Версия для слабовидящих
Спорттық, шығармашылық және волонтерлік салада ерекшеленген білім алушыларға арналған дәстүрлі салтанатты жиын өтті
2023 жылғы 15 қараша күні Колледждің акт залында спорттық, шығармашылық және волонтерлік салада ерекшеленген білім алушыларға арналған дәстүрлі салтанатты жиын өтті.
Колледж директоры Б.К. Касимова құттықтау сөз сөйлеп, білім алушыларды жетістіктерімен құттықтап, марапаттау рәсіміне кірісті.
Біз спорттық жарыстардың қатысушылары мен жүлдегерлерін, облыстық шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, волонтерлер қозғалысының мүшелері мен көшбасшыларын лайықты наградаларымен құттықтаймыз! Мұнымен де тоқтап қалмай, бұдан да үлкен жеңістерге ұмтылуларыңызға тілектеспіз!