Жастар корусын дамыту жобасы

ГРАНТТЫҚ БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

 

Проект

Гранттық бағдарламаны іске асырудың негізгі кезеңдері:
a) қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурс;
a) гранттық бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына қатысу, өтінім жазу және беру ережелерін түсіндіру бойынша таныстыру сессиялары;
b) қаржыландыру үшін қабылдаушы ұйымдар мен жастардың бастамашыл топтарының жобаларын іріктеу;
c) жобаларды іске асыратын жас қатысушыларды өмірлік маңызы бар дағдыларға және жобаларды басқаруға оқыту, менторларды қолдау;
d) жастар жобаларын іске асыру;
e) жобалардың орындалуын бақылау және мониторингілеу. Кері байланыс және проблемаларды шешу механизмі;
f) жобаларды іске асыру кезіндегі есептілік;
g) гранттың жабылуы.
Гранттық бағдарламаға жастардың қатысу мүмкіндіктері:
1. Өз әлеуетін, өмірлік маңызы бар дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл идеялар мен жобаларды іске асыруға мүдделі жастар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру жөніндегі гранттық бағдарламаға қатыса алады.
2. Жас қатысушыларға жобаны қаржыландыруға өтінім берудің 2 тәсілі беріледі: (i) қабылдаушы ұйым арқылы және (ii) дербес жастар бастамашыл тобын ұйымдастыру арқылы.
3. Әрбір жас қатысушы қабылдаушы ұйымға қоғамдық пайдалы қызмет саласындағы өз жобасымен жүгінуге немесе қабылдаушы ұйым ұсынған, осы географиялық өңір үшін өзекті жобаны іске асыруға қатысуға құқылы.
Қабылдаушы ұйымдар үшін қатысу шарттары:
4. Қабылдаушы ұйымдар болуға құқылы:
a) “Мемлекеттік жастар саясаты туралы” ҚР Заңына сәйкес жастар ұйымдары;
b) жарғылық мақсаттарында жастарды дамыту мен қолдау жөніндегі қызмет көзделген қоғамдық бірлестіктер, қорлар, заңды тұлғалар бірлестіктері, мекемелер нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;
c) жарғылық мақсаттарында жастарды дамыту және қолдау жөніндегі қызмет көзделген корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын іске асыратын жеке ұйымдар.
5. Қабылдаушы ұйымдарға қойылатын талаптар (іріктеу критерийлері):
a) жобалау өтінімін берген сәтте ұйымның кемінде 1 жыл заңды тіркеуінің болуы;
b) ұйым Павлодар, Қарағанды, Алматы немесе Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында жұмыс істеуі тиіс;
c) көрсетілген өңірлерде филиалдары бар республикалық ұйымдар қабылдаушы ұйымдардың конкурсына қатысу үшін филиалға ресми рұқсат беруі тиіс;
d) мәлімделген қызметтің ұйымның жарғылық мақсаттарына және жарғылық қызметіне сәйкестігі;
e) жастардың қатысуымен әлеуметтік бағдарламаларды/жобаларды іске асыру саласында тәжірибенің болуы;
f) ұйымда басшы мен бухгалтердің болуы;
g) салықтық және өзге де берешектердің болмауы;
h) ұйым мемлекеттік сатып алу сайтында қызметтерді жосықсыз жеткізушілердің тізілімінде болмауы тиіс.
6. Қабылдаушы ұйымдар келесі қызмет түрлерін көрсетеді::
a) жастардың осал санаттары арасында гранттық бағдарламаның шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
b) жобалық өтінімді дайындау және беру бойынша бастамашыл жас топтарға ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау көрсету;
c) әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында жастар топтарын қалыптастыруда жастарға қолдау көрсету;
d) жобаларды іске асыру кезінде қауіптерді азайту мақсатында жас қатысушылармен тұрақты кездесулер өткізу;
e) жас қатысушыларға жобаларды іске асыру кезінде қажетті көмек көрсету (өз мүддесінде жобаларды орындаушылардың мақсатын, мазмұнын және құрамын өзгертпеу);
f) уақтылы есептілікті ұсыну мақсатында жобаларға жетекшілік ету;
g) жобаны орындау шеңберінде қаржылық операцияларды басқару;
h) жобаларды іске асыру бойынша қаржылық және бағдарламалық есептерді ұсыну.
7. Қабылдаушы ұйымдар жастар топтарының атынан бірнеше жастар жобаларын ұсына алады, бірақ 7 (жетіден) аспайды. Жобалар басқа донорлар (ұйымдар) қаржыландыратын ұйымның қызметін қайталамауға тиіс.
8. Қабылдаушы ұйымның қызметкерлері жастар топтарының құрамында жобаларды іске асыруға қатыса алмайды.
9. Қабылдаушы ұйымдарға әрбір жоба бойынша грант беру туралы шарт сомасының 15% мөлшерінде үстеме шығыстарды жабуға арналған өтемақы төленеді.
10. Үйлестіру агенттігі барлық қабылдаушы ұйымдармен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасады, онда өзара іс-қимыл нысандары, Тараптардың құқықтары мен міндеттері жазылады.
11.Жастардың бастамашыл топтарына қойылатын талаптар:
• жастар гранттық бағдарламаға қатысу және өз жобаларын іске асыру үшін өз бетінше жастар бастамашыл тобын құра алады.
12. Жастар бастамашыл тобы гранттық бағдарламаға қатысу үшін тек 1 (бір) жобаны ұсына алады.
13 Әрбір жас адам тек 1 (бір) жобаны іске асыруға қатыса алады.
14. Гранттық бағдарламаға қатысу үшін жастардың бастамашыл топтары келесі талаптарға сай болуы керек:
a) жастар бастамашыл тобының құрамы 3 (үш) адамнан 5 (бес) адамға дейін;
b) жастар мәлімделген жобаны іске асыру аумағында кемінде 3 (үш) ай тұруға немесе өтінім берген сәтте жобаны іске асыру аумағында кемінде 3 (үш) ай уақытша тіркелуге тиіс;
c) әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесі бар топ көшбасшысының болуы;
d) жобаны іске асыруда топтың әрбір мүшесінің функцияларын нақты бөлу;
e) (i) оқуға, еңбек қызметіне немесе кәсіптік даярлыққа тартылмаған, (ii) жұмыс істейтін, бірақ кедейлік шегінде қалатын осал жастардың Жастар бастамашыл тобына тартылу қолдау табады;
f) топ құрамында әйел жынысты өкілдердің қатысуы құпталады;
g) жастар бастамашыл тобының көшбасшысы жобаны жалпы іске асыруға және ілгерілетуге жауапты болады. Команданың өнімділігі, жобаны іске асыру барысы, қаржылық шығындар, белгіленген нысан бойынша есеп беру сияқты фактілер бірінші кезекте топ жетекшісінің жауапкершілігі болып табылады.
15.Жастар жобаларына қойылатын талаптар:
-жобалар қоғамдастықтың игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызметті дамытуға бағытталуы және мынадай түйінді қағидаттарға сәйкес келуі тиіс: (i) қоғамдастықтың өміріне қатысу; (ii) бастамашылық; (iii) қолдау жүйесі; (iv) қауіпсіз кеңістік; (v) оң мінез-құлықты тану.
16. Жастардың осал тобы өкілдерінің қатысуымен іске асырылатын әлеуметтік маңызы бар жобалар басым мәнге ие болады.
17. Бір жобаны іске асыруға арналған гранттың ең жоғары сомасы 1 000 000 (бір миллион) теңгені құрайды.
18. Пилоттық жылда жобаны практикалық іске асыру ұзақтығы – 5 ай. Кейінгі жылдары жобалар 6 ай ішінде іске асырылатын болады.
19. Жобалық өтінімді қалыптастыру кезінде қатысушылар ұсынылатын бағыттарға бағдарлануы мүмкін, бірақ бұл бағыттар қатысушыларды өз бастамасы ұсынысында шектемейді:
a) білім беру жобалары (білімді, кәсіби және бәсекеге қабілетті қоғамды дамытуға бағытталған жобалар);
b) салауатты өмір салты және спорт (бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын дамытуға және насихаттауға, дене шынықтыру саласындағы бастамаларды қолдауға және дұрыс тамақтануды насихаттауға бағытталған жобалар);
c) мәдениет және бос уақыт (шығармашылық бастамаларды қолдауға және дамытуға, халықтың әртүрлі санаттары үшін бос уақыт кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жобалар);
d) патриотизм және азаматтық белсенділік (рухани-адамгершілік және патриоттық құндылықтарды ілгерілетуге; белсенді азаматтық ұстанымды және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар);
e) отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер (отбасы институтын нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және танымал етуге бағытталған жобалар);
f) экология және абаттандыру (экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, энергия үнемдеу технологияларын қоғам өміріне енгізуге, жергілікті аумақтарды абаттандыру саласындағы бастамаларды дамытуға және қолдауға бағытталған жобалар);
g) ғылым және техника (жастарда инновациялық ойлауды қалыптастыруға, жастарды ғылыми-эксперименттік қызметпен айналысуға ынталандыруға бағытталған жобалар);
h) туризм (ішкі туризмді дамытуға, сондай-ақ туған өлкенің табиғи және тарихи мұрасын зерделеуге бағытталған жобалар);
i) ауылды дамыту (ауылдық жерге және ауылдық өмір салтына оң көзқарас қалыптастыруға, ауыл халқының тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған жобалар);
j) волонтерлік бастамалар (халықтың әртүрлі санаттарын волонтерлік қызметке тартуға, қоғамға риясыз қызмет ету қағидаттарын танымал етуге бағытталған жобалар);
k) әр түрлі (жоғарыда аталған бағыттарға сәйкес келмейтін жобалар).
20. Гранттық бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін жобаларға, сондай-ақ келесі бағыттағы жобаларға қолдау көрсетілмейді:
a) ақылы қызметтер көрсетуді көздейтін коммерциялық жобалар;
b) құрылыс жұмыстарының немесе реконструкциялау жөніндегі жұмыстардың қандай да бір түрлерін көздейтін жобаларды қоса алғанда, инфрақұрылымдық жобалар;
c) діни ұйымдардың қызметтері (шіркеулерді, мешіттерді жөндеу немесе салу және т. б., діни білім беру, діни әдебиетті басып шығару және т. б.);
d) қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін жобалар;
e) әкімшілік ғимараттар немесе жеке құрылыстар салу; жергілікті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін жабдықтар немесе автокөлік сатып алу;
f) жер учаскелерін сатып алу;
g) тұрғын үй сатып алу / жалға алу;
h) басқа көздер есебінен қаржыландырылатын бастамалар;
i) ғылыми зерттеулер жүргізу, әртүрлі әдістемелер әзірлеу (жоба бойынша негізгі қызмет ретінде);
j) баспаханада қолжазбалар жазу, басып шығару (жоба бойынша негізгі қызмет ретінде);
k) журналдар, газеттер шығару (жоба бойынша негізгі қызмет ретінде);
l) мақсаты сыйлықтар тапсыру, құттықтауларды ұйымдастыру, қандай да бір бағдарламаларды немесе жобаларды іске асырғаны үшін ақшалай сыйақы беру және т. б. болып табылатын жобалар.;
m) жынысына, нәсіліне, діни сеніміне, жасына байланысты кемсітушілікке әкелуі мүмкін қызметті жүзеге асыруға қолдау көрсетілмейді.
21. Жоба онлайн-өтінім нысанына толық сәйкес, оны беру тәсілін таңдауға байланысты – қабылдаушы ұйым немесе жастардың бастамашыл тобы арқылы ресімделуі тиіс.
Жобалық өтінімге қатысу және беру тәртібі:
22. Қабылдаушы ұйымдар мен жастардың бастамашыл топтары жобаның ақпараттық порталында онлайн-нысанды толтыру арқылы жобалық өтінімді береді www.zhasproject.kz. Өтінім әрбір тармақ бойынша толтырылуы тиіс.
23. Толтырылғаннан кейін өтінім автоматты түрде порталда бірегей тіркеу нөмірін бере отырып тіркеледі, ол бойынша өтінім беруші сайтта кез келген уақытта өтінімнің мәртебесі туралы ақпарат ала алады:
a.”Өтінім тіркелді ” – өтінімге бірегей тіркеу нөмірі берілді;
b. “Өңдеудегі өтінім” – өтінім техникалық іріктеу рәсімінен өтеді;
c. “Қайта қарауға өтінім” – өтінім қатысушылардың техникалық пысықтауынан өтеді;
d.”Өтінім қабылданды/қабылданбады”–өтінімді техникалық іріктеу жөніндегі комиссия қарады, оның гранттық бағдарламаның талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданды;
e.”Өтінім мақұлданды/мақұлданбады” – өтінім бағалау комиссиясының іріктеуінен өтті/өтпеді;
f. “Грант / оқыту” – өтініш берушінің жобаға одан әрі қатысуы туралы шешім.
24. Өтінімнің тіркеу нөмірі туралы ақпарат, өтінімнің мәртебесін ауыстыру туралы хабарламалар да жобаның жеке кабинетіне және өтінімде көрсетілген өтініш берушінің ұялы нөміріне келеді.
Жобаларды іріктеу үрдісі:
25. Жастар жобаларын іріктеу рәсімі 3 кезеңде өтеді:
1) Техникалық іріктеу.
2) Бағалау комиссиясының іріктеуін қамтиды. Барлық өтінімдерді іріктеу критерийлеріне сәйкес сыртқы сарапшылардан тұратын тәуелсіз бағалау комиссиясы қарайтын болады.
3) Кездейсоқ таңдау әдісімен іріктеу.
26. Өтінімдерді техникалық іріктеуді ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың гранттық бағдарламаның шарттарына сәйкестігін анықтау мақсатында Үйлестіру агенттігінің мамандары жүргізеді.
27. Техникалық іріктеуді жүргізу кезінде Үйлестіру агенттігінің мамандары мынадай критерийлерді басшылыққа алатын болады:
a) жобалық өтінімді ресімдеу және толықтығы. Барлық ұсынылған өтінімдер гранттық бағдарламаның талаптарына сәйкес ресімделуі және толтырылуы тиіс. Бағдарлама талаптарын бұза отырып ресімделген немесе ішінара толтырылған өтінімдерді бағалау комиссиясы қарауға қабылдамайды;
b) жоба командасының болуы. Жобаларды гранттық қаржыландыру үшін оларға жастардың бастамашыл топтарына қойылатын талаптарға жауап беретін жастардың бастамашылары мен орындаушылары ретінде қатысу міндетті шарт болып табылады;
c) жобаның бағыттылығы.
28. Аталған критерийлердің біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келмейтін жастар жобалары техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды.
29. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін қатысушылар жобалық өтінімді пысықтау мүмкіндігіне ие болмайды.
30. Техникалық іріктеуден өткен барлық өтінімдер бағалау комиссиясының қарауына жіберіледі.
31. Бағалау комиссиясының мүшелері жастар жобаларын іріктеуді мынадай критериялар бойынша жүргізеді:

№ п/п Бағалау критерийлері бағалау салмағы %
Жобаның әлеуметтік маңыздылығы (идеяның өзектілігі, негізділігі және шынайылығы, жоба шешуге бағытталған әлеуметтік проблемалардың маңыздылығы, жергілікті қоғамдастық пен оның мүшелеріне пайда)

 

70
Жастардың осал топтарын тарту (жастардың осал топтарының қатысуымен іске асырылатын жобаларға ерекше басымдық беріледі) 30
Жиыны: 100
Өтінімді өту үшін ең аз салмақ: 50

32. Бағалау комиссиясының іріктеу қорытындылары бойынша жобалық өтінімдер кездейсоқ таңдау әдісімен жобалық өтінімдерді іріктеудің қорытынды кезеңін өткізу үшін Дүниежүзілік Банктің командасына жіберіледі.
33. 3 кезеңдік іріктеудің қорытындысы бойынша қатысушылардың келесі топтары құрылады:
a) А тобы – оқыту және менторлық қолдаумен бірге жобаны іске асыруға грант алатын бенефициарлар.
b) В тобы-тек грант алатын бенефициарлар.
с) С тобы-тек оқыту мен менторлық қолдау алатын бенефициарлар.
34. Грант алуға барлық үміткерлер өтінім берушінің өтінімде көрсетілген ұялы нөміріне электрондық пошта арқылы жіберу/хабарлама жіберу арқылы ресми хабарлама арқылы нәтижелер туралы хабардар етіледі.
35. Грант бөлінетін бенефициарлар нәтижелер жарияланғаннан кейін 20 күн ішінде өздерінің жобалық өтінімдерін пысықтайды, белгіленген нысандарға сәйкес жобаларды іске асыру жоспары мен бюджетін жасайды.
Жобаларды қаржыландыру тетігі:
20%), транштардың (аванстардың) мөлшері бекітілген.- 50% -36. Грант сомасы қабылдаушы ұйымның шотына/жастар бастамашыл тобы көшбасшысының шотына транштармен (аванстармен) аударылады (30%
37. Қабылдаушы ұйымның үстеме шығыстары әрбір жоба бойынша грант беру туралы шарт сомасының 15% – ын құрайды және ұйым басшысының және бухгалтерінің жалақысына, офисті жалға алуға, жабдықтарды, кеңсе тауарларын, шығыс материалдарын сатып алуға, Байланыс қызметтеріне, көліктік, курьерлік және банктік қызметтерге, іссапар шығыстарына арналған шығыстарды қамтуы мүмкін.
38. Грант алған қабылдаушы ұйымдар мен жастардың бастамашыл топтары есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-күніне дейін Үйлестіру агенттігіне жобаларды іске асыру барысы туралы бағдарламалық есептер ұсынады.
39. Жоба аяқталғаннан кейін грант алушы қорытынды бағдарламалық және қаржылық есептерді ұсынады.
40. Жобаны іске асыру жөніндегі қорытынды бағдарламалық және қаржылық есептерді алғаннан және мақұлдағаннан кейін Үйлестіру агенттігі бенефициарларға грантты жабу туралы тиісті хат жібереді
Әлеуметтік стипендиялар төлеу:
41. Жобаны іске асыратын әрбір жас қатысушы ай сайын әлеуметтік стипендия алатын болады.
42. Әлеуметтік стипендияның мөлшері білім деңгейіне байланысты өзгереді:
а. орта мектеп түлектері, ТжКБ ұйымдарының және ЖОО оқушылары 26 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік стипендия алатын болады;
b.ЖОО және ТжКБ ұйымдарының түлектері 61 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік стипендия алатын болады.
43. Әлеуметтік стипендиялар жас қатысушы жобаны іске асыруға тартылған жағдайда ай сайынғы негізде берілетін болады.
44. Әлеуметтік стипендия әрбір қатысушыға қатысушының өз бетінше ашқан жеке шотына аударылатын болады. Шот ашуға байланысты барлық қаржылық шығыстарды Үйлестіру агенттігі жүргізеді.
45. Стипендияларды төлеу үшін негіз болады:
a) А тобының бенефициарлары үшін – өмірлік маңызды дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бойынша оқыту бағдарламасына қатысудың кемінде 90%-ы, қатысушылардың жобаларды іске асыру барысы туралы ай сайынғы бағдарламалық есептері, сондай-ақ менторлар ұсынған кездесулер консультацияларының онлайн-журналдары;
b) B тобының бенефициарлары үшін – қатысушылардың жобаларды іске асыру барысы туралы ай сайынғы бағдарламалық есептері.
46. Әлеуметтік стипендияларды ай сайынғы төлеу және жобаларды қаржыландыру, бенефициармен грант беру туралы шартты бұзуды қоса алғанда, мынадай жағдайларда тоқтатыла тұруы немесе мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін:
a) грант беру туралы шарттың талаптарын орындамау;
b) гранттық қаражатты мақсатсыз пайдалану, атап айтқанда, жоба бюджетінде бекітілмеген шығыстар;
c) алаяқтық және / немесе сенімді теріс пайдалану;
d) құжаттаманы бұрмалау;
e) есептілік кестесіне сәйкес бағдарламалық және қаржылық есептерді ұсынбау.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ

1-ҚАДАМ: ЖОБАЛЫҚ ИДЕЯНЫ ДАМЫТУ
Бастамашыл топқа бірігу (3-5 адам, қатысушылардың жасы 18-29 жас)
ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ӘЗІРЛЕУ

2-ҚАДАМ: ӨТІНІМ БЕРУ
ТІРКЕУДЕН ӨТУ ZHASPROJECT.KZ
САЙТТА ОНЛАЙН-ӨТІНІМ НЫСАНЫН ТОЛТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫ ТІРКЕУ
ӨТІНІМДІ САҒАТ 2017 ЖЫЛҒЫ 18 МАМЫРДА САҒАТ 24.00-ГЕ ДЕЙІН ЖІБЕРУ.
3-ҚАДАМ: КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ
ТЕХНИКАЛЫҚ ІРІКТЕУ
ТӘУЕЛСІЗ БАҒАЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ІРІКТЕУІ

3 ТОП (A-B-C) БОЙЫНША КЕЗДЕЙСОҚ ІРІКТЕУ ӘДІСІМЕН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТЕҢ БӨЛУ)

4-ҚАДАМ: НӘТИЖЕЛЕР
А ТОБЫ – ҚАТЫСУШЫЛАР ГРАНТ ЕСЕБІНЕН ӨЗ ЖОБАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛАДЫ, ӨМІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР ДАҒДЫЛАРҒА ОҚЫТУДАН ӨТЕДІ ЖӘНЕ АЙ САЙЫНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК СТИПЕНДИЯЛАРДЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ БОЛАДЫ.
В ТОБЫ – ҚАТЫСУШЫЛАР ГРАНТ ЕСЕБІНЕН ӨЗ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛАДЫ ЖӘНЕ АЙ САЙЫНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК СТИПЕНДИЯЛАРДЫҢ ИЕГЕРІ БОЛАДЫ.
С ТОБЫ — ҚАТЫСУШЫЛАР ТОБЫ ӨМІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР ДАҒДЫЛАРҒА ОҚЫТУДАН ӨТЕДІ

ЖОБАЛАРДЫҢ БАҒЫТТАРЫ

  • Жобалық өтінімді қалыптастыру кезінде сіз ұсынылатын бағыттарға бағдарлай аласыз, бірақ бұл бағыттар өз бастамаңыздың көрсетілуін шектемейді:
  • білім беру жобалары (білімді, кәсіби және бәсекеге қабілетті қоғамды дамытуға бағытталған жобалар);
  • салауатты өмір салты және спорт (бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын дамытуға және насихаттауға, дене шынықтыру саласындағы бастамаларды қолдауға және дұрыс тамақтануды насихаттауға бағытталған жобалар);
  • мәдениет және бос уақыт (шығармашылық бастамаларды қолдау мен дамытуға, халықтың әртүрлі санаттары үшін бос уақыт кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жобалар);
  • патриотизм және азаматтық белсенділік (рухани-адамгершілік және патриоттық құндылықтарды ілгерілетуге; белсенді азаматтық ұстанымды және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар);
  • отбасылық құндылықтар және дәстүрлер (отбасы институтын нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және танымал етуге бағытталған жобалар);
  • экология және абаттандыру (экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, энергия үнемдеу технологияларын қоғам өміріне енгізуге, осы саладағы бастамаларды дамыту мен қолдауға бағытталған жобалар; жергілікті аумақтарды абаттандыру);
  • ғылым және техника (жастарда инновациялық ойлауды қалыптастыруға, жастарды ғылыми-эксперименттік қызметпен айналысуға ынталандыруға бағытталған жобалар);
  • туризм (ішкі туризмді дамытуға, сондай-ақ туған өлкенің табиғи және тарихи мұрасын зерттеуге бағытталған жобалар);
  • ауылды дамыту (ауылдық жерлерге және ауылдық өмір салтына оң көзқарас қалыптастыруға, ауыл халқының тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған жобалар);
  • волонтерлік бастамалар (халықтың әртүрлі санаттарын волонтерлік қызметке тартуға, қоғамға риясыз қызмет ету қағидаттарын танымал етуге бағытталған жобалар);
    әр түрлі (жоғарыда аталған бағыттарға сәйкес келмейтін жобалар).

Өмірлік маңызы бар дағдыларды оқыту және жобаларды басқару бағдарламасы.

Өмірлік маңызды дағдылар-бұл адамның күнделікті өмірде тиімді әрекет ету, оның талаптары мен өзгерістеріне сай болу қабілеті.
Дағдылардың тізімі және олардың қалыптасуы адамның жасына және оларды қолданатын жағдайларға байланысты. Мысалы, шешім қабылдау, адамдармен қарым-қатынас жасау, эмоционалды зияткерлікті дамыту, келіссөздер жүргізу, жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі. Бұл дағдылар өмірде, жұмысқа орналасу немесе қоғамға қатысу кезінде пайдалы болады.
Біздің жобада оқу бағдарламасы үш кезеңнен тұрады:
I кезең – өмірлік маңызы бар дағдылар мен Жобаны басқару бойынша 6 күндік тренинг. Алынған дағдылар Сізге жеке дамуға, қоғамдастықтың игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысуға және өз кіші жобаларыңызды іске асыруға көмектеседі.
II кезең – “Әрекет арқылы” оқыту-бес ай бойы менторлармен ай сайынғы сессиялар. Сессияларда кәсіптік мақсаттарға немесе кіші жобаның мақсаттарына қол жеткізу бойынша жұмыс дәптері жүргізіледі.
III кезең – өмірлік маңызы бар дағдылар мен Жобаны басқару бойынша қосымша 6 күндік тренинг. Алынған дағдылар сізге өз болашағыңызға оң қарап, оны жоспарлауға, жеке және кәсіптік дамудың немесе өз кіші жобаларыңызды дамытуға түрлі мүмкіндіктер табуға көмектеседі, осылайша еңбек нарығында өзіңіздің бәсекеге қабілеттілігіңізді арттырасыз.
Оқытуды алдын ала іріктеуден және оқытудан өткен, тестілеу және жеке сипаттамалары негізінде сертификат және тренингтер өткізуге рұқсат алған менторлар жүргізеді.
Оқыту жас қатысушылардың тұратын жерлеріне барынша жақын аудан орталықтарында/қалаларда ұйымдастырылады. Жол жүру, тұру, тамақтану жоба есебінен тренингке қатысушыларға өтеледі. Тренингтің өтетін күні, орны және басқа да мәліметтері туралы хабарлау үшін әр қатысушымен жеке хабарласады.

ҚАТЫСУШЫ ЖОЛЫ

1-ҚАДАМ – ЖАСТАР КОРПУСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚ БІЛ

2-ҚАДАМ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ӘЗІРЛЕП, БАСТАМАШЫЛ ТОП ҚҰР (18-29 ЖАСТАҒЫ 3-5 АДАМ)

3-ҚАДАМ-САЙТТА ӨТІНІМ БЕР

4-ҚАДАМ-КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДЕН ӨТ

5-ҚАДАМ-ЖАСТАР КОРПУСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛ

6-ҚАДАМ-ӨМІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНАН ӨТ
– қоғамға пайда әкелетін өз жобаңды іске асыр
– өмірлік маңызы бар дағдыларға және жобаларды басқаруға оқытудан өт

7-ҚАДАМ-ЖОБАНЫҢ СӘТТІ ТҮЛЕГІ БОЛ.

ЖАСТАР КОРПУСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ

Жастар корпусын дамыту жобасы-бұл Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны жүзеге асыруды Үйлестіру агенттігі жүзеге асырады.
Жобаның мақсаты-жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамдастықтың өміріне тарту, сондай-ақ қоғамдастықтың игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.
Жоба пилоттық түрде Павлодар, Қарағанды, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылуда.
Жобаның ерекше басымдығы — оқымайтын және жұмыс істемейтін, кәсіби қайта даярлыққа тартылмаған жастар; жұмыс істейтін, бірақ кедейлік шегінен төмен жастар.
Жастар корпусын дамыту жобасы төрт компоненттен тұрады:
– әлеуметтік маңызы бар кіші жобаларды іске асыруға жастар топтарына гранттар мен әлеуметтік стипендиялар беру;
– өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бойынша жастарды оқыту;
– жастардың осал топтарымен жұмыс;
– тиімді ақпараттық-түсіндіру науқанын және кері байланыс пен проблемаларды шешу тетігін іске асыру.
2017 жылы шамамен 3 000 қатысушыны қамту жоспарлануда.
Жобаға қатысушы ретінде 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімді 3-5 адамнан тұратын топқа біріктіру арқылы немесе қабылдаушы ұйымдар тізімінен таңдау арқылы беруге болады. Қатысуға өтінім беру үшін ақпараттық порталдағы нысанды толтыру қажет zhasproject.kz.
Үш кезеңдік іріктеу қорытындысы бойынша үш топ құрылады:
А тобының қатысушылары- өмірлік маңызы бар дағдыларды оқыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысуға, сондай-ақ грант қаражаты есебінен өзінің кіші жобасын іске асыруға және ментордың қолдауын алуға мүмкіндік алады;
В тобының қатысушылары -өздерінің кіші жобасын грант қаражаты есебінен іске асыру мүмкіндігіне ие болады;
С тобының қатысушылары- өмірлік маңызды дағдыларды оқыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, сондай-ақ ментордың қолдауына ие болу мүмкіндігіне ие болады.
А және В топтарының қатысушылары әлеуметтік стипендия алады – мектеп түлектері, ТжКБ ұйымдарының және ЖОО студенттері – 26 000 теңге, ТжКБ ұйымдарының және ЖОО түлектері – 61 000 теңге.
А және С топтарының қатысушылары менторлардың қолдауына ие болады-менторлар кіші жобаны іске асыру кезінде проблемаларды шешуге, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен коммуникациялар құруға, командадағы (А тобы) жанжалдарды реттеуге көмектеседі және кіші жобаны грантсыз іске асыруға, сондай-ақ жеке тәсілмен кәсіби дамуға көмектеседі (с тобы)
Жобаларды іске асыру бағыттары шектелмеген, олар әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан бағаланатын болады.
Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бағдарламасы 6 айға есептелген және оған мыналар кіреді:
* жобаның бенефициарларына арналған алғашқы алты күндік тренинг;
* кіші жобаларды іске асыру жоспарлары мен бюджеттерін пысықтау;
* кіші жобаларды бес айлық практикалық іске асыру;
* қорытынды алты күндік тренинг;
*бенефициарлардың кіші жобалардың орындалуы туралы бағдарламалық және қаржылық есептерді тапсыруы.
Жоба туралы толығырақ ақпарат алу үшін негізгі құжаттармен танысыңыз.

ЖАСТАР КОРПУСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫ.ppt Жүктеу