Психологиялық кеңесi
Келесі мәселелер бойынша психологтің психологиялық консультациялары
Оқытушылардың психологке жүгіне алатын негізгі проблемалары:
-эмоциялық және жеке проблемалар;
-кикілжіңдік қатынастар;
-өзінің педагогикалық ықпалының тиімсіздігі;
-жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;
-өзінің кәсіптік біліктерін, оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін, қызығушы-лықтарын айқындау және дамыту мүмкіндіктерін кеңейту жолдары.
Ата-аналардың психологке жүгіне алатын негізгі проблемалары:
-бейімделу проблемалары;
-оқуға деген қызығушылық пен ынтаның болмауы;
-есте сақтау қабілетінің нашарлауы;
-ұмытшақтықтың ұлғаюы;
-жалқаулық, жалтақтылық, жинақы еместілік,
-озбырлық;
-қызу қандылық немесе керісінше, ұялшақтық, қорқақтық.
Психологке студенттердің өздері жүгіне алатын негізгі проблемалары:
-үлкендермен және құрдастарымен өзара қатынастары;
-өзін-өзі тәрбиелеу;
-психикалық үрдістердің дамуы;
-эмоциялық проблемалар;
-кикілжіңдік өзара әрекеттер.