Қаржы ақпараты
2021-2022 оқу жылы ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК ақылы білім беру қызметтерін
көрсету бойынша прейскуранттың өзгеруі туралы түсініктеме.
ШЖҚ “Павлодар медициналық жоғары колледжі” КМК күндізгі оқу нысанындағы 7 мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады. Оқыту мемлекеттік тапсырысбойынша және шарт негізінде жүргізіледі. Меншікті қаржы қаражаты білім беру қызметінен уәкілетті органның келісімі бойынша колледж директоры бекіткен бағалар бойынша қалыптастырылады.
Оқу құнын кәсіпорын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес есептейді. Бір студенттің оқу жылына арналған оқу құнының есептеулерінде қызмет көрсетумен тікелей байланысты шығындар да, жалпы қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ қызмет көрсету үрдісінде тікелей тұтынылмайтын шығындар да ескеріледі:
-персоналдың еңбегіне ақы төлеуге және әлеуметтік салықты, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі-МӘМС) жарналар мен аударымдарды қоса алғанда, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша төлемдерге есептеуге арналған шығындар;
– коммуналдық қызметтер шығындары;
– байланыс қызметтерін сатып алуға арналған шығындар;
– білім беру үрдісін ақпараттық-техникалық қолдау бойынша шығындар;
– материалдық қорларды, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығындар;
– ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да негізгі құралдардың амортизациясы;
– өзге де жалпы шаруашылық мұқтаждарға арналған шығындар;
– қызмет көрсетумен тікелей байланысты өзге шығындар.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтердің еңбекақысының 50% – ға, МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшерлемесінің 2% – ға артуына, коммуналдық қызметтерге (жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау) тарифтердің 32% – ға дейін артуына, басқа да қызметтердің (оқу жабдығы мен негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсету) төлемақысын және шығыс оқу материалдарының, баспа және электрондық кітаптардың құнын арттыруға, сонымен қатар жоғары сапалы қызмет көрсету мен кәсіпорынның шығынсыз қызметін қамтамасыз ету үшін 2021-2022 оқу жылына арналған оқытудың құнын арттыру қажет болды.
Оқытуға толық өтем ақы төлеу негізіндегі топтарда оқу құны 2018 жылы бекітілді және 3 жыл ішінде көтерілмеді.
Жеке және (немесе) заңды тұлғаның қаражаты есебінен оқуға қабылдау кезінде ақылы қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрі-Шарт) жасалады, онда білім беру қызметтерінің толық құны және оларға ақы төлеу тәртібі көрсетіледі. Ақылы қызметтің толық құны тапсырыс беруші Шартта көзделген қызметті көрсеткені үшін орындаушыға төлеуге тиіс оқудың барлық мерзіміне арналған соманы көрсетеді. Студенттердің Шарттарында жалақы өскен жағдайда және инфляция индексін ескере отырып, оқу құнын төлеу жылына бір реттен артық өзгертілмеуі көзделген.
МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ОҚУ АҚЫСЫ:
№ | Мамандық атауы | Құны, тенге |
1 | 0301000 «Емдеу ісі» 1 курс, 2 курс, 3 курс | 322000 |
2 | 0302000 «Мейіргер ісі» 1 курс, 2 курс, 3 курс | 335000 |
3 | 0306000 «Фармация» 1 курс, 2 курс, 3 курс | 330000 |
4 | 0307000 «Ортопедиялық стоматология» 1 курс, 2 курс | 320000 |
5 | 0304000 «Стоматология» 1 курс, 2 курс, 3 курс | 320000 |
6 | 0305013 «Лабораториялық диагностика» 1 курс, 2 курс, 3 курс | 320000 |
7 | 0302054 «Мейіргер ісі, қолданбалы бакалавриат 3,6г.» 1 курс, 2 курс, 3 курс | 350000 |
8 | 0302054 «Мейіргер ісі, қолданбалы бакалавриат 3,6г.» 4 курс | 210000 |
9 | 0302054 «Мейіргер ісі, қолданбалы бакалавриат 1,6г.» 1 курс | 350000 |
10 | 0302054 «Мейіргер ісі, қолданбалы бакалавриат 1,6г.» 2 курс | 210000 |
11 | 0301013 «Емдеу ісі. Акушер» 1 курс, 2 курс, 3 курс | 320000 |
ДЕРЕКТЕМЕЛЕР
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК
БСН /БИН 990240004320
KZ248562203112794053 — СТУДЕНТТЕР
KZ558562203112914745 — Біліктілікті арттыру
«Банк ЦентрКредит» АҚ:
БСК/БИК KCJBKZKX
ПАВЛОДАР қаласы, АК. САТПАЕВ к-сі,156/1 үй