Басты бет / Көптілділік

Көптілділік

Түсіндірме жазба

Қоғамдағы білім беру саласындағы реформалардың өзекті қажеттілігі «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды көздейді.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.

Қазақстандағы қоғамның әлеуметтік – тарихи қайта құрылуы, сананың қоғамдық нысаны, жалпы адамзат мәдениетінің құндылықтарына бағдарлану іске асырылуда. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың жобасы “Тілдердің үштұғырлығы әлеуметтік – тарихи қажеттілік ретінде, ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ретінде, уақыттың мәдени императиві ретінде және Қазақстан Республикасындағы: қазақ – орыс – ағылшын, үш тілдің басымдығын бекітті”.

Мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілімен және ұлтаралық қарым – қатынас орыс тілімен қатар шет тілі де қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады.

Колледж оқытушыларының басты мақсаты– әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауға қабілетті, өз халқының тарихы мен дәстүрлерін білетін, бірнеше тілді меңгерген, барлық жағдайларда үш тілде коммуникативтік-белсенділік операцияларын жүзеге асыруға қабілетті, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын көпмәдениетті тұлғаны дамыту.

Көптілді оқытуды іске асыру үшін Колледж шеңберінде оны енгізудің кезеңдік жоспары әзірленді:

Бірінші кезең нормативтік құжаттар, ғылыми, әдістемелік әдебиеттер, интернет ресурстар негізінде осы проблеманы зерделеу; тілдік білім беруді жетілдіру мәселелері бойынша материалдарды жинақтау және жинау, ана тілі, ана тілі емес және шет тілдерін оқыту саласындағы педагогтердің инновациялық жұмысын жалпылау;

Екінші кезең қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі сабақтарды, сондай-ақ бірқатар интеграцияланған сабақтарды, сондай-ақ көптілділікті енгізу бойынша сыныптан тыс іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

Үшінші кезеңзерттеу нәтижелерін жалпылау және жүйелеу, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру мақсатында әріптестердің ұсыныстары негізінде алынған нәтижелерді оқу үрдісіне енгізу.

Қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндеріне көптілділікті енгізу бойынша іс-шаралар жоспары
Іс шараның атауы Мерзімдері Қатысушылар Жауаптылары
I кезең. Нормативтік құжаттар, ғылыми, әдістемелік әдебиеттер, интернет ресурстар негізінде зерделеу
1 ЦӘК отырыстарында көптілділік бағдарламасы бойынша құжаттаманы зерделеу Қыркүйек ЦӘК оқытушылары ЦӘК төрайымдары, Оқытушылар
2 ЦӘК отырыстарындағы әдістемелік баяндамалар Оқу жылы ішінде ЦӘК оқытушылары ЦӘК төрайымдары, Оқытушылар
3 Үш тілдегі терминдер бойынша глоссарийлер құрастыру және практикада қолдану Оқу жылы ішінде Колледж оқытушылары ЦӘК төрайымдары, Әдіскер
II кезең. Сабақтарды және көптілділікті енгізу бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу
1 Білім күніне арналған жалпы колледждік салтанатты жиын 01.09.24 1 курс білім алушылары Әкімшілік, Сынып жетекшілері
2 Тілдер айлығында тілдер онкүндігіне қатысу 03.09.24 – 06.09.24 Мейіргер ісінің топтары: 110 мс, 120 мс, 23 мс, 24 мс Қазақ және ағылшын тілдерінің оқытушылары
3 Олимпиада «Үш тілді білу-заман талабы» 05.09.24 1 курс Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінің оқытушылары
III кезең. Зерттеу нәтижелерін жалпылау және жүйелеу
1 Мастер-класс «Үштілділікті қолдана отырып пациенттерді тексеру әдістері» Сәуір, 2025 Жалпы білім беру пәндері ЦӘК оқытушылары ЦӘК төрайымы, Клиникалық пәндер ЦӘК оқытушылары
2 Дөңгелек үстел «Үштілділік заманауи білім берудің басымдықтарының бірі ретінде» Мамыр, 2025 Колледж оқытушылары мен білім алушылары ЦӘК төрайымы, Жалпы білім беру пәндері ЦӘК оқытушылары
3 Мультимедиялық презентациялар пәндер бойынша практикалық дағдыларды пысықтауға арналған Мамыр, 2025 Оқытушылар ЦӘК төрайымы, Әлеуметтік-экономикалық пәндер ЦӘК оқытушылары
Фото