Психологтың кеңестер

2. Аз сөйлеп, көп істеңіз. Статистиканың мәліметі: біз өз балаларымызға күніне 2000 (!) дейін ақыл-кеңестер, ескертулер береді екенбіз. Сондықтан, біздің балаларымыздың «саңырау» болатыны ғажап емес. Егер балаңыз, сіздің өтінуіңізбен, шұлықты теріс айналған күйінде қалай болса солай, жууға тастай салса, онда оны да сол күйінде жуып беріңіз. Мұндай күйде оларды тазалап жуу және кептіру мүмкін еместігіне көзі жетсін. Айқайлап атқаннан гөрі іспен істеп көрсету дәлелді.
3. Балаларыңызға өздерін жасырын емес тәсілдермен, күшті екендіктерін сезіндіріңіз; әйтпесе тыйым салынғандарды өздері-ақ тауып алады. Ол үшін балалармен ақылдасыңыз, таңдау, сатып алу, ақша есептеу, қиын емес тамақ әзірлеу құқығын беріңіз. Екі жастағы балаға пластикалық ыдыстарды, жеміс-жидектерді жуу және асхана аспаптарын жәшікке салып қою қиын емес. Әрине, бұларды сіз тез және жақсырақ істейсіз, алайда мәселе мәні мұнда ма? Егер сіз балаларыңыздың көмегінсіз істей берем десеңіз, онда сіз олардың өздерін қажетті және күшті сезіну мүмкіндіктерінен айырасыз.
4. Айтқан сөздеріңіз мен қылықтарыңыздың неге әкеліп соғатынын ешқашанда жадыңыздан шығармаңыз. Өзіңізден былайша сұрап қойып отырыңыз:
– Егер мен араласпасам, не болар еді?
Егер біз, бұған ешқандай қажеттілік болмай тұрса да, араласа берсек, онда біз балаларымызды өз зардаптарын көру және жасаған қателіктерінен үйрену мүмкіндігінен айырамыз.
Осылайша, өмірімізді күңкілдеп ұрсу мен қорқытуға айналдырамыз. Егер балаңыз ертеңгілік тамақты алуды ұмыта берсе – оны портфеліне күнде салып беруді тоқтатыңыз. Ұмытып кетіп, қарны ашқандықтан, таңертең портфеліне таңертеңгілік тамағын салу керектігі есінде болады.
5. Сіздің барлық талаптарыңыз бен нұсқауларыңыз балаға түсінікті және қисынды болуы қажет. Ал ол үшін келесі жолы, ол видиотекаға фильмді тапсыруды ұмытып кетсе, оны ұрсуға асықпаңыз- ол ренжіп қалады да, сабағыңыз пайдаға аспайды. Өзіңіз жүгірмеңіз, оның берешектерін өтемеңіз. Ол өзі шешсін өз проблемасын және қарызға қайдан ақша алу керектігін ойласын. Бала үшін оның зардаптары, өзінің мінез-құлқына қисынды байланыста болуы қажет. Сонда ғана ол, өзінің барлық берешегін қайтарған жағдайда ғана, сіздің тәртібіңіздің қисындылығын байқайды.
6. Жанжалдардан қашып жүріңіз.
Егер балаңыз сізді өзінің ренішімен, айғай-шуымен тексергісі келсе немесе сізбен әдепсіз сөйлей бастаса, онда бәрінен де дұрысы, басқа бөлмеге кетіп қалу және оны сол бөлмеде тыныш қалыпта сөйлесуге тосатынын айту қажет. Өзіңізді өзіңіз барынша ұстай біліңіз. Егер сіз ренжіп, өкпелеп қалсаңыз немесе ашуланып кетсеңіз онда сіздің жеңілгеніңіз.
7. Кінә мен кінәліні бір жерге үйіп төкпеңіз. Бала бір нәрсені бүлдіріп алуы мүмкін, алайда одан ол жаман болып қалмайды. Істеген қылығына қарамастан, ол әрқашанда өзін жақсы көретініне сенімді болуы қажет. Егер өз талаптарыңыздың дұрыстығына шүбә келтірсеңіз, онда өзіңізден өзіңіз сұраңыз: «Бұдан бала өз күшіне сенімді бола ала ма?»
8. Мейірбанды болу керек және осыған орай қатал да бола білу қажет. Мысалы, сіз қызыңызға бес минут ішінде киіну қажет, әйтпесе оны түнгі көйлекпен машинаға отырғызам дедіңіз. Айтылған уақыт өткен соң оны машинаға тыныш және абайлап отырып апаруға толық құқығыңыз бар. Сізді сендіре аламын: келесі жолы таңертең киім кию проблемасы болмайды. Тек осы сәтте сіз мейірбанды және әділ болуыңыз қажет.
9. Біздің сөзіміздің қазір ғана емес, жылдар өткеннен кейін де, балаларымыз өсіп, немерелерімізді тәрбиелеген кезде қайта айналып келетінін жадымыздан шығармайық. Бұдан мынадай қорытынды шығара отырып, кейде проблемаларды қарапайым және тез шешуден бас тартуға тура келеді. Егер біз бір сәттік проблеманы шешуге тырысқаннан баланы кейде ұрып жіберуге дайын тұрамыз, осыған орай біз оны озбыр қылыққа үйретеміз.
10.Дәйекті болыңыз. Егер сіз дүкеннен конфет сатып алмаймыз деп келіссеңіз, онда баланың жылағанына, жалынғанына, қыңырлығына қарамастан және алып бергіңіз келіп тұрсада, өз сөзіңізде тұрыңыз. Бала сіздің өз сөзіңізде тұратыныңызға көзі жеткенде ғана сізді көбірек сыйлайтын болады.
Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді
-Егер баланы үнемі сынай берсеңіз, ол жек көруді үйренеді;
-Егер бала өшпенділікте өмір сүрсе, ол озбыр болуды үйренеді;
– Егер баланы кемсітіп, күлсеңіз, ол тұйық болады;
-Егер бала жазғыру жағдайында өмір сүрсе, ол кінәлі болу сезімімен өмір сүруге үйренеді;
-Егер бала шыдамдылықта өссе, ол басқаларын қабылдауды үйренеді;
-Егер баланы құптап отырса, ол өзіне сенімді болуға үйренеді;
-Егер баланы мақтап отырса, ол мейірбанды болуды үйренеді;
-Егер бала адалдықта өссе, ол әділ болуды үйренеді;
-Егер бала қауіпсіздікте болса, ол адамдарға сенуді үйренеді;
-Егер баланы қолдап отырса, ол өзін бағалауды үйренеді;
-Егер баланы түсіне біліп, оған мейірбандылықпен қараса, ол бұл әлемдегі махаббатты таба білуді үйренеді.
1.Жеткіншекпен отбасындағы өмір орын ауыстыра отырып, жұппен би билегенге ұқсайды. Сіз бірде жетекшінің ролінде болсаңыз, бірде беделді адамның ролінде, бірде, замануи жастардың субкультурасын түсінбейтін «шайнек» ролінде боласыз. Ал осы рольдер –бүркемелейтін бет перде емес ( ең бастысы- ештемені «ойнамау»), бұлар ата-ананың нақтылы ахуалға дайындығы ұдайы өзгеріп тұратын жағдаятқа және көңіл –күйге бейімделуі, өз баласының пікірлері мен көзқарасына байланысты икемділік қағидасы.
2.Сізге «ата-ананың шүбәсіз беделі» болған кезеңі ешқашан енді қайтып келмейтінін жадыңыздан шығармауға тура келеді, сондықтан бағындыра бұйыруды тоқтатыңыз. Бұл кез-келген жеткіншекпен өзара қарым-қатынаста жеңіліс табар стратегия болып табылады. Қайтадан бұрынғы беделді «қайтаруға» тырысыңыз. Бұл жолда баланың абстрактылы сөздер мен декларацияға енді ешқашан сенбейтінін біліп алыңыз, ол сіздің әрекетіңізді, стратегияңызды, дәрежеңізді талдайды.
3. Баланы тек қана тыңдап қана қоймай, оның әрекеттерін бақылап отырыңыз. Әдеттегі вербалді (сөзбен айту) жеткіншектік қарсылықтан гөрі, оның жағдайын жүрісі, қозғалысы мен мимикасы бірден байқатады. Өзіңізге сұрақ қойып көріңіз: «Неліктен ол дұрыс түсінбейді?, «Мен оның қарсылығын жұмсарту үшін не істеуім керек?». Сеніңіз, ол сізбен тайталасқысы келіп тұрған жоқ, қайта ажыратып алып, түсінгісі келеді және сізді соған шақырады.
4. «Тәрбиелеушілік ықпалының» нақтылы нәтижесін жоспарламаңыз, және де оған орала бермеңіз. Ол бәрібір басқадай болады. Өйткені бұл өзара қарым-қатынастың ЖҰПТАСҚАН БИІ. Сіз осылайша болады деп ойладыңыз, ал ол басқаша болып шықты- оған қуаныңыз. Сізді балаңыз тағы бір стеореотиптен сізді құтқарып қалды. Осылайша, ол ішкі сезім әсерлерін тұншықтыра отырып, сіздің тұлға ретіндегі өзіндік өсуіңізге мүмкіндік берді.
5. Есіңізде бар ма, жеткіншектік жастағы ерекшеліктердің бірі қауіп-қатерден тайсалмау, ол кейде өзін -өзі байқатудан туады. Егер сіз бұған әлі үйрене алмасаңыз, оған енді төзуге уақыт келді. Балаңызбен бірге, алайда, тек өз аумағыңызда ғана тәуекел етуге қорықпаңыз. Балаңызбен өзара қарым-қатынаста жаңа тәсілдерді қолдануда тым өжет, тапқыр болған сайын, онымен тезірек бір тілде сөйлесе аласыз. Ең бастысы, жеткіншек Сіздің ойлап тапқыштыңызға таңданудан жалықпауы керек.
6. Әзілдесу сезіміңізді сақтай біліңіз, өзіңіздің бойыңызға біткен оптимистік сезімнің кішкентай болса да бір бөлігін беруге тырысыңыз. Өйткені, оның ішкі дүниесінде болып жатқан рухани және физикалық өзгерістерді ол өте қауіпті деп қабылдайды. Егер Сіз, балаңыздың проблемасын талқылап, оны шешу жолдарын талқылай беретін болсаңы, онда үйіңіздегі жағдай өндірісте ұдайы өткізілетін жиналыстарға ұқсап кетеді. Жағдаяттарды жақсы танып білу үшін одан шеттеңіз де, оған әзілмен қарауға тырысыңыз. «Алыстан жақсы көрінеді», барынша оптимистік тұрғыда қабылдаңыз. Жеткіншектің көңіл-күйін әзілдеуге болмайды, одан да жағдаяттың өзін мысқылдап қою тиімді болары анық. Әзіл шиеленісті ахуалды аздап болса да бәсеңдетуге көмектеседі.
7. Жеткіншектік шақ проблемасы бойынша әдебиеттер мен БАҚ-дан түскен ақпараттарды «сүзгіден өткізуге» тырысыңыз. Біріншіден, оның мазмұны тіптен терең емес. Екіншіден, соңғы жылдары «қорқынышты жәйттерді» жариялау дәстүрге айналып барады. Сеніңіз, Сіз оқыған ақпараттың бәрі дерлік Сіздің балаңызға қатысты болмай шығады. Оқығаныңызды оған келетіндей етіп «өлшеп» көріңіз, сонда ғана Сіз «костюмшенің» оның бойына қонбай тұрғанын байқайсыз. Жеткіншектерде бола беретін «қорқынышты» жәйттердің бәрі дерлік балаңыздың басынан өтеді деп ойламау керек.
8. Өзіңіздің отбасындағы отбасылық құндылықтарыңыз бен дәстүрлеріңізді еске ала отырып, Сіз үшін және балаңыз үшін ненің ортақ болғанын талдап қойып отырыңыз. Бұл екі буын өкілінің «Жақсы дегеніміз не, жаман дегеніміз не?» деген мәңгілік құндылыққа байланысты көзқарасын салыстыратын сұрақ. Адамгершіліктік -ізгіліктік және этикалық құндылықтарымызды механикалық тұрғыда бере салуға, ал зорлап міндеттеуге тіптен болмайды, олар балалық шақ кезеңінде қалыптасады да, өзіне тән немесе бөтен болып қалады. Егер, Сіз үшін қанда да болмасын бір маңызды боларлық құндылық балаңыз үшін бөтен тізімде бола қалған жағдайда, онда басыңызды ұстап, күйзелмеңіз, ызыңдап балаңызды қажыта бермеңіз. Сол құндылық қасиеттерін және маңыздылығын түсіндіріп, оған көз жеткізуді ойластырыңыз. Сонымен бірге, балаңыздан нені үйренеріңізді де талдап отырыңыз.
9. Жеткіншектің ең басты талпынысы- өз бетінше дербестікте болу ынтасы. Алайда, дербестікте болу өзі үшін және отбасының өмірі үшін де үлкен жауапкершілікте болуды көздейді. Бұл жерде, жеткіншектің басты проблемасы, жеткіншек өзіне ыңғайлы, пайдалы болатын жердегі жауапкершілікке ұмтылысы. Сіздің мақсатыңыз, өзіңіздегі жауапкершілікпен және «аз түсім беретін» басқа да саладағы жауапкершілікпен бөлісуді үйрету. Сіз оған оның өмірінде және отбасында болып жатқан жәйттер енді тек Сіздің арқаңызда немесе Сіздің кінәңізден емес екендігін түсіндіруіңіз қажет.
10. Жеткіншек- балшық емес, ал Сіз де – скульптор емессіз. Сіз қанша талпынсаңызда өзіңіздің барлық арманыңыз, кеудемсоқтық қиялыңыздан туындаған «пәк» бала скульптурасын жасай алмайсыз. Оның қиялында- басқаша «пәктік» орын алған. Сіздің мақсатыңыз- оның нақтылы ахуалдағы мақсаты мен талпынысын байқай отырып, өзгеруіне және ер жетуіне көмектесу.
11. Балаңызға алдына қойған мақсаттарына жетуде нақтылы қадам жасауына көмектесіңіз. Бұл- өзін-өзі билеуі үшін өте маңызды болып табылады. Атап айтсақ, жеткіншектік шақта мақсаттар зор болады, ал оны игеру мүмкіндіктері аздап артта қалып отырады, кейде оның «идеалы» сол қол жетпейтін арман қалпында қалуы да мүмкін. Балаңызға өз күшіне сенуіне көмектесіңіз, егер қажет болса нәтижеге жету стратегиясын бірлесе отырып жасаңыз. Мұндай жұмыста және оған деген жауапкершілікте басты роль оған жататынын жадыңыздан шығармаңыз, Сіз- баланың сұрауы бойынша өз тәжірибеңізбен ғана бөлісе алатын, тек қана «ақсақалсыз».
12. Жеткіншектік кезең – бала өмірінде өзгерістердің қарқынды өтетін кезеңі. Жеткіншекке өмір дәмін сезінуіне, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік беріңіз, ал бұл кезең ересек өмірге бастайтын қадам. Балалық шақ (өткен) кезеңдегі, қарқынды өзгерістер (қазіргі кезеңдегі), және өзін-өзі байқату ( болашақтағы кезеңі) өмір тәжірибесінің өзара байланысы мен өзара әсер етуін байқатыңыз, өйткені өмір сценарийі-бұл барлық құрамды бөліктерді біріктіретін нәтиже.
13. Балаңызды өзі жіберіп алған қателіктерінен қорықпауға үйретіңіз. «Ештеме істемейтін адам ғана жаңылыспайды» деген ығыр болған қағида мұны түсінуге мүмкіндік береді. Өз өміріңіз бен басқаның өмірінен мысалдар келтіре отырып «Шарықтау мен құлдилау» тәжірибесін көрсетуге болады.
14. Жеткіншектің назарын мынаған аударыңыз, кез-келген адамға ішкі қайшылықтар тән. Жақсылық пен жамандық, сәтсіздік пен жеңімпаз, азаттық пен тәуелділік, ерік пен еріксіздік, шындық пен өтірік және т.с. ұғымдар тұрақты, біркелкі бола бермейді, осыған орай, ересек адам өмірінде бола беретін жағдаяттар тексеруді, талдауды, ал кейде оларды қайта қарастыруды талап етеді. Мұндай жағдайда оларды орындап шығау оңай, өйткені кейбір жеке проблемалар жан-жақтылық болу дәрежесіне ауысады. «Бәрі осы арқылы өтеді» қағидасы «мен осындай тиянақсызбын» деген қағидаға қарағанда әлсіздеу және көбірек қорғалатын болып табылады.
15. «Өзін-өзі тану»- жасына, дәрежесіне қарамастан, кез-келген ойлана және сезіне білетін адамның шексіз құқығы. Осыған байланысты алғаш пайда болатын сезімдер мен эмоциялар –бұл қиын да, әсерлі жолдың шығар жері, есептеу өлшеуіші.
Табыстар тілейміз!
Өзін-өзі оқшаулау жағдайында тыныштық пен эмоционалды жайлы ахуалды қалай сақтауға болады. Педагог-психологтың ата-аналарға ұсыныстары.
Бүгінгі қиын уақытта, тұрақсыздық, өзгеріс, дағдарыс кезеңінде балалар, ересектер сияқты, уақытша бағдарларын, шекараларын жоғалтып алуда. Кез-келген нормалар мен ережелер сөзсіз әлсіреуде. Сондықтан, біз, ересектер үшін, жаңа жағдайда балаға көмектесу, оған шаралар мен тәртіптілікті қолдану өте маңызды.
Сонымен, неден бастау керек?
1. Өз сабырлылығыңыз. Тағы да тыныштық пен сабырлық!
Енді біз, ересектер үшін ең сабырлы эмоционалды күйде болу өте маңызды! Өз ойларыңыз бен сезімдеріңізді ретке келтіру — ата-ана үшін балаңызға көмектесудің қажетті шарты. Сіздің сабырлы күйіңіз балаңызға қазіргі кезде мазасыздық жағдайында қажет болатын табандылық пен және тұрақтылықты сезінуге көмектеседі.
2. Күнделікті режимді қалпына келтіру. Біздің денсаулығымыз бен әл-ауқатымыз күнді қалай өткізетіндігімізге, қандай режимде өмір сүретінімізге, ұйқыға, демалуға, тамақтануға уақытты қалай бөлетінімізге, сондай-ақ әр түрлі уақытқа қанша уақыт бөлетінімізге тікелей байланысты. Күнді жоспарлау Сізге дұрыс жолда болуға көмектеседі және көңілсіздік қаупін азайтады, бұл өз кезегінде депрессия мен мазасыздықтың әртүрлі түрлеріне әкелуі мүмкін.
3. Дене белсенділігі. Бала, Сіз сияқты, физикалық белсенділікті қажет етеді. Дене шынықтыру минуты, онлайн жаттығу, би және тағы басқалар. Бірге немесе бөлек жасаңыз! Қозғалыңыз! Белсенділігіңізді арттырыңыз!
4. Интернет желісін пайдалануды ақылға қонымды шектеу. Баланың Интернетті пайдалану ережелері мен тәртібін белгілеңіз. Оны толығымен шектеу мүмкін емес. Оқу, қарым-қатынас, жаттығу және тағы басқалар қазір Интернетке көшті. Бірақ күні бойы компьютердің немесе планшеттің алдында отыру баланың денсаулығы мен психикасына өте зиянды. Балалармен бірге баланың өзекті қажеттіліктеріне жауап беретін Интернетті пайдаланудың ақылға қонымды нормаларын анықтауға тырысыңыз.
5. Міндетті үй жұмыстары. Балаңызға үй ішінде орындайтын кішігірім міндеттеріңізді анықтаңыз. Баланың үй шаруашылығына көмектескісі келген кез-келген бастамасын мадақтап отырыңыз.
6. Позитивті эмоциялар. Біз бір кеңістікте ұзақ уақыт болған кезде, жағымды эмоциялар болмауы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, солай болады! Бұл туралы не істеуге болады? Шығармашылықтың көмегімен жағымсыздықты жоюдың тамаша тәсілі бар: сурет салу, мүсіндеу, импровизацияланған материалдардан өнер нысандарын жасау. Сондай-ақ, сүйікті музыкаңызды тыңдай аласыз (құлаққап арқылы), жақсы кітаптар оқи аласыз, позитивті, өмірді растайтын фильм көре аласыз. Өзіңізге және сүйікті ісіңізге уақыт бөлуді ұмытпаңыз! Есіңізде болсын, өзіңіз үшін кез-келген ыңғайлы және ыңғайсыз жағдайдан Сіз оң тәжірибе алып, қазір өзіңізгее қажет ресурстарды таба аласыз! Аман-сау болыңыз!
Сақ болыңыз! Бүгінгі таңда білім алушылар арасында және психологиялық көмек ортасында “буллинг”сөзі жиі естіледі. Ағылшын тілінен аударғанда “қорқыту”, “кемсіту”, “мұқату” дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды, әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін, сондықтан оны міндетті түрде тоқтату керек. Буллинг – агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсететін мінез-құлық, команданың басқа мүшелерінің немесе оның бір бөлігінің (мектеп, студенттік немесе кәсіби) мүшелерінің біреуін агрессивті қудалау. Қудалау кезінде жәбірленуші өзін шабуылдардан қорғай алмайды. Осылайша, қудалау жанжалдан өзгеше, мұнда тараптардың күштері шамамен тең болады.
Буллинг себептері. Буллингтің пайда болу себептері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ, ең алдымен, бұл отбасылық қорлаудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ата-аналардың сенімі мен қолдауының болмауы.
Буллингтің құрбаны кім. Буллингтің құрбандары көбінесе нашар оқитын білім алушылар, мұғалімдердің сүйіктілері, физикалық тұрғыдан әлсіз балалар, ата-аналары асыра қорғаған балалар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, шағымдана берушілер, өздерін ұжымнан ерекшелейтін аурулардан зардап шегетін балалар, қазіргі заманғы прогресстің электрондық жаңалықтары жоқ немесе олардың ішіндегі ең қымбаты, басқа балаларға қол жетімді емес электронды инновациялары бар балалар вундеридиттері болуы керек. Барлық құрбандардың ортақ бір ерекшелігі бар: көбінесе сезімталдығы жоғары балалар мен жасөспірімдер өздерінің «әлсіздігін» (қорқыныш, реніш немесе ашуланшақтық) көрсетіп, қорқыту объектісіне айналады. Олардың реакциясы агрессияшылардың күткенімен сәйкес келеді де қажетті артықшылық сезімін тудырады. Ұлдар көбінесе бұзақылықтың құрбаны және бастамашысы болады.
Зорлық-зомбылық әдістері – жәбірленушінің жынысына байланысты ерекшеленеді: ер балаларды ұрып-соғу жиі кездеседі, ал қыздар туралы жала жабу туралы өсек көбінесе таралады. Зорлық-зомбылық жәбірленушінің сенімділігін жоғалтуына әкеледі. Сондай-ақ, бұл құбылыс психикалық бұзылулардың, сондай-ақ психосоматикалық аурулардың әртүрлі ауырлық дәрежесіне әкелуі мүмкін және суицидке себеп болуы да мүмкін. Бұл жағдайда адамға оны қорлайтындығын түсіндіру және осы жағдайда қалай әрекет ету керектігін көрсету маңызды.
Буллингтің негізгі түрлері- Ауызша қорқыту: бұл сөздік қорқыту немесе зорлық-зомбылық білдіретін сөздермен қорқыту, оған үнемі қорлау, қорқыту және біреуді сыйламайтын пікірлер кіреді (сыртқы келбеті, діні, этносы, мүгедектігі, киім кию әдеттері және т.б.). Белгілері: қорлық көрген балалар көбіне тұйық, көңіл-күйсіз немесе тәбеті нашарлайды. Олар сізге біреудің оларға айтқан қорлаушы сөздері туралы айтып, бұл шындық па деп сұрайды.
Не істеу керек: балаларыңызды құрметтеуге үйретіңіз. Өзіңіздің мінез – құлқыңыздың көмегімен, мұғалімдерге алғыс айтыңыз, достарыңызды мадақтаңыз, дүкен қызметкерлеріне жақсы қарым-қатынас көрсетеңіз,әркім жақсы қарым-қатынасқа лайық деп олардың ойын нығайтыңыз . Балалардың өзін-өзі бағалауын дамытып, өздерінің күшті жақтарын бағалай білуге үйретіңіз.
Ата – аналар ұсына алатын ең жақсы қорғаныс-бұл өз баласының өзін-өзі бағалауы мен тәуелсіздігін нығайту және қажет болған жағдайда әрекет етуге дайын болу. Балаңыздың бұзақылық сөздер мен әрекеттерге жауап беруінің қауіпсіз, сындарлы тәсілдерін талқылаңыз және жаттығыңыз. Жасөспірім зорлық-зомбылық жасаушыға қатал, бірақ қастықсыз үнмен айта алатын негізгі сөз тіркестерін бірге ұсыныңыз, мысалы: «Сіздің сөздеріңіз жағымсыз», «Мені жайыма қалдырыңыз» немесе «Әрмән жүріңіз». .
Физикалық буллинг: физикалық қорқыту немесе агрессивті физикалық қорқыту арқылы буллинг бірнеше рет ұрып-соғудан, тепкілеуден, аяқтан шалып қалып құлатудан, бұғаттаудан, итеріп, қолайсыз және орынсыз түрде тиюден тұрады. Белгілері: мұндай жағдай орын алғанда, көптеген балалар ата-аналарына бұл оқиға туралы айтпайды, сондықтан мүмкін болатын ескерту сигналдары мен жанама белгілерге назар аударыңыз, мысалы, түсініксіз кесілген жері, тырналу, көгеру, жоғалған немесе жыртылған киім, бас ауруы мен іштің ауыруы туралы жиі шағымдарға назар аудару қажет.
Не істеу керек: егер сіздің балаңызға физикалық зорлық – зомбылық жасалды деп күдіктенсеңіз, кездейсоқ әңгіме бастаңыз-білім беру мекемесінде қалай болып жатқанын, түскі ас кезінде немесе үзіліс кезінде, үйге барар жолда не болғанын сұраңыз. Жауаптардың негізінде баладан біреу оған қарсы өзін-өзі қорлағанын біліңіз. Эмоцияңызды сабырлы ұстауға тырысыңыз. Баланың Сізбен, мұғалімдермен немесе психологпен ашық, тұрақты байланысының маңыздылығын атап өтіңіз. Қорлау оқиғаларының күні мен уақытын, қатысқан адамдардың тиісті реакциясын және қабылданған әрекеттерді құжаттаңыз. Мәселені өзіңіз шешу үшін бұзақылардың ата-аналарына (бұзақыларға) жүгінбеңіз. Егер сіздің балаңызға физикалық зорлық-зомбылық жалғасып жатса және Сізге білім беру мекемесінен тыс қосымша көмек қажет болса, жергілікті құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Жедел түзету әрекеттерін қамтитын қорқыту мен қудалауға қарсы күрес туралы заңдар бар.
Әлеуметтік буллинг: әлеуметтік қорқыту немесе оқшаулау тактикасымен әлеуметтік буллинг біреудің топқа қатысуына, мейлі дастархан басында тамақтануға, ойнауға, спортпен айналысуға немесе қоғамдық жұмыстарға қатысуына жол бермейді деп топшылайды. Белгілері: балаңыздың көңіл-күйінің өзгеруін, құрдастарына қатысуға құлықсыздығын және жалғыздыққа әдеттегіден гөрі көбірек қалатынанына назар аударыңыз. Ер балалардан гөрі қыздар әлеуметтік оқшаулануды, вербальды емес немесе эмоционалды бұзақылықты сезінеді. Буллингтің бұл түрінен болатын психикалық ауруы физикалық зорлық-зомбылық сияқты күшті және ұзаққа созылуы мүмкін.
Не істеу керек: балалармен күннің қалай өткендігі туралы сөйлесу үшін кешкі уақытты пайдаланыңыз.Оларға кез-келген нәрседен жағымды нәрселерді іздеуге көмектесіңіз, балалардың жақсы қасиеттеріне назар аударыңыз және оларды жақсы көретін және әрқашан оларға қамқорлық жасауға дайын адамдардың бар екеніне көз жеткізіңіз. Сіздің балаларыңыз білім беру жағдайынан тыс қарым-қатынас жасай алатындай етіп, олардың музыкаға, өнерге, спортқа, оқуға және ата-аналарға деген қызығушылықтарын дамытуға назар аударыңыз.
Кибербуллинг: Кибер қорқыту біреуді қорлайтын сөздермен, өтірікпен және жалған қауесеттермен электронды пошта, SMS хабарламалары және әлеуметтік медиа жазбалары арқылы айыптаудан тұрады. Сексистикалық, нәсілшілдік және басқа да осыған ұқсас хабарламалар, тіпті балаға тікелей бағытталмаса да, қастық ахуалды тудырады. Белгілері: балаңыз Интернетте бұрынғыдан гөрі көбірек уақыт жұмсағанына назар аударыңыз, осыған орай ол көңілсіз және мазасыз бола ма. Ол компьютерде, телефонда немесе планшетте жағымсыз хабарламаларды оқыса да, бұл оның әлеуметтенудің жалғыз тәсілі болуы мүмкін. Баланың ұйықтау проблемалары бар-жоғына, ол үйде болуды сұрап, білім беру ұйымына бармайтындығына немесе сүйікті іс-шаралардан бас тартатынына назар аударыңыз.
Міндетті түрде не істеу керек: қорлайтын сипаттағы хабарламалар жасырын және тез таратылуы мүмкін, бұл тәулік бойы кибершабуылға әкеледі, сондықтан алдымен Интернетті пайдаланудың үй ережелерін орнатыңыз. Баламен оның жасына сәйкес уақыт шектеулері туралы келісіңіз. Балаңыз оларды пайдаланбас бұрын танымал және ықтимал қорлайтын веб-сайттардан, қолданбалар мен сандық құрылғылардан хабардар болыңыз. Балаңызға оның желідегі қызметін бақылауға ниет білдіретіндігіңізді айтыңыз. Егер ол кибершабуылға ұшыраса, ол бұзақының қаскүнемдігіне ұрынбауы, әрекет етпеуі немесе оны арандатпауы керек екенін айтыңыз. Оның орнына, Сізге арандатушылық хабарламаларды, оның ішінде оларды қабылдау күні мен уақытын басып шығару үшін Сізге кибершабуыл туралы хабарлау керек. Кибершабуыл туралы білім беру мекемесіне және интернет-провайдерге хабарлаңыз. Егер кибербуллинг күшейе түссе және айқын жыныстық сипаттағы қауіптер мен хабарламалар болса, жергілікті құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Буллинг туралы сөйлесуді қалай бастауға болады? Егер сіздің балаңыз Сізге оны немесе басқа біреудің буллингпен қорқытып қорланғанын айтса, оған қолдау көрсетіңіз, баланы батылдық танытқаны және Сізге бұл туралы айтып бергені үшін мадақтаңыз және ақпарат жинаңыз (сіз ашуланбаңыз және балаңызды кінәлаудың қажеті жоқ). Тек біреуді қиындыққа душар ету мақсатында жала жабу мен көмектесе алатын ересек адаммен шынайы сөйлесу арасындағы айырмашылықты атап өтіңіз. Балаңызбен буллинг туралы сөйлесуді бастаудың тағы бір әдісі – фильм терапиясы деп аталатын отбасымен бірге фильмдер көру. Фильмді көру арқылы бала өзіне болып жатқан оқиғалармен параллель жүргізе алады, оның жағдайын көріп, ата-анасымен бөлісе алады. Әрқашанда, буллинг қорқыту әрекеттеріне қарсы әрекет жасаңыз, әсіресе, егер зорлық-зомбылық ауыр немесе тұрақты болса, жағдайды тоқтатқанша бақылау үшін балаңыздың білім беру мекемесінің қызметкерімен немесе директорымен байланысыңыз