Жаңалықтар
Жаңа түскен кітаптарға шолу
Сіздердің назарларыңызға басты бөлігі медицина бойынша жаңа түскен кітаптарды ұсынамыз.
«Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деп, француз жазушысы Дени Дидро айтқандай,
пайдалы ойлай білу үшін тартымды оқулар тілейміз
![]() |
Н. А. Тюкавкина, Биоорганикалық химия Тәжірибелік сабақтарға нұсқаулық/ оқу құралыНұскаулық «Биоорганикалык химия» (Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И., Зурабян С.Э. — М.: ГЭОТАР-Медиа) окулығымен бірегей кешен кұрайды. Бұл ерекше оқу-әдістемелік кешен заманауи инновациялық технологиялар негізінде кұрастырылған. Тәжірибелік сабактың әрбір тақырыбы студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оны басқару ұшін қажет бөлімдерден тұрады. Билеттердің типтік нұсқалары, ағымдық және аралық бақылау ұшін қажет тестердің нұсқалары берілген бакылау-бағалау материалдарына назар аударылған. Нұскаулық өте жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде келелі-модульді окытуға қойылатын талаптарға сәйкес жазылған. Медициналық ЖОО студенттеріне арналған. |
![]() |
Ішкі аурулар : «Гастроэнтерология» модулі : қазақ және орыс тілінде окулықОқулыктың мазмұны «Жалпы медицина» мамандығы «Гастроэнтерология» модулі бойынша ішкі аурулар бағдарламасымен сипатталады, базалык пәндердін «Ас корыту жүйесі» модулінің ин- теграциялық окулығының жалғастырушысы болып табылады. Оқулыктың кұрылу тұрі гастроэнтерологиялық синдромдар кезінде диагностикалық ізденіс дағдыларын меңгеруге бағытталған. Оқулықта Қазақстанда қолданылатын диагностика және емдеу клиникалық хаттамалары мен халықаралық ұсыныстарын ескере отырып, неғұрлым жиі таралған асқазан-ішек жолдары ауруларының заманауи жіктемелері, диагностикалық белгілері және емдеу кағидалары қамтылған. Сонымен қоса, оқулықта вирусты гепатиттер мен жедел ішек инфекциясының диагностикасы мен емінің мәселелері карастырылған. |
![]() |
Ішкі аурулар: Эндокринология/оқулық
Окулыктын мазмұны «Жалпы медицина» мамандығы «Эндокринология» модулі бойынша ішкі аурулар бағдарламасымен сипатталады, базалық пәндердің «Эндокринді жүйесі» модулінің интеграциялық оқулығының жалғастырушысы болып табылады. Оқулыктың кұрылу тұрі неғұрлым жиі таралған эндокринді аурулар кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтаудағы клиникалық машықтарды кұрастыру мен диагностикалық ізденіс дағдыларын меңгеруге бейімделген. Оқулықта Қазақстанда қолданылатын диагностика және емдеу хаттамаларын, халықаралық ұсыныстарға сай отырып, заманауи жіктемелері, диагноздын белгілері және емдеу қағидалары ұсынылған. |
![]() |
«Тыныс алу жүйесі» модулінің окулығы интеграцияланған жүйе бойынша білім алатын студенттерге арналған. Берілген оқулықта тыныс алу жүйесі бойынша МЖББС-2006 және Типтік оқу бағдарламасына сәйкес сегіз пәннің барлық материалы көрсетілген: адам анатомиясы, гистология, қалыпты физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, визуалды диагностика және фармакология. |
![]() |
«Қан түзуші жүйесі» модулінің окулығы
«Қан түзуші жүйесі» модулінің оқулығы интеграцияланған жүйе бойынша білім алатын студенттерге арналған. Берілген окулықта қан түзуші жүйесі бойынша МЖББС-2006 және Типтік оку бағдарламасына сәйкес сегіз пәннің барлық материалы көрсетілген: адам анатомиясы, гистология, қалыпты физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, визуалды диагностика және фармакология. |
![]() |
Көрнекі медициналық биохимия: оқу құралы
Атақты оку кұралының ұшінші басылымында замануи биохимияның көп сұрақтары берілген. Күрделі материалдарды тұсініп, еске сақтау ұшін барлық үдерістер көрнекі суреттермен және схемалармен суреттелген. Адамдағы зат алмасудың медициналық аспектілеріне ерекше назар аударылған (әр түрлі ауру кезінде бұзылыстар мен дәрілік препараттардың әсерінен мұмкін болатын нысаналар). Молекулалы биологияның негізгі аспектілеріне арналған бөлім қосылды. Жасушалы кезен, құрылым, РНҚ мен ДНҚ-ның кызметі мен қасиеттері, заманауи молекулалы биологиянын проблемалары сипатталған. |
![]() |
Бейорганикалық химия практикумы: оқу-әдістемелік құрал қазақ және орыс тілінде Оқу-әдістемелік құралда дәрістер, сабақтардың тақырыптары мен мазмұны, зертханалық жұмыстардың сипаттамасы, тақырып бойынша есептер шығару, өз бетінше дайыңдыққа арналған тапсырмалар, сабақтын мазмұны және өткізу әдістемесі, жаттығулар мен сабақта қарастырылатын тақырыптың негізгі сұрақтары қамтылған. Әр тақырып бойынша кұрылымдық үлгіде қолданылатын әдістердің теориялық негіздері, типтік есептердің шешімдері және тәжірибелік мәліметтердің нәтижелері бойынша көрсеткіштері берілген. Медициналык жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал бейорганикалық химияның типтік бағдарламасына сәйкес әзірленген. |
![]() |
Аналитикалық химия пәнінің сандық талдау тәсілдері: оқу қуралы қазақ және орыс тілінде
Сандык талдау тәсілдерінен оку-әдістемелік нұсқаулық аналитикалық химия пәні бойынша бірінғай әдістемелік бағдарламаға сәйкес дайындалған. |
![]() |
П. И. Мельниченко Адам экологиясы негізіндегі гигиена/ оқұлық Окулыкта гылымньщ казіргі заманғы жағдайына сипаттама берілген, әртурлі тарихи сатыларда гигиенаның даму барысы көрсетілген, қоршаған орта мен адам экологиясындағы гигиеналық маңызды мәселелер қарастырылған. Негізінен адам денсаулығына, нозологияға дейінгі (патологияалды) деңгейде адам денсаулығы жағдайының өзгерістерін анықтауға мүмкіндік беретін, гигиеналық диагностикалау алгоритміне, сондай-ақ алдын алу шаралары мен әрбір адамның денсаулығын корғау жүйесін әкімшіліктік-құқыктық бақылау формалары туралы ақпаратқа басты назар аударылды. Медициналық ЖОО студенттеріне арналған. |
![]() |
Акуленко, Л. В. Биология медициналық генетика негіздерімен : окулық
Бұл оқулык мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес орта кәсіби білім берудің «Лабораториялык диагностика» мамандығы «Медициналык генетика негізіндегі биология» пәні бойынша дайындалған. Мұнда биология негіздері жеткілікті тұрде жан- жақты берілген, жалпы және медициналық генегика, медициналык экология негізі мен паразитология, хромосомалық, моногендік және мультифакторлық аурулардың жалпы сипаттамасы берілген, оларды диагностикалау, емдеу мен алдьн алудын заманауи тәсілдері. Оқулықтың негізгі аса көңіл бөлуге лайық бөлімі генетиканың казіргі заманғы тәжірибелік негізгі сұрағына арналған — тұкым қуалау патологиясының алдын алу (тұкым қуалайтын ауруларды пренатальды және имплантацияланудың алдын алуды генетикалык диагностикалау мен неонатальды скринингтеуді медициналық- генетикалық кеңесу). Оқулыктың жеке бөлімі медициналық-генетикалық қызметті ұйымдастырудың заманауи принциптеріне арналған. |
![]() |
Окулықта жалпы генетиканың заманауи негіздері, тұқым қуалайтын патологияның толық мінездемесі, тұқым қуалаушылықтьң алдын алу мәселелері берілген. Оқулық авторлары — И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университеті медициналык генетика кафедрасының мұғалімдері. Олардың студенттерге, дәрігерлерге, ординаторларға, орта медицина қызметкерлеріне білім беруде және жалпы медициналық-генетикалық білімді насихаттауда бай тәжірибелері бар. Мейіргерлермен бірігіп медициналық – генетикалық кеңес беруді жұзеге асырады, ал зертханалық зерттеулерді фельдшер-зертханашылармен бірігіп жүргізеді. Оқулық медициналық училищелер мен колледж студенттеріне арналған. |
![]() |
Медициналык микробиология, вирусология және иммунологая : оқулық : 2 томдык Басылымды И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының, Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық медициналық зерттеу университетінің, А.И. Евдокимов атындағы Мәскеу мемлекеттік медициналық-стоматологиялық университетінің, И.П. Павлов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің, С.М. Киров атындағы әскери- медициналық академиясының, Орынбор мемлекеттік медицина академиясының, Ростов мемлекеттік медицина университетінің, Омбы мемлекеттік медицина академиясының т.б, қызметкерлері дайындаған. Оқулық жалпы және жеке микробиология, вирусология мен иммунологияның сұрақтары дәйекті тұрде талқыланған екі томнан (20-тарау) тұрады. Теориялық материал кесте және суреттермен иллюстрацияланған. Бірінші том 14 тарау кіретін екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімнің материалдары (1-7-тарау) жалпы микробиологияға арналған. Онда микробиологияның тарихы, жіктелуі, морфологиясы, физиологиясы, микробтар экологиясы мен генетикасы, микробка қарсы препараттар сипатталған. Екінші бөлімде (8-14-тарау) инфекция және иммунитет туралы мазмұндалған. Басылымға компакт-диск қоса беріледі. Онда оқулыктың негізгі бөлімдері бойынша қосымша мәліметтер (4, 8, 15-17-тараулар), сонымен қатар, медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған санитарлык микробиология бойынша материалдар ұсынылған. Окулық медициналық оқу орындарының емдеу, педиатрия және медициналық алдын алу факультеттерінің студенттеріне арналған және ресми бекітілген оқыту бағдарламасына сәйкес жазылған. |
![]() |
Медициналык микробиология, вирусология және иммунология : окулык : 2 томдык Оқулық жалпы және жеке микробиология, вирусология мен иммунологияның сұрактары дәйекті түрде талқыланған екі томнан (20 тарау) тұрады. Теориялық материал кесте және суреттермен иллюстрацияланған. Екінші том 6 тараудан тұрады (15-20-тарау). Онда микробиологиялық диагноз қоюдың басты принциптері мен жеке микробиология баяндалған. Қоздырғыштардың сипатынан баска эпидемиологиянын, патогенездің, диагноз қоюдың, өзіндік емнін және алдын алудың ерекшеліктері көрсетілген. 20-тарау клиникалық микробиологияға арналған. Басылымға компакт-диск қоса беріледі. Онда оқулыктың негізгі бөлімдері бойынша қосымша мәліметтер, сонымен қатар, медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған санитарлық микробиология бойынша материалдар ұсынылған. Оқулық медициналық оқу орындарының емдеу, педиатрия және медициналық алдын алу факультеттерінің студенттеріне арналған және ресми бекітілген оқыту бағдарламасына сәйкес жазылған. |