Қабылдау ережесі
ШЖҚ “Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК
2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдауды жоспарлап отыр:
Мемлекеттік тапсырыс бойынша:
• 09120100 «Емдеу ісі» 4S09120101 «Фельдшер» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 сынып), оқыту мемлекеттік тілде; оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай;
• 09130200 «Акушерлік ісі» 4S09130201 «Акушер» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 сынып), оқыту орыс тілінде; оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай;
• 09130100 «Мейіргер ісі» 4S09130103 «Жалпы практика мейіргері» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 сынып), оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде; оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай;
• 09130100 «Мейіргер ісі» 5AB09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11-сынып), оқыту орыс тілінде; оқу мерзімі: 3 жыл 6 ай;
• 09140100 «Зертханалық диагностика» 4S09140101 «Медициналық зертханашы» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 сынып), оқыту орыс тілінде; оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.
Келісім-шарт негізінде:
• 09120100 «Емдеу ісі» 4S09120101 «Фельдшер» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 сынып), оқыту орыс тілінде; оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай;
• 09130100 «Мейіргер ісі» 4S09130103 «Жалпы практика мейіргері» біліктілігімен, жалпы орта білім беру базасында (11 сынып), оқыту орыс тілінде; оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай;
• 09110200 «Ортопедиялық стоматология» 4S09110201 «Тіс технигі» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11-сынып), оқыту орыс тілінде; оқу мерзімі: 1 жыл 10 ай;
• 09160100 «Фармация» 4S09160101 «Фармацевт» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 сынып), оқыту орыс тілінде; оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай;
• 09110100 «Стоматология» 4S09110102 «Дантист» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11-сынып), оқыту орыс тілінде; оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай;
• 09130100 «Мейіргер ісі» 5AB09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен, орыс тілінде оқытылатын ТжКБ негізінде; оқу мерзімі: 1 жыл 6 ай.
Құжаттарды қабылдау 25 маусымнан 20 тамызға дейін жүзеге асырылады
Қажетті құжаттар:
Порталға (мемлекеттік тапсырыс бойынша өтініш беретін талапкерлер):
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жерін көрсете отырып, оның өкілінің ЭЦП қойылған электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің өтініші;
2) білім туралы құжаттың немесе білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) №075-У нысаны бойынша медициналық анықтамалар құжаттарының электрондық көшірмелері, “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген, І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама, “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
4) көлемі 3х4 см цифрлық фотосурет.
Колледжге ұсынады:
1) Қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы қосымшасымен (аттестат, диплом); **білімі туралы құжат немесе қосымша болмаған жағдайда, сондай-ақ дұрыс толтырылмаған жағдайда (білімі туралы құжат жеке куәлігі бойынша толтырылуы тиіс) құжаттар қабылданбайды. Қалпына келтіру үшін Сіз бітірген оқу орнына баруыңыз керек.
3) көлемі 3х4 см, 6 дана фотосурет;
4) 075-У нысанындағы медициналық анықтамалар “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген, І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы, “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
5)флюоротүсірілім (суретке түсіру міндетті!); облыстық есірткі-, псих-, тубдиспансерлерден анықтамалар (e-gov арқылы)
6) егу паспорты (түпнұсқа, көшірме)
7) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме)
1) шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
3) босқын-босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға-пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мәртебесі бойынша
қажетті құжаттарды ұсынады (әкімдіктің Қамқоршылық туралы шешімі немесе соттың қаулысы)
Қабылдау тәртібі:
1-кезең: құжаттарды қашықтықтан немесе қағаз түрінде тапсыру;
2-кезең: психометриялық тест (кәсіби жарамдылыққа);
3-кезең: орташа конкурстық балл бойынша есепке алу.
Оқуға қабылдау келесі пәндердің орташа баллы бойынша жүргізіледі: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, биология, химия. Баллдар тең болған кезде аттестаттың жалпы орташа баллы және квота санаты ескеріледі.
Толық ақпаратты 67-49-71, 66-00-89 телефондары арқылы алуға болады (бұл телефон 25 маусымнан бастап жұмыс істейді).
Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-жұма, сағат 09.00 – 18.00.
Түскі үзіліс: сағат. 13.00-14.00
Біздің мекенжайымыз: Павлодар қ., Иса Байзақов к-сі, 151 www.pvlmedkolledge.kz