2023 жылғы 11 мамыр күні «Акушерлік іс» мамандығы 110 және «Мейіргер ісі» мамандығының 160 топтарының білім алушылары Павлодар облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығында Ашық есіктер күніне қатысты, іс-шара ҚР Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орайластырылды.

Іс-шара барысында білім алушылар Апаттар медицинасы орталығының жұмысы туралы біліп, техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларда жедел әрекет ету бойынша ұсыныстар алды.
Колисниченко Игорь Виниаминович – Павлодар облысы Апаттар медицинасы орталығының дәрігері, төтенше жағдайлар кезінде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған реанимобильді, төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету іс-шараларын көрсетті.