Визитка
Адам психологиясы сондай, қуанышымызды білдірмесек, көп ұзамай оны сезінбей қаламыз.
Линь Юйтан
Білім бакалавры. Жас маман.
2017 жылы медициналық колледжді дантист мамандығы бойынша бітірді. Одан кейін 2020 жылы дефектолог – логопед мамандығы бойынша Бакалавр атағын алды. Сонымен қатар 2021 жылы педагогикалық университетті педагог – психолог мамандығы бойынша бітірді.
Сабиля Аскаровна педагогикалық диагностика мен психологиялық-педагогикалық түзетудің көптеген технологияларын меңгерген. Білім алушыларымен сабақтарды ұйымдастыру және бағалау-құндылық рефлексиясын жүзеге асыру үшін жаңа ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді және кәсіби интернет-ресурстарды пайдаланады.
Педагог-психолог басқа адамдармен тікелей және кері байланысты еркін жүзеге асырады, білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен оңай байланыс орната біледі.
Сабиля Аскаровна білім алушылардың мінез-құлқын психологиялық сүйемелдеу және түзету мақсатында педагогикалық қызметкерлермен және білім алушылардың ата-аналарының өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастырады.