Павлодар медициналық жоғары колледжінің үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығы
17 тамыз, 2016 жылы Павлодар медициналық жоғары колледжі жанында Қосымша білім беру орталығы мен Аймақтық симуляциялық орталығын біріктіру жолымен Үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығы құрылды.
Негізгі міндеттері:
Практикалық денсаулық сақтау саласының әлеуметтік-экономикалық талаптары мен тыңдаушылардың жекелей қажеттіліктеріне сәйкес, жаңа біліктіліктер алу, кәсіптік білімдер мен дағдыларды тереңдету жолымен біліктілікті арттыру.
Жұртшылықты жұмыспен қамту орталығының сұраныстары мен жеке тұлғалардан түскен өтініштер негізінде жұмыссыз жүрген азаматтарды, жұмыспен қамтылмаған жұртшылықты қайта даярлау
Медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге оқытып-үйрету
Симуляциялық оқытудың түрлі нысандары.
Қосымша білім беру нысандары:
Біліктілікті арттыру-бұрын алынған кәсіптік білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны
Қайта даярлау (мамандандыру)- басқа кәсіп пен мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны. Үздіксіз білім беру бағдарламаларын игеру жұмыстан қол үзіп, қол үзбей және ішінара үзілумен жүргізіледі. Соңғы жағдайда, кадрлар жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауына және қосымша білім беру нысандарының бірі бойынша онымен қатар оқытудан өтуіне болады.
Үздіксіз білім беру бағдарламалары оқытудың қашықтық нысаны арқылы жүзеге асырылады.
Қосымша білім беру бағдарламаларын игерген және қорытынды бақылаудан сәтті өткен тыңдаушыларға бекітілген үлгідегі құжат беріледі.
Оқу үрдісін ұйымдастыру
Үздіксіз білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру Денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы №788 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық мамандықтары бойынша қосыша білімінің Мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес, мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
Инновациялық білім беру технологияларын қолданумен бірге, оқыту сапасын арттырудың ең маңызды сәттерінің бірі оқу үрдісін сүйемелдеудің материалдық-техникалық базасын дамыту болып табылады. Орталық: жоғары технологиялық компьютерленген манекен-транажерлермен, манекен-имитатормен, электрондық фантомдармен, үлгі-муляждермен және клиникалық жағдаяттарды, үрдістерді және медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметіндегі басқа да қырларын үлгілеуге мүмкіндік беретін оқытудың басқа да құралдарымен жарақтандырылған. Үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік кабинеті, оқу аудиториялары, практикалық сабақтар өткізу кабинеттері мен симуляциялық кабинеттері бар. Қажет болғанда колледждің оқу кабинеттері мен аудиториялары, компьютерлік сыныптары, кітапханасы қолданылады. Практикалық сабақтар оқу кабинеттерінде, симуляциялық орталықта және Павлодар қаласы медициналық ұйымдарының түрлі клиникалық базаларында өткізіледі.
Орталық базасында денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттар талаптарына мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және кәсіптік даярлығын бағалау ісі өкізіледі.
















ШЖҚ “Павлодар медициналық жоғары колледжі”КМК
Үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығы көрсететін
ақылы білім беру қызметтері бойынша бағалар
р/т № | Біліктілікті арттыру циклдері және сертификаттау циклдері | Құны, теңге | |
Орта медициналық білімі бар мамандар үшін | |||
1. | Орта буын медицина мамандарының біліктілігін арттыру курсы, 1 апта оқыту, 60 сағат көлемінде | 18 000 | |
2. | Орта буын медицина мамандарының біліктілігін арттыру курсы, 2 апта оқыту, 120 сағат көлемінде | 28 500 | |
3 | Орта буын медицина мамандарының біліктілігін арттыру курсы, 2,5 апта оқыту, 150 сағат көлемінде | 35 000 | |
4. | Орта буын медицина мамандарын қайта даярлау курсы, 7,5 апта, 450 сағат көлемінде | 88 500 | |
5. | Орта буын медицина мамандарын қайта даярлау курсы, 10 апта, 600 сағат көлемінде | 115 000 | |
Медициналық білімі жоқ мамандар үшін дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету жөніндегі семинар-тренинг (парамедиктер): | |||
р/т № | Сағаттар саны | 6 тыңдаушыдан кем емес топтар үшін | 10 тыңдаушыдан кем емес топтар үшін |
1. | 36 сағат | 27 000 | 18 000 |
Семинарлар, тренингтер | |||
р/т № | Атауы | Тыңдаущылар саны | Құны, теңге |
1. |
Семинар-тренинг, 36 сағат |
10 | 16 200 |
15 | 13 700 | ||
2. |
Семинар-тренинг, 30 сағат |
10 | 13 600 |
15 | 11 500 | ||
3. |
Семинар-тренинг, 18 сағат |
10 | 8 100 |
15 | 6 600 | ||
4. |
Семинар-тренинг, 12 сағат |
10 | 5 400 |
15 | 4 500 |
Мекенжай: Павлодар қ., И. Байзаков к-сі, 151/2, 5 қабат (ауладан кіру)
Телефон: 8 (7182) 62-81-27, 66-23-93, 66-23-94
Эл адресі: rsc_pav@mail.ru