Павлодар медициналық жоғары колледж кітапханасы Павлодар қаласының мүгедектер және қарттар үйіне барып «Ата – бабадан қалған сүйікті әдеп пен әдет» деген атаумен әңгіме сағатын өткізді.

Павлодар медициналық жоғары колледж кітапханасы Павлодар қаласының мүгедектер және қарттар үйіне барып «Ата – бабадан қалған сүйікті әдеп пен әдет» деген атаумен әңгіме сағатын өткізді.
Мақсаты: Ата-баба құндылықтарын еске алу арқылы елге, жерге, қоршаған ортаға деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру. Кітапқа, білімге, өз-өзін дамытуға деген ой-қабілетін арттыру. Жылы-шырайлы әңгіме барысында өмірге деген құштарлықты белсендіру, көңілге жайлы әсер, жақсы ахуал тудыруға ықпал жасау.
Ата-баба, ұлттық салт-дәстүр қандай жаста, қай жерде болмасын өз құндылығын жоғалтпайдын жоғары қоятын дүниелердің бірі. Қандай жағдай болмасын адамның ой-өрісі дамуы мүмкін екені анық… Қарттар үйінің кітапханасындағы кездесу барысында сол жердегі қызмет алушылардың кітапқа деген қызығушылығы, өмірге деген құштарлығы өшпегенін, әлі де өмірдің талай қызықтары бар екені, сол қызықтарды көре алатынына үміті мен сенімі бар адамдарды көріп көңілге жақсы сезім ұялады. Таныстыруға апарған кітаптардан өздеріне таныс әдет-ғұрып пен салттарды бір-бірімен жарыса айтып, берілген ақпаратты қызыға тыңдап, өз пікірлерімен бөлісті. Поэзияға жаны жақын адамдар да табылып, атақты ақын қызымыз Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін сүйсіне тыңдады. Кездесулер өз жалғасын табатыны сөзсіз…