2023 жылдың 17 мамыры күні Павлодар медициналық жоғары колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында ««Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі»» атты әдеби печа-куча – оқиға арқылы ақпарат жеткізу әдісін қолдану бойынша іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқырмандарға кітаптың құндылығы туралы ақпарат жеткізу арқылы кітапқа қызығушылығын арттыру. Заманауи бағдарламалар мен әдіс-тәсілдерді үйренуге талпыныс тудыру. Студенттерді жаңашылыққа белсендіру.
Печа-куча презентациялар форматы Жапон елінде, 2003 жылы Токио қаласында пайда болып, әлемде аз уақыт ішінде кеңінен таралып кеткен әдіс. Бұл тәсілді архитекторлар Астрид Кляйн мен Марк Дитхам ойлап шығарған. «Печа – куча» ерікті түрде тартымды өтетін әңгіме деген ұғымды білдіреді. Жайлы, еш қиындықсыз жеңіл өтуге тиісті презентация. 20 секундттың ішінде 20 слайд арқылы әр қатысушы өз бизнес- жобаларын ашып ұсынуға тиісті болды.
Қатысушылар: Мақаш Мерғалым, Зеркен Махаббат, Бапыш Динара, Фергалюк Валентина, Қыдырбай Сұңқар, Гудименко Владимир мен Архип Пархоменко дайындаған жобаларын қызықты түрде жеткізе білді. «Көрермен таңдаған жоба» – Бапыш Динара, «Үлгілі жоба» – Зеркен Мархаббат, «Ең тиімді жоба» – Фергалюк Валентина, «Үздік жоба» – Қыдырбай Сұңқарбек, «Креативті жоба» – Гудименко Владимир мен Пархоменко Архиптың біріккен жоба деген номинацияларға ие болып, көрермен пікірлері де назардан тыс қалмай бойынша қызу әңгімеге «Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі» тақырыбы арқау болды. Іс-шара жаңалыққа, пайдалы ұсынысқа, жақсы әсерге толы болып өтті.