Әңгіме тақырыбы ” Киберқылмыс. Алаяқтық”
2023 жылғы 14 қараша күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері, полицияның аға лейтенанты Кадержанов Сұлтанбек Олжатаевич және полиция капитаны Рашитов Олжас Даниялович 1 курс топтарының білім алушыларымен ақпараттық әңгіме өткізді.
Әңгіме тақырыбы ” Киберқылмыс. Алаяқтық”. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері киберқылмыстың қандай болатынын, оның салдары қандай болатынын және киберқылмыскерлерден қалай аулақ болуға және құрбан болмауға болатынын айтты.
Сондай-ақ білім алушыларға қылмыскерлерді ұстау орнынан тақырыптар бойынша бейнероликтер мен нақты бейнематериалдар және осы қылмыстар бойынша сотталғандармен сұхбат көрсетілді.
Әңгіме танымдық сипатта өтті, білім алушылар қызығушылықпен тыңдап, әңгіме соңында осы тақырып бойынша сұрақтар қойды.