Павлодар медициналық жоғары колледжінде “Студенттік денсаулық және оған әсер ететін факторлар” атты студенттік ғылыми-тәжіриебелік конференциясы өтті

2023 жылғы 9 қарашада Павлодар медициналық жоғары колледжінде СҒЗЖ жетекшісі, арнайы пәндер оқытушысы Ерлан Алмас Еранұлының жетекшілігімен “Студенттік денсаулық және оған әсер ететін факторлар” атты студенттік ғылыми-тәжіриебелік конференциясы өтті. Конференция барысында студенттер өздерінің ғылыми зерттеулерінің қорытындыларын ұсынды:
“Емдеу ісі” мамандығының 230 тобының студенті Пархоменко Роман “Студенттердің артериялық гипертензиясына шалдығу” тақырыбында баяндама жасады;
“Емдеу ісі” мамандығының 220 және 230 тобының студенттері Сабыржан Қанжар мен Трошков Руслан “ПМЖК студенттері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері” тақырыбында баяндама жасады;
“Емдеу ісі” мамандығының 230 тобының студенті Мұқанов Дамир “Студенттердің тамақтануын гигиеналық бағалау” тақырыбында баяндама жасады;
“Емдеу ісі” мамандығының 220 тобының студенті Вейт Арина “ПМЖК студенттерінің репродуктивті денсаулығы мәселелері” тақырыбында баяндама жасады. Барлық баяндамалар конференцияға қатысушылар мен қонақтар арасында қызығушылық пен қызу пікірталас тудырды.
Конференцияны қорытындылай келе, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс және сапаны бақылау қызметінің басшысы, педагогика магистрі Ташимова Айсұлу Төлеуқызы студенттерге өз жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.