Қалай көпшіл, үйірсек болу керек

Қалай көпшіл, үйірсек  болу керек

№ 1. Ұсыным. Сіздің қадір-қасиетіңіз

Әрбір адам табиғатынан өзіне тән жеке қасиеттерге ие. Бірақ біздің ақпаратқа толы  ғасырда,  адамның табиғи сапасы-  айтарлықтай  жоғалған деуге де болады.  Әр адамның бойындағы осындай  қасиеттерді ашу үшін тек аз күш-жігер ғана қажет.  Бұл мүмкін,  біреудің әдемі дауысы, көпшіл, үйірсек болу қасиеті, немесе тамаша тұлғасы,  шығармашылық  қабілеттері және т.с.  болуы мүмкін. Біреудің  кемшілігіне  көңіл бөлгенше, өз қадір-қасиетіңізге көбірек көңіл  бөліңіз.   Үнемі өз-өзіңізге қайталап айтып  отырыңыз: 

«Мен әлемдегі ең бақытты жанмын. Менің қолымнан бәрі келеді. Мен шексіз мейірімдімін. Адамдарға шаттық сыйлаймын. Мен әрдайым жеңіске жетемін. Мен өзіме сенемін. Мен өте белсенді адаммын. Мен еңбекқормын. Мен үшін ешқандай кедергі жоқ. Мен жолы болғыш адаммын. Мен жарқыраған жұлдызбын. Мен барлығын жасай аламын. Менің адамгершілігім мол. Менің армандарымның бәрі орындалуда. Мен тұлғамын. Мен табиғатты сүйемін. Табиғат маған әрдайым жақсы көңіл-күймен жылы энергия сыйлайды. Мен адамзаттың бәрін жақсы көремін және бәрі мені жақсы көреді. Мен бақыттымын!»

Жаттығудың бұл түрі  аффирмация деп аталады.   Аффирмация (латын тілінен аударғанда – “растау”) – күнделікті қайталау арқылы адамның ойын жақсы арнаға бұру, мақсаттарын айқындау, армандарының орындалуына көмек беру.

№ 2 Ұсыным. Барлығымен  жылы жүзбен амандасыңыз

Көпшіл, үйірсек  болып,  адамдармен сыйластық қаситеттерді дамытудың  өте жақсы жаттығулары бар. Мысалы, көшеде келе жатқен кезде  барлығымен амандасыңыз!  Дәл осылай! Бұл өте қуатты техника, ол біріншіден, Сізге жақсы көңіл-күй әкеледі, екіншіден, Сіз бейтаныс адамдармен сөйлесуге қорықпайтын  боласыз.  Амандасқан кезде  жылы жүзбен, күлімдеп амандасыңыз, ешқашанда  жайсыз көңілмен, қабағыңызды қарс жауап амандаспаңыз.

№ 3 Ұсыным. Өзіңізді  тыңдатқыңыз келсе, әуелі өзіңіз тыңдап алыңыз

Сіз   сөйлескен кезде әңгімелесушінің  сөзін жиі бөле бересіз бе?  Егер Сіздің жауабыңыз  өте жиі болса,  онда, Сіз жақтан,  әңгімелесуші үшін болатын   жайсыз  әдетті барынша қысқартыңыз. Көпшіл, үйірсек болудың басты  қағидасы: «Адамды  толығымен тыңдап алыңыз, ешқашанда оның сөзін бөлмеңіз,   сөзіңізді  ол әбден айтып болғаннан кейін бастаңыз».  

Ең бастысы, Сіз серіктесіңізді қолдап, оның көзқарасын құрметтейтініңізді көрсетесіз, ал  адамдармен  тіл табысу – бұл  өте маңызды  факт. Сол адамға,  әңгімесі  тіпті  қызықты болмаса да қызықты болғандығын білдіріңіз,  кейбір жағдайда  әңгімеңізді басқа тақырыпқа  аударып жіберіңіз.  Әрқашанда сенімді және  салмақты түрде сөйлеңіз.  Әңгімеселушіні аяғына дейін тыңдау бұл нағыз   өнер,  оны  игеріп алсаңыз өмірде қажетіңізге  жарап қалады.   Тыңдай білу тағы да Сізді көпшіл болуға көмектеседі.

№ 4. Ұсыным.   Ортақ мүдделер

Мейлі ол спорт немесе хобби болсын әйтеуір бір жаңа нәрсемен  айналысыңыз. Ортақ қызығушылықтар адамдарды әрқашанда  жақындастыратыны белгілі.  Сіз адамды бірінші рет көріп  отырсаңызда, ортақ тақырыпты сағат бойы талқылап алыңыз. Ортақ пікірлестер  шеңбері  көпшіл болуды ғана емес,  сонымен бірге  сізді   тұлға ретінде дамытады.    Ортақ тіл табыса қалған жағдайда  әңгімені бірінші болып бастаңыз.

№ 5. Ұсыным.  Барлығымен  қарым-қатынас  жасай біліңіз

Таныстығыңыз аз немесе  мүлдем таныс емес  адамдармен  қарым-қатынас жасаңыз. Бұл кім болуы мүмкін?   Бұл- кезкелген адам болуы мүмкін.  Сатушы,  шаштараз, даяшы немесе , көшеде кетіп бара жатқан адам  және т.с.с.    Сөйлесіңіз,  қошемет көрсетіңіз,  жылы лебіз білдіріңіз.   Адаммен сөйлескенде көбірек сөйлесуге тырысыңыз.  Әзілдеңіз, мүмкіндігінше  эмоциялық  күйде болңыз.   

№ 6 Ұсыным.  Сіз өз  тұлғаңызды қалыптастырушы.

Сіз  өз- өзіңізді, оның ішінде  қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастырасыз.  Өз мақсатын  жүзеге асыруда  алғаш қадам  жасағандарға сәттіліктер келеді.  Егер Сіз, көпшіл, үйірсек  адам  болғыңыз келсе,  онда Сізге  бір нәрсе істеу керек,  басқаша болуы мүмкін емес. Бірінші қадам,  адаммен танысу және  онымен ортақ  сөйлесу тақырыбын  табу.  Сізге  көпшіл  болуға  көмектесетін  ең қарапайым  қадам, бұл  серіктесіңіздің  сөзін  аяғына дейін бөлмей тыңдау.

№ 7 Ұсыным. Жайдарлылық пен шынайылық

Адамдармен   сөйлескен кезде  жайдары болыңыз.   Өзіңіздегі жағымсыз жағдайды, егер сондай бола қалса,  оны байқатпауға тырысыңыз.  Жайдары болу- бұл қуатты құрал, оның көмегімен  бойжеткен қызды немесе  жігітті баурап аласыз.  Жақсы көріну;  Адамдарға дарытқан  жағымды   көңіл-күйіңіз өзіңізге  100 % кепілімен  және одан да зор жақсылық болып алдыңыздан шығады Адамдармен  араласып сөйлескенде   жағымды көңіл-күймен, жайдары, жарқырап сөйсесіңіз.