттері:

  • -медицина қызметкерінің кәсібі мен жеке өміріндегі психологиялық білімдердің маңыздылығын түсіну;
  • -психологияның замануи жетістіктерімен танысу;
  • -психологиялық білімдер мен дағдыларды дамыту;
  • -студенттер бойына психологиялық білімдерге деген қажеттілік пен қызығушылықты қалыптастыру;
  • -шығармашылық ойлай білуді, ғылыми дербестікті дамыту.
  •  
  • Жетекшілері: Боровикова Н.В.

«Ақпараттық технологиялар» үйірмесі

Мақсаттары:

  • * Студенттердің шығармашылық және танымдық әрекетін дамыту
  • * Зерттеушілік жұмысқа деген қызығушылықты дарыту
  • * Оқушылардың замануи ақпараттық технологияларды зерделеуге және ғылым жаңалықтарын қадағалап отыруға деген қызығушылықтарын неғұрлым толық түрде іске асырып отыру
  • * Студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту
  • * Оқу- тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану үшін жағдайлар жасау.
  • * Информатиканың негізгі түсініктері мен терминологиясын игеру.

Міндеттері:

  • * Өз қызығушылығын іске асыру мүмкіндігін ұсыну
  • * Компьютерде жұмыс жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру
  • * Өз әрекетін жоспарлау білігін қалыптастыру.
  •  
  • Жетекшілері: Нурбаев Н.К.

Стоматологиялық үйірме «Dens»

Мақсаты:студенттерді іздестіру-зерттеу жұмысына тарту, салауатты өмір салты негіздерін дарыту және  тұлғаның  ішкі ресурстарын дамыту.

Міндеттері:

  1. Ауыз қуысы ауруларының және жақ-бет  ақаулары мен деформацияларын алдын алу жөніндегі  білімдерді  кеңейту және  тереңдету.
  2. Студенттерді  протездеу және имплантологияның, емдеудің инновациялық  әдістерімен таныстыру
  3. Студенттердің  жадын, қисынды ойлай білу дағдыларын және арнайы әдебиетпен  жұмыс жасай білу біліктерін  дамыту.

Үйірме жетекшілері: Бенке О.А., Нурумбетов Т.Ш.

«ӘДІЛЕТ» үйірмесі

«Әділет» үйірменің максаты: Адамгершілікті, әлеуметтік белсенділікті, дербес зияткерлікті жеке шығармашылықты тәрбиелеу

Міндеттері:

  • Студенттердің құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
  • Әлеуметтік құқықтық нормаларды және тиісті жасына, өзін өзі ұстау тәртіптерімен таныстыру;
  • Студенттердің ұлттық және нәсілдік белгілері мен жыныстың және жастық, сырт келбеті мен жетістектіліктеріне сыйластықпен  және шыдамшылықпен қорауды тәрбиелеу;
  • Өз – өзін сыйлау, өз ойы білдіре алу, дау-жонжалдардың тату шешімін таба білу, біліктерін қалыптастыру;
  • Студентердің орында және отбасында әлеуметтік-құқықтық қауіпсіздік деңгейін көтеру.
  • Жетекшілері: Ксембаева Д.М.

Үйірме «Өлкетанушы»

Мақсаты:

  • Туған өлке туралы бекем білімді қалыптастыруға қол жеткізу;
  • Студенттердің жан-жақтылығын кеңейту;
  • Өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық позицисын қалыптастыру;
  • Отансүйгіштік пен патриотизмді тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Студенттердің танымдық қызығушылық деңгейін көтеру, тәжирибиелік және интелектуалдық білімі мен біліктілікті дамыту мен қалыптастыру;
  • Ізденістік және зерттеушілік сапасын дамыту;
  • Өлкетану Қазақстан тарихы және класс сағатарында тәрбиелік мақсаттарда жүзеге асады

Жетекшілері: Нуркенова А.К.

SANUS MOM – SANUM INFANTEM үйірмесі

Үйірме ұраны:Дені сау ана – дені сац бала!

 

Соңғы жылдары ана мен сәбилердің өлімшілігі төмендей бастады. Сондада, дамыған елдермен салыстырғанда, бұл көрсеткіштер әлі де жоғары.

Баяғыша, ана өлімшілігінің себептерінде бірінші орын алатын әйелдің экстрагениталдық аурулары.

 

Мақсаты: Денсаулықты нығайту жолында аурулардың алдын алу және әйелдердің сауықтыру ортасын ұйымдастыру.

 

Міндеттері:

  1. Студенттердің физикалық, психологиялық және әлеуметтік потенциалық жүзеге асыру, намыс сезімін жоғарлату жолында мүмкіндіктерді тудыру.
  2. Білім алуын және өмір дағдыларына үйренуді қамтамасыз ету.
  3. Студенттердің денсаулығы үшін және жұмыспен оқу уақытында керекті қауіпсіздік шараларын тудыру жолында жағымды ортаны қалыптастандыру.
  4. Өзінің және жанындағы адамдардың денсаулығын сақтау жолында жауапкершілік сезімін ояту.
  5. Студенттер мен колледж қызметкерлерінде сауатты өмір салтын құрастыру жолында практикалық мүмкіндіктерді тудыру.
  6. Студенттер мен колледж қызметкерлер арасында жағымды қарым-қатынас пайда болуына әсер ету. 

Жетекшілері:Ажаева А.С., Темирболатова Т.М.

Үйірме «Жасыл дәріхана»

 

1

«ДӘРІГЕР ЕМДЕЙДІ — ТАБИҒАТ САУЫҚТЫРАДЫ(. 

(«Medicuscuratmordos,naturasanat»)

(Гиппократ)

Мақсаты: фитотерапия саласындағы  білімдерді, біліктер мен біліктерді игеру.

Міндеттері:

  • ► Фиточай, фитоингаляция, фитокосметика, аромакулондар  жасауды  үйрету.

«Жасыл дәріхана»  үйірмесіндегі  сабақ  түрлі нысандарда  ұйымдастырылады;  академиялық (ребустар, кроссвордтар, проблемалық мәселелер, ойындар және т.б. түріндегі сабақтару), практикалық — зертханалық, практикалық-далалық (экскурсия түрінде  табиғат аясына шығу).

  • Жетекшілері: Пфенинг Г.Д.

Үйірме «Корреспондент»

 

Ақпарат  маңызды, өйткені баршаңызға – заңгерге,

тоқымашыға, статист пен дәрігерге де қажет.

Үйірме мақсаты: өздік жұмыс, жобалық-зерттеу жұмысының дағдыларына, интернеттің ақпараттық кеңістігінде  бағдарлана алатын, өз мақсатына жету үшін, әзірлеген web – ресурстарды қолдана алатын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.

Үйірме міндеттері:

  1. Зерттеу жұмысы бойынша білімдерін, дағдыларын қалыптастыру, қажетті ақпаратты, фактілерді жинақтай білуге үйрету. 
  2. Әр түрлі көзқарастан ақпаратты талдай білуге, болжам жығаруға, қорытынды мен  тұжырым жасауға үйрету.
  3. Студенттердің өздік ғылыми ізденіс мотивациясын көтеру.
  4. Студенттерді ғылыми зеерттеу жұмысының заманауи әдістерімен таныстыру.

Бағдарламаны зерделеу барысында студенттер келесі білім, ептілік, әрекет тәсілдерін иелену қажет: 

  • -топта  тиімді тәсілдермен жұмыс істей білу.
  • -құрастырылған жобаны ұжыммен әзірлеу тәжірибесін және оны  көпшілік алдында қорғай білу.
  • -ақпаратты қорғау шараларын практикада қолдана отырып интернеттен қажетті ақпаратты таба білу.

Жетекшісі: Абилшаикова Асем Зайниденовна

Үйірме «Салауатты өмір салты»

Үйірменің мақсаты:

  • Валеология  пәнін зерделеуге көмектесу
  • Студенттерге өз денсаулығына деген  ұқыптылық  қатысымды  қалыптастыру
  • Салауатты өмір салтын  насихаттау
  • Мiндеттерi:
  • Колледж студенттері мен қызметкерлері  арасында   денсаулыққа деген  құндылық қатысымын қалыптастыру
  • Студенттердің хабардар болуын қамтамасыз ету,  зерттеу  біліктері мен дағдыларын  үйрету,  қажетті  ақпараттар мен  фактілерді жинау
  • Түрлі көзқарастардағы ақпараттарды талдау, қорытындысы мен  нәтижелерін шығару біліктерін үйрету
  • Студенттерге ғылыми  көзқарастар қалыптастыру
  • Студенттердің өз бетінше ғылыми ізденістері мотивациясын арттыру
  • Адамдардың денсаулығын  сақтауға бағытталған  гигиеналық ережелермен таныстыру

Жетекшісі: Хасенова М.Т.

Үйірме «Адам және табиғат»

«Табиғаттың достары  бар. Олар-біз, сен және мен.  Табиғатпен  үйлесе өмір сүр»

 

Мақсаты:

  • -Студенттер бойына экологиялық көзқарас қалыптастыру
  • -адам- табиғаттың ажырамас бөлігі
  • -табиғат- біртұтас және  көпсалалы
  • -адам табиғатты  сақтауға жауапты
  • -адам  айналасындағы әлеммен үйлесе өмір сүруді үйренуі қажет.

Міндеттері:

  • ► туған өлке табиғатымен таныстыру
  • ► табиғатпен қатысым жасау арқылы  оның  барлық кезеңдегі сұлулығын  көріп, сүйе білуді үйрену
  • ► студенттер бойына табиғатты қорғау  қажеттілігі  санасын  қалыптастыру 
  • ►табиғатты  аялай білуді тәрбиелеу
  • ►бағылағыштық, қиялдау, шығармашылық бастау сияқты қасиеттерді  дамыту

Жетекшісі: Байгулова Шолпан Шакаримовна

Үйірме «Эскулап»

http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=53e3d6ab32187a71da204239918253cc-83-144&n=21

Денсаулық-адамзаттың баға жетпес байлығы.

Гиппократ

 

Мақсаты: емделушілерге өз денсаулығы жағдайына өзін-өзі  бақылау жасау жөніндегі  біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, денсаулыққа әсер ететін  себептермен факторларды  талдау

Міндетттері

  • ► Артериалдық  гипертония туралы жұртшылықтың  хабардар болу деңгейін  арттыру және айқындау
  • ► Артериалдық гипертония ауруының себептерін, талдау жасай отырып  зерттеу.

Үйірме жетекшісі: Лебедева Ирина Викторовна

 

Үйірме «Қазына»

Мақсаты:

  1. Қазақ халқының салт- дәстүрлерімен танысу.
  2. Оқушылардың  қазақтың салт- дәстүрлеріне деген ынта- қабілеттерін дамыту.
  3. Қазақ халқының салты мен дәстүрін қадір тұтып, бағалауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Ою-өрнек түрлерімен танысу.
  2. Зерттеу дағдыларын дамыту.
  3. Қолөнер шеберліктерін жетілдіру.
  • Жетекшілері: Смаилова Л.К.

Үйірме «Скальпель»

Мақсаты: студенттердің жалпы және  кәсіптік  құзыреттері  деңгейін  арттыру,  хирургия саласында тереңдетілген білімдер алу

Міндеттері:

  • ►Танымдық қызығушылық пен  өздік жұмыс  дағдыларын қалыптастыру
  • ►Хирургияны оқытудың  негізгі бағдарламасына  енбейтін мәселелері бойынша  студенттерге факультативтік  даярлық
  • ►Шығармашылық ойлау дағдыларын  дамыту,  тақырыптар бойынша  басты мәселелерді зерделеу
  • ►Хирургиядағы  емдеудің инновациялық  әдістерімен танысу және  зерделеу
  • ►Жиі кездесетін ауыр  ауруларды  тереңдете зерделеу  және оларды емдеуде орта буын медицина  қызметкерлерінің әрекеті

Іс-шараларды өткізу  нысандары:

  • ►Салауатты өмір салты бойынша  тренингілер  өткізу
  • ►Ақпарат
  • ►Ақпарат – дайджест
  • ►Пресс – конференция
  • ►Жас білгірлер клубы
  • ►Дарындар  аукционы
  • ►Емделушілерге күтім жүргізу
  • ►Мастер-класс

 

Үйірме  жетекшілері: Тусупов Тимур Акылбаевич, Байгожина Ж.Б.

Үйірме «Адам және ғылым»

Мақсаты: Оқушылардың экологиялық мәдениетінің, экологиялық білімдерінің  қалыптасуы, оларды табиғатты қорғау ісіне тарту

Міндеттері:

  1. Оқытушылардың экология  саласында теориялық білімдерін тереңдету;
  2. студенттердің қоршаған ортаны қорғау және зерттеу бойынша ауқымды және түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтамасыз ету
  3. Студенттер арасында білімдері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында коммуникативтік дағдыларын дамыту 
  • Жетекшілері: Мапитов Н.Б.

Үйірме «Феникс»

ФениксМақсаты: Репродукциялық денсаулық сұрақтары бойынша жасөспірімдердің ақпараттылығы.

Міндеттері:

  • Жанұяны жоспарлаудың заманауи әдістерін зерттеу.
  • Бедеу неке сұрақтары бойынша білімді  қеңейту және жетілдіру.
  • Студенттердің ақпараттылығын қамтамасыз ету, зерттеу жұмысын жүргізуде икемділіктер мен дағдыларды үйрету.

Жетекшілер: Айтпаева А.С, Омарбекова А.Д, Рахимжанова Р.Р

Үйірме «Анатом»

АнатомҮйірменің мақсаты:

  • Анатомия пәнін зерттеу;
  • Студенттердің өз денсаулығына ұқыпты қарау;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау.

Міндеттер:

  • Денсаулыққа ұқыптылықпен қарау қасиеттерін қалыптастыру студенттер және колледж қызметкерлеріне;
  • Студенттердің хабардар болуын қамтамасыз ету, оқу біліктілігіне, ақпаратты, фактілерді жинауға үйрету;
  • Қамтамасыз ету дағдыларына талдау ақпарат әртурлі көз қарас ұсынуға гипотезалар қортындылар жасауға және қортындауға уйрету;
  • Студенттердің ғылыми наным-сенімін қалыптастыру;
  • Студенттердің, өз бетінше ізденіске деген мотивациясын арттыру;
  • Гигиеналық ережелерге, адам денсаулығын сақтауға бағытталған шаралармен таныстыру.
  • Үйірме жетекшісі: Нурмагамбетова Г.Р.
Үйірме «Микробиолог»
  • микробиологМақсаты: Студеттерді іздеу жұмыстарына тарту, салауатты өмір салтын еңгізу және жеке тұлғаның ішкі ресурстарын дамыту.

    Міндеті:

                    1.Жұқпалы арулардың алдын алу бойынша білімін тереңдету және кеңейту.

                    2.Студенттерді жұқпалы аурулардың зерханалық әдістерімен таныстыру.

                    3.Жадты, логикалық ойлауды(талдау, салыстыру) және арнайы әдебиетпен жұмыс қабілетін дамыту.

    Үйірме жетекшісі: Алимуханова Б.Н. 

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Результаты