Версия для слабовидящих
2023 жылдың 24 мамырында Ertis Promenade жағалауы алаңында студент жастар арасында “Өзіңе көмектес” атты алғашқы көмек көрсету бойынша квест-жарыс өтті.
Іс-шара Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай ұйымының 85- жылдығына орайластырылған. Жарысты ұйымдастырушы Қызыл Жарты Ай Павлодар Коммерциялық емес ұйымы.
Қаланың 7 колледжінің білім алушылары қатысты. Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасы 1 орын алды. ПМЖК командасының мүшелері-130 тобы “Емдеу ісі” мен 230 тобы “Мейіргер ісі” мамандықтарының білім алушылары. Білім алушыларды “Қайырымдылық” волонтерлер қозғалысының жетекшісі А. К. Сейсекенова және оқытушы Е.А.Гущина дайындады.