 |
1982 жылдан бастап медицина училищесін Гришин Илья Ильич басқарды. Осы жылдары училищеде шығармашылық ұжым топтасып, білікті мамандар даярлайтын оқу орнының дәрежесі одан ары нығая түсті.
Илья Ильичтің басшылығымен училище ұлғайып, оның материалдық-техникалық базасы жақсара түсті, жаңа бөлімшелер ашылды, оқыту әдістемесі жетілдіріліп, жас мамандар даярлау сапасы үнемі жақсарып отырылды.
|
 |
«Кұрмет» орденінің иегері Сабырханова Әлия Жакеновна 1990 жылмен 2013 жыл аралығында Павлодар медициналық училищесін, бұдан соң колледжін басқарды. Осы жылдар ішінде басшылық қызметті ұстаздық қызметпен ұштастыра білді. 1991 жылы оның басшылық етуімен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бөлімшесі құрылып, кейін Үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығы болып қайта ұйымдастырылды; елімізде тұңғыш рет колледжде эксперимент шеңберінде Павлодар қаласы орта мектептерінің профильді медициналық сыныптары үшін кәсіби мамандыққа дайындау бөлімшесі ұйымдастырылды. Халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық басылымдарда жарияланған 50-ден астам мақалалары бар.
Республиканың медициналық оқу орындары мен практикалық денсаулық сақтау саласында табысты қолданылып жүрген, орта буын медицина мамандарын даярлау жөніндегі оқу құралдары мен жинақтарының авторы және қосалқы авторы болып табылады.
Республиканың және Ресей, АҚШ, Германия, Израиль, Финляндия сияқты шет елдердің медициналық оқу орындарымен, қоғамдық медициналық ұйымдарымен ынтымақтасуы колледжді кәсіптік білім беру саласындағы көшбасшысы болуына мүмкіндік берді.
1998 жылы оның бастамасымен облыстың медбикелерінің Қоғамдық бірлестігі құрылып, 2013 жылы ол «Павлодар облысының «Саламатты Павлодар» медициналық қауымдастығы болып қайта ұйымдастырылды.
Адал ниетпен және мінсіз атқарған еңбегі үшін Әлия Жакеновна Сабырханова мемлекеттік және үкіметтік наградалармен марапатталған: Орден «Кұрмет»-2011ж., медальдер «Шапағат»-2004г.,«Еңбек ардагері (игілік абырой даңк)»-2015ж., мерейгерлік медальдер: 2001ж.,2002ж.,2004ж.,2005ж.,2006ж.,2008ж.,2011ж.,2016ж., награда белгілері «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігіне»-1997ж., «Қазақстан Республикасы денсаулық сактау ісінін үздігіне»1997ж.,«ҚР білімінің үздігі»-1997ж.,«ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі»- 1997ж., «ҚР Құрметті қызметкері» -2006ж., «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігіне»-2006ж., «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» -2010ж., Белгі «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін»-2008ж. 2013 жылдан бастап Әлия Жакеновна «Павлодар қаласының Құрметті азаматы»; Денсаулық сақтау министрлігінің, Білім беру министрлігінің, Павлодар облысы әкімінің, Павлодар облысының облыстық Мәслихатының және т.б. Құрмет Грамоталары бар. |