Студенттік өзін-өзі басқару

Студенттік Парламент жастардың аса маңызды мәселелерін шешуге, олардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған студенттік өзін-өзі басқарудың бастамашыл, дербес, жауапты қоғамдық нысаны болып табылады.

Студенттік Парламенттің негізгі мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты:

Студенттердің жеке басын жан-жақты дамытуға, олардың кәсіби құзыреттіліктері мен кәсіби маңызды жеке қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған Колледж студенттерінің сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру.

Міндеттері:

1.әкімшілік пен білім беру құрылымдарын құруға жәрдемдесу;

2.студенттерді Колледж қызметінің түрлі салаларына белсенді тартуға ықпал ететін қажетті жағдайлар;

3.Колледж қызметінің және жастар саясатын іске асырудың түрлі мәселелері бойынша студенттерді ақпараттық қамтамасыз ету;

4.студенттердегі құқық бұзушылықтар мен жаман әдеттердің алдын алуда салауатты өмір салтын бекітуге жәрдемдесу;

5.студенттердің әлеуметтік маңызды қызметін ұйымдастыру және жеке тұлғаны дамытуға, студенттердің азаматтығы мен патриотизмін қалыптастыруға ықпал ететін түрлі іс-шаралар өткізу;

6.Колледж имиджін нығайту;

7.студенттердің ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттерін, төзімділігін дамыту.

Парламент президенттен, оның орынбасарларынан, көшбасшыларынан және фракция мүшелерінен тұрады.

Президент

  • Парламенттің қызметіне басшылық жасайды және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;
  • өз орынбасарлары, фракция көшбасшылары арасында міндеттерді бөледі және олардың қызметін үйлестіреді;
  • Президенттің орынбасарлары-фракциялардың дамуы мен қызметіне жетекшілік етеді.
  • Фракция көшбасшылары ұйымдастырушылық және әкімшілік бөліктерге жауап береді.
  • Парламент мүшелері іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

Студенттік Парламенттің негізгі фракциялары:

  • Құқық және тәртіп фракциясы.
  • Ақпарат фракциясы (баспасөз қызметі).
  • Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
  • Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).
  • Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
  • Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
  • Пікірсайыс қозғалысының фракциясы.
  • Экология және еңбек фракциясы
Студенттік Парламенттің президенті- Аманбаев Азамат, “Емдеу ісі” мамандығы 210 тобының білім алушысы
Студенттік Парламент президентінің орынбасары – Айткен Мадина, “Емдеу ісі” мамандығы 110 тобының білім алушысы Студенттік Парламент президентінің орынбасары-Молдашева Аяулым, “Мейіргер ісі” мамандығы 110 тобының білім алушысы
Құқық және тәртіп фракциясының көшбасшысы-
Гудименко Владимир, “Емдеу ісі” мамандығы 130 тобының білім алушысы
Ақпарат (баспасөз қызметі) фракциясының көшбасшысы
Ермекова Гүлсана, “Стоматология” мамандығы 130 тобының білім алушысы
Спорт және салауатты өмір салты фракциясының көшбасшысы- Ыдырысов Расул “Стоматология”мамандығы 130 тобының білім алушысы Өзін-өзі тану және бақыт (психология) фракциясының көшбасшысы-
Пелина Алина,
“Акушерлік іс” мамандығы 210 тобының білім алушысы
Қамқорлық (волонтерлік) фракциясының көшбасшысы- Жағыпар Әсем, “Емдеу ісі” мамандығы 230 тобының білім алушысы Мәдениет және өнер (музыкалық, көркем шығармашылық) фракциясының көшбасшысы- Искакова Абурайра, “Емдеу ісі” мамандығы 110 тобының білім алушысы
Пікірсайыс қозғалысы фракциясының көшбасшысы-
Тендыкова Гүлзат, “Мейіргер ісі” мамандығы 210 тобының білім алушысы.