Сапа саласындағы саясаты

151515

Көрінісі: ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК – тиімді басқару жүйесімен, инновациялық ақпараттық-байланыс технологияларын пайдаланатын, кәсіби үздіксіз білім беру жүйесіндегі көшбасшы.

Миссиясы: Мемлекеттің бұрыннан келе жатқан, перспективалық талаптарына  және ел тұрғындарының денсаулығын нығайтуға бағытталған, колледждер, қоғам, денсаулық сақтау жүйесі арасындағы әлеуметтік әріптестік  үлгісіне сәйкес, білікті, бәсекеге төтеп бере алатын мамандар дайындау.

Белсенді  өмір қағидасымен – тұлға дамуын қозғайтын күші және өз ойын білдіру көрінісі

Креативтілік –бұл жай шығармашылық қана емес, жаңа ойлар жасай білу қабілеті

Ынтымақтастыққа және командалық жұмысқа көзделу – әрбір қызметкердің жеке үлесі, бір-бірімен белсенді диалогы, барша ұжымның жауапты жұмысы.

Өзара сыйласымдылық пен өзара түсіністік – колледждің бастамалары, шығармашылық түрткісі және қызметінің жемісі.

► Әріптестік  – тұлға, қоғам, мемлекеттің тиімді  өзара  әрекеті.

 

   ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК белгілеген миссиясына жетуі үшін  келесі стратегиялық бағыттарды белгіледі:

► Қазақстан Республикасының практикалық денсаулық сақтау саласының  қажеттіліктерін қанағаттандыратын орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлау сапасын арттыру.

► Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда, мемлекеттің дамуына және нығаюына өз үлесін  қосуға дайын, белсенді азаматтық қағидасы бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру

►  Білім беру үрдісіне озық тәжірибе, ғылым мен техника жетістіктерін, инновациялық технологияларды  қолдану

► Сенімді және құзыретті  әріптес ретіндегі колледж беделін  денсаулық сақтау  ұйымдарымен ынтымақтасуда қолдау.

► Үздіксіз кәсіптік білім беру, практикалық денсаулық сақтау саласының медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау.

►  Колледждің кадрлық потенциалы сапасын жақсарту

►  Колледждің  материалдық-техникалық базасын жетілдіру.

   ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК жоғары басшылығы қазақстандық білім беру ісін жаңғырту тұжырымдамалары ережелерін басшылыққа ала отырып, сапа саласындағы осы Саясатты жүзеге асыруға жауапкершілік пен міндеттемелер алады.

 

Біздің ұранымыз: «Кәсіпқорлық пен  қайырымдылық біздің үндеуіміз!»