Мамандықтар

09130100 «Медбикелік іс» мамандығы «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігімен
09130100 «Медбикелік іс» мамандығы «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігімен

1949 жылы медбикелер мектебінің ашылуы Павлодар облысы денсаулық сақтау саласының дамуындағы маңызды оқиға болды. Колледждің 60- жылдық қызметі ішінде 10 мыңнан астам медбикелер даярланды. Көбі шет елдерде еңбек етуде. Облыстағы медбикелерді көбі – бұлар біздің оқу орнының түлектері, Ертіс өңірінің мақтанышы. Жоғары кәсіби медбикелердің көбі өздерінің бай тәжірибелері мен білімдерін жастармен бөлісе отырып, оларға тәлімгерлер болды. Қазіргі уақытта медбикелерді даярлаудағы әдістемелік тәсілдер өзгерді. Олар медбикелік іс философиясы біліміне, медбикелік үрдісті практикалық қызметінде қолдануға бағытталған. Теориялық және практикалық білімді болашақ медбикелер клиникаға дейінгі кабинеттерде, сондай-ақ ЕСҰ-да науқас төсегі жанында тікелей ала алады. Клиникалық жағдаяттарды ролдік ойындармен үлгілеу кәсіби шеберлік алуға мүмкіндік береді, ал бұл оқытушыларымыздың жұмысындағы басты ісі болып табылады. Оқыту сапасын арттыру үшін оқытушылар инновациялық технологияларды үнемі қолданып отырады, бұған қолданыстағы жаңа МЖБС мүмкіндік береді.

Түлектердің жоғары білім сапасының кепілі – жоғары білікті оқытушылар құрамында.

Біз жоғары оқу орындарын аяқтап, түрлі мамандық дәрігерлері болып істейтін өз түлектерімізді мақтаныш етеміз. Олардың арасында: Байдилова Г.К., Бекенова Г.А., – Ғ. Сұлтанов атындағы ОКА, Немова С.А., Мусина А.М., Шайкенова Г.З., – ОБА және басқалары. Бас медбикелер болып істейтіндер: Ғ.Сұлтанов атындағы ОКА-Барлыкова Г.Б., ОБКА- Гарник Е.В., ОЖА- Коробейникова Е.А., №1 ҚА- Дарибаева Г.Б. Медициналық институтты бітіріп туған колледжіне оралғандар-Молочко В.Е., Касенова К.Ш., Ибраева Г.С.

Медбике- «қайырымдылық» бикесі, дәрігердің бірінші көмекшісі. Оның кәсібіндегі бастысы- адамдарға деген махаббат, аяушылық білдіру, науқасты жұбату, өз күшіне сенуге мәжбүрлеу.

Медбике емделушінің көптеген проблемаларын өз бетінше шеше алады, стационарда, поликлиникада, санаторияларда, балабақшаларда, массаж және емдік дене шынықтыру кабинеттерінде істей алады.

 

09130100 Мейіргер ісі, біліктілігі “Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры

Мейіргер ісі”, біліктілігі  “Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры”

09120100 «Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер», «Акушер» біліктіліктерімен

09120100 «Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер»

Оқу орнының 60 жылдық қызметі ішінде 3 мыңнан астам фельдшерлер даярланды. 20 жылдан астам осы бөлімшеде өздерінің білімдері мен бар күш-жігерін жоғары білікті мамандар даярлау ісіне жұмсаған: Қ.Б. Тонтаева, Н.В. Роговская, Б.Б. Ктельбаева, А.С. Ажаева, В.Е. Молочко сияқты тамаша оқытушылар істейді.

Бөлімшенің ондаған жылдар бойы қаланған өзінің дәстүрлері бар. Әсіресе, тәрбие жұмысына зор көңіл бөлінеді. Бөлімше жұмысының басты бағыттарының бірі кәсіби тәрбие болып табылады. Таңдаған кәсібіне деген сүйіспеншілікті дарыту бөлімше жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Мұнда «Үздік фельдшер» атағына кәсіби конкурс өткізу дәстүрге айналды.

Фельдшер- бұл замануи медициналық білімдерді игерген, ең білімдар орта буын медицина қызметкері.Фельдшер өз бетінше науқастарға қабылдау жүргізеді және оларға шұғыл көмек көрсетеді, емделушілерді ауруханаға жатқызу және оңалту ісіне қатысады, эпидемияға қарсы алдын алу жұмыстарын жүргізеді, салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайды.

Фельдшер өз бетінше жұмыс жасауына мүмкіндік беретін келесі практикалық дағдыларды меңгерген:

• жедел медициналық көмек станциясындағы

• фельдшерлік-акушерлік пункттегі

• наркологиялық, физиотерапевтік, рентгенологиялық кабинеттердегі

• функционалдық диагностика кабинеттеріндегі

• кәсіпорындардағы, мектептердегі, балалар мекемелеріндегі денсаулық пункттеріндегі.

 

  
 

09130200 Акушерлік іс, біліктілігі 4s09130201Акушер

09130200 «Акушерское дело», квалификация 4S09130201 «Акушер(-ка)»

 

 
Фельдшерлердің бірінші шығарылымы 1957 жылы болды. 1954 жылдан бастап «Акушер» біліктілігі бойынша мамандар даярлана бастады. Осы уақыт ішінде мыңнан астам акушерлер даярланды.

09140100 «Лабораториялық диагностика» мамандығы «Медициналық зертханашы» біліктілігімен
09140100 «Лабораториялық диагностика» мамандығы «Медициналық зертханашы» біліктілігімен

1989 жылдан бастап «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша мамандар даярлау жүргізіліп келеді, оқыту соңында «Дәрігер-зертханашының көмекшісі» біліктілігі беріледі.

Мамандық ашылғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін практикалық денсаулық сақтау саласының тәжірибелі мамандарының қатысуымен студенттерді оқыту ісі ұйымдастырылған.

Мамандар даярлау тек қана медициналық колледж базасында ғана емес, сонымен бірге емдеу-сауықтыру мекемелері мен медициналық ұйымдардың мамандандырылған зертханаларында жүргізіледі. Студенттер зертханалық жұмыстың барлық түрін орындай алады. Мамандық түлектері медициналық ұйымдардың клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық, цитологиялық және басқа да зертханаларында табысты еңбек етуде.

 

 

  
 

09110100 «Стоматология» мамандығы «Дантист» біліктілігімен және 09110200 «Ортопедиялық стоматология» мамандығы «Тіс технигі» біліктілігімен»
09110100 «Стоматология» мамандығы «Дантист» біліктілігімен және 09110200 «Ортопедиялық стоматология» мамандығы «Тіс технигі» біліктілігімен»

 

 

  
 

 

«Тіс технигі» біліктілігімен мамандар даярлау 1980 жылдан, ал 1999 жылдан бастап «Дантист» біліктілігімен «Стоматология» мамандығы бойынша студенттер қабылдана бастады. Осы жылдар ішінде 1000 астам мамандар даярланды.

Осы мамандықты дамыту, бөлімшенің материалдық базасын нығайту ісіне: Янус Н.А., Уткельбваева К.К., Ракишева К.А. сияқты практикалық денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары зор үлес қосты. Студенттерге практикалық дағдылар мен біліктер алуға өз жұмыстарын ұстаздықпен ұштастыра білген Дик С.Н., Высоцкий Ф.С., Маляр З.А., Топчий В.К. және т.с.с. дәрігер-стоматологтар үйретті. Осы оқу орнының тікелей кураторлары оқытушылар Лапина С.Н., Чугунов С.Н, және тіс дәрігері, дантист Т.М. Чугунова болды.

Тіс технигі – бұл кәсіп адамдарға әр уақытта да қажет және қажет бола бермек. Бұл мамандық иелері мануалды дағдылар, жақсы көркем таңдау, абстрактылы ойлау, және де ортопедиялық конструкцияларды дайындаудың күрделі замануи технологияларын меңгеруі қажет. Осы дағдылар мен біліктерді студенттер практикалық сабақтарда алады. Оқытушылар Нұрұмбетов Тоғай Шайкенович, Абрамова Галина Андреевна және Бенке Оксана Александровна студенттерге таңдаған кәсіптерінің барлық егжей-тегжейлерін игеріп алуына көмектеседі.

Тығыз байланыс жасау мен ынтымақтасу колледж бен біздің студенттер еңбек ететін қала клиникаларын және стоматологиялық поликлиникаларын өзара әрекет етуге, олардың студенттерімізбен өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік туғызады.

Жыл сайын студенттер арасында «Ісіңді сүй- шебер боласың» конкурсын өткізу дәстүрге айналды, онда конкурсанттар кәсіби шеберліктері мен теориялық білімдерін көрсетеді. Болашақ дантистер мен тіс техниктері колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысады, ал спорттық жарыстарда жоғары нәтижелерге жетіп жүр.

09160100 «Фармация» мамандығы
09160100 «Фармация» мамандығы

Павлодар медициналық жоғары колледжінде «Фармация» мамандығы бойынша мамандар даярлау 1963 жылдан бастап жүргізіліп келеді, осы уақыт ішінде 733 фармацевт пен 66 фармацевт ассистенті даярланды.

Колледж зертханалары мен кабинеттері жоғары кәсіби деңгейде сабақтар өткізуге арналған жабдықтар, приборлар, реактивтер, техникалық оқу құралдарымен жеткілікті мөлшерде жабдықталған.

Колледж «Медфарм», «Стомфарм», «Мед сервис», «Аманат» сияқты қомақты фармацевтикалық фирмалармен ынтымақтаса жұмыс жасайды. Студенттер практикаларын «Дәрі-дәрмек заттарын сараптаудың Ұлттық орталығында», сондай-ақ «Денсаулық», «Айдын», «Арника», «Панацея», «Вита», «Нагима и К», «ЧП Комарова» және т.с.с. дәріханаларда өткізеді.

Фармацевт бекітілген нормаларға сәйкес фармацевтикалық товарларды жүзеге асыру үрдісін қамтамасыз етеді, товарлар қозғалысын жүргізеді, кіріс және шығыс құжаттамаларын тіркейді, товарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу ісін жүргізеді, есептік құжатттар ресімдейді Фармацевтикалық өнімдердің көтерме-бөлшек саудасын жүргізеді, дәріханалық жағдайда дәрілік заттар әзірлейді, халыққа ақпараттық- консультациялық көмек ұсынады.