1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған “Тұғыры биік – Тәуелсіздік” атты аудиториядан тыс іс-шара

2021 жылғы 13 желтоқсанда Павлодар медициналық жоғары колледжінің акт залында Алматы қаласында болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған “Тұғыры биік – Тәуелсіздік” атты аудиториядан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның қонағы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының драма әртісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Шәнім Бейбіт Кәрімұлы болды.

 Б.К.Шәнім осы оқиға туралы білім алушылармен өз естеліктерімен бөлісті, митинг қалай өткенін және оның қайғылы салдарын айтып берді. Сонымен қатар, Колледж әкімшілігін, оқытушылар құрамы мен білім алушыларды келе жатқан ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 “Емдеу ісі” мамандығы 110 тобының білім алушылары КСРО-ның ыдырауы мен Қазақстанның тәуелсіздік алуын алдын ала анықтаған оқиғалардың тарихи рөлін еске түсіріп, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы көрініс қойды.

WhatsApp Image 2021-12-21 at 14.38.15
WhatsApp Image 2021-12-21 at 14.38.16