Павлодар медициналық жоғары колледж кітапханасы Ұлттық валюта – теңгенің 30 жылдығына арналған «Ұлттық валюта – Тәуелсіздік факторы» атты слайд-презентациясын оқырмандар назарына ұсынады
2023 жылдың 15 қарашасында Павлодар медициналық жоғары колледж кітапханасы Ұлттық валюта – теңгенің 30 жылдығына арналған «Ұлттық валюта – Тәуелсіздік факторы» атты слайд-презентациясын оқырмандар назарына ұсынады. Мақсаты: теңгенің пайда болуы және айналымға ену тарихы туралы Тәуелсіз қазақстанның жетістіктерін насихаттау. Кітапханаға жуырда келіп түскен 2021 жылы, Астана баспасында жарық көрген туындынымен сіздерді таныстырғымыз келеді. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Басылым 1993 жылдан 2021 жылға дейін шығарылған қазақстандық монеталарға арналған және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Кітапта циркулярлық, коллекциялық және инвестициялық монеталардың сипаттамасы мен техникалық сипаттамалары берілген. Басылым тоғыз бөлімнен тұрады және қалың оқырманға арналған.