Жаңалықтар

Біздің жеңімпаздар

Біздің жеңімпаздар

Павлодар медициналық жоғары колледжінің оқытушылары бірнеше интернет конкурстарға белсене қатысып, номинациялар бойынша 1 дәрежелі Дипломдармен марапатталды: * Бенке О.А.,- «Оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылау». * Нурумбетов Т. Ш. – «Жобалар әдісі педагогикалық технология ретінде» (Бүкілресейлік олимпиада педагогикалық табыс). * Бенке О. А., Нурумбетов Т. Ш., Григоренко А. Г. – «Білім берудегі ақпараттық технологиялар». * Бенке О. А.-«Арнайы пәндер сабақтарында жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану бойынша мастер класс» номинациясы («Білім берудегі табы
Жақсылық жасауға асығыңдар

Жақсылық жасауға асығыңдар

«Жақсылық жасауға асығыңдар» жобасы аясында, «Қайырымдылық» волонтерлік қозғалысының мүшелері болып табылатын «Мейіргер ісі» мамандығының 110, 230 тобының және «Фармация» мамандығының 110 тобының студенттері 3 қаңтар мен 10 қаңтар аралығында Павлодар облысының Паллиативтік көмек ауруханасында, «Самал» оңалту орталығында, «Қайырымдылық Үйінде» көмек көрсетті.
Діни экстремизм бойынша сынып сағат

Діни экстремизм бойынша сынып сағат

Қоғамдық сананы және азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында 8 қаңтар күні «Мейіргер» ісі» мамандығының 230 топ жетекшісі К. И. Досбергенова «Діни экстремизм және терроризм: оның бастауы мен салдары» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мини футболдан чемпионат

Мини футболдан чемпионат

2019 жылдың 5 қаңтарында Павлодар көлік және коммуникация колледжінің стадионында Павлодар облысы колледждерінің командалары арасында шағын футболдан жыл сайынғы чемпионатының 1 туры өтті. Чемпионатқа 9 команда қатысады, 1 турдың қорытындысы бойынша Павлодар медициналық жоғары колледжінің құрама командасы Павлодар педагогикалық колледжінің командасын 5:4 есебімен жеңді. Турнир жалғасады,жеңімпаздар ағымдағы жылдың наурыз айында анықталады.
Үздік жоба үшін Диплом

Үздік жоба үшін Диплом

Колледж психологі Т.В. Зеленцова өткен жылдың соңында Өскемен медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген «Медбикелік істе деонтологияның қазіргі мәселелері» тақырыбындағы Республикалық ғылыми тәжірибелік конференцияға белсене қатысып, үздік жоба ұсынғаны үшін І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
«Жаңашыл Педагог-2018» Республикалық байқауы

«Жаңашыл Педагог-2018» Республикалық байқауы

Арнайы пәндер оқытушылары А. С. Ажаева, К. Т. Абилкасимова және К. Ш. Касенова «PLANET Skills» халықаралық білім беру жобасының «Жаңашыл педагог – 2018» атты кезекті Республикалық кәсіби байқауына қатысты. «Мерекелер мен іс-шаралар сценарийлері» номинациясы бойынша 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды. «Педагогикалық тәжірибе» номинациясы бойынша «Алтын стандарт әрекетте» жұмысын ұсынып 2 дәрежелі Дипломмен марапатталды.
ЖБҚО дан Алғыс хат

ЖБҚО дан Алғыс хат

Павлодар медициналық жоғары колледжі Павлодар қаласының Жастар бастамаларының қолдау орталығы «Еріктілер қызметінің дамуына үлес қосқан үшін" Алғыс хатымен марапатталды. «Қайырымдылық» және «Дені сау тістер-Дені сау балалар-Дені сау отбасы» еріктілер қозғалыстарының мүшелері біздің колледждің студенттері болып табылады, олар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, медициналық-әлеуметтік қолдау және көмек көрсетеді.
«Қайырымдылық» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда

«Қайырымдылық» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда

2018 жылдың 29 желтоқсанында «Қайырымдылық» волонтерлік қозғалысының мүшелері, «Фармация» мамандығының 110 топ студенттері «Самал» оңалту орталығында, «Қайырымдылық үйінде» және «Павлодар облысының паллиативтік көмек ауруханасында» көмек көрсетіп, барлығын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Туған күн иелерін құттықтау

Туған күн иелерін құттықтау

29 желтоқсан күні қалыптасқан дәстүр бойынша Павлодар медициналық жоғары колледжінің әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірлесе қараша айының туған күн және мерейтой иелерін құттықтап, барлығына зор денсаулық, бақыт, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде табыстар тіледі.
«Жаңашыл Педагог-2018» қашықтық кәсіби байқауы

«Жаңашыл Педагог-2018» қашықтық кәсіби байқауы

«PLANET Skills» халықаралық білім беру жобасы ұйымдастырған «Жаңашыл Педагог – 2018» атты республикалық қашықтық кәсіби конкурсының қорытындысы шығарылды, оған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы Ж. З. Байгульжина және колледж әдіскері, тіл пәндерінің оқытушысы А. Н. Каптаева қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Конкурс нәтижелері: • «Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі» номинациясы бойынша 1 дәрежелі Диплом-Байгульжина Ж. З. • «Оқытудағы инновациялық әдістер мен технологиялар» номинациясы бойынша 1 дәрежелі Диплом-Каптаева А. Н.
«Жаңа жылдық сыйлық» акциясы

«Жаңа жылдық сыйлық» акциясы

Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері Жаңа жыл қарсаңында өз күшімен «Жаңа жылдық сыйлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Осы акция аясында, 2018 жылдың 28 желтоқсанында, директор Г. К. Ситказинова мүмкіндігі шектеулі балалары бар колледж студенттеріне жаңа жылдық тәтті сыйлықтар табыс еттіп, оларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, бақыт және жақсы оқу тіледі.
Біздің жеңімпаздар

Біздің жеңімпаздар

Қарағанды қаласында «Білім» қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен өткен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған «Заманауи аудиториялық сабақ: педагогикалық инновациялар мен креативтілік» атты I Республикалық конкурсқа Павлодар медициналық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушылары О.А. Бенке, Б.Н. Алимуханова; әдіскер, шет тілдерінің оқытушысы А.А. Мукушова қатысып, жүлделі орындар алды: - «Аутентикалық материалды бейімдеумен үздік аудиториялық сабақ» номинациясы бойынша Диплом, І орын - әдіскер, оқытушы Мукушова А. А. - «Үздік