Жұмысқа бөлу және орналастыру

Мамандық бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру туралы
3 жыл ішіндегі ақпарат

Колледж түлектерін бөлу және жұмысқа орналастыру Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарының қажеттіліктері мен өтінімдері негізінде жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау басқармасы жыл сайын түлектерді бөлу жөніндегі комиссияның құрамы туралы бұйрық шығарады.
Колледждің жұмысқа орналастыру мәселесіндегі мақсаты:

  •  түлектердің біліктілігіне сәйкес жұмысқа орналасуына жәрдемдесудің тиімді жүйесін құру және оларды еңбек нарығына бейімдеу;
  • бос жұмыс орындары туралы ақпарат жинау және оған студенттердің қолжетімділігін ұйымдастыру;
  • студенттерді қазіргі заманғы жас мамандардың нарықтық параметрлері, медициналық колледждер түлектеріне деген сұраныс үрдістері туралы хабардар ету; 
  • түлектермен байланыстарды жүйелеу;
  • түлектерге кәсіби, әлеуметтік ұтқырлыққа тұрақты көмек көрсету;
  • жұмыс берушілермен, кадрлық және рекрутингтік агенттіктермен байланыстарды дамыту; 
  • түлектерді сертификаттауды ұйымдастыруға жәрдемдесу.

ЕАҰ өтінімдері мен өтініштерін ескере отырып, жұмысқа орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы жыл сайын сәуір айында өткізіледі.

2017-2018 оқу жылының жалпы шығарылымы – 365 адамды құрады. Түлектердің жалпы санынан 262 адам жұмысқа орналастырылды, жоғары оқу орындарына – 74 адам, колледжге – 4 адам түсті, ҚР және облыстан тыс жерлерге – 12 адам, бала тууға байланысты демалыста – 10 адам, ҚР ҚК-не 3 адам шақырылды.
Жұмысқа орналастыру-72%, жұмыспен қамту-100%.

Мамандықтар бойынша
жұмысқа орналастыру

Мамандық Барлығы Жұмысқа орналастырылды Декрет ЖОО түсті Армия ҚР  тыс  кеткендер Колледжге түскендер
1 Мейірбике ісі 218 151 3 57 2 5
2 Емдеу ісі 33 27 2 2 2
3 Фармация 24 20 3 1
4 Стоматология    « Тіс технигі» 21 10 6 1 4
5 Ортопедиялық стоматология «Дантист» 22 17 1 4
6 Қолданбалы бакалавр 47 37 1 4 1 4
  Барлығы: 365 262 10 74 3 12 4

 

2018-2019 оқу жылының жалпы шығарылымы -390 адамды құрады. Түлектердің жалпы санынан 315-і жұмысқа орналастырылды, 64-і ЖОО-на, 1-і колледжге түсті, 2-і -ҚР ҚК-не; 5-і -ҚР және облыстан тыс жерлерге кетті, 3-і декреттік демалыста.
Жұмысқа орналастыру-81%, жұмыспен қамту-100%.

Мамандықтар бойынша
жұмысқа орналастыру

Мамандық Барлығы Жұмысқа орналастырылды Декрет ЖОО түсті Армия ҚР  тыс  кеткендер Колледжге түскендер
1 Мейірбике ісі 276 218 1 51 2 4
2 Емдеу ісі 41 34 7
3 Фармация 48 38 2 6 1 1
4 Стоматология 25 25
  Барлығы: 390 315 3 64 2 5 1

 

2019-2020 оқу жылының жалпы шығарылымы 227 адамды құрады. Түлектердің жалпы санынан 187 адам жұмысқа орналастырылды, жоғары оқу орындарына – 14 адам, колледжге – 1 адам түсті, ҚР және облыстан тыс жерлерге – 2 адам кетті, бала тууға байланысты демалыста – 19 адам, ҚР ҚК-ге-4 адам шақырылды.
Жұмысқа орналастыру-82%, жұмыспен қамту-100%

Мамандықтар бойынша
жұмысқа орналастыру

Мамандық Барлығы Жұмысқа орналастырылды Декрет ЖОО түсті Армия ҚР  тыс  кеткендер Колледжге түскендер
1 Мейірбике ісі 103 80 11 7 2 2 1
2 Емдеу ісі 43 31 5 5 2
3 Фармация 20 19 1
4 Зертханалық диагностика 17 14 1 2
5 Қолданбалы бакалавр 44 43 1
  Барлығы: 227 187 19 14 4 2 1

 

Соңғы 3 жылдағы шығарылым

Мамандықтар атауы 2018 2019 2020
шығарылым жұмысқа орналасты шығарылым жұмысқа орналасты шығарылым жұмысқа орналасты
Емдеу ісі 33 27 41 34 43 30
Мейірбике ісі 218 151 276 218 103 80
Қолданбалы бакалавриат 47 37 44 43
Фармация 24 20 48 38 20 19
Стоматология 43 27 25 25
Зертханалық диагностика 17 14
Жиыны: 365 262 390 99 227 186

 

2017-2020 жылдардағы түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері

Көріп отырғанымыздай, жыл сайын түлектердің жұмысқа орналасу пайызы 72-82% құрайды. Жұмысқа орналасу пайызының төмендеуі ЖОО мен колледждерге түсу, тұрғылықты жерін ауыстыру, ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет ету, бала күтімі бойынша демалыста болу және т. б. байланысты.
Жұмыспен қамту пайызы-100%.