Сәлеметсіздер ме, біз Павлодар медициналық жоғары колледжі сайтында Сіздермен қауышуға қуаныштымыз!Павлодар медициналық жоғары колледжі, өзінің қалыптасқан дәстүрі мен тарихы бар, облыстағы ең байырғы оқу орындарының бірі! Оқу орны өзінің жұмыс жасаған жылдары ішінде өзінің өзектілігін жоғалтқан емес, қайта, әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында маңыздылығын арттыра түсті.Мамандар даярлау - басты міндеті ,медицина қызметкері үшін оның еңбегі шығармашылық шабыттану көзі және өмірлік ісі болып табылады. Колледж қабырғасынан 18 мыңнан астам түлектер мейірбике ісі, фельдшер, акушер, фармацевт, тіс дәрігері мен тіс технигі, фельдшер – лаборант және санитарлық фельдшер біліктіліктерін алды. Ол қазіргі уақытта да орта буын медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығы болып табылады. Біздің түлектер Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде лайықты сұраныстарға ие болып жүр.Білім беру жүйесін реформалау және жаңғырту дәуірінде медициналық колледж ұжымы болашаққа сеніммен қарайды. Бүгінгі күндері біздің оқу орынымыз – бұл қазіргі заманғы колледж, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлесін қосып жүрген ұжым.
Біз, сіздермен Павлодар медициналық жоғары колледжі сайтында қауышқанымызға қуаныштымыз!Егер сіздер, жас, қуатты әрі өздеріңізді денсаулықты қорғау ісіне арнауға дайынбыз десеңіздер, онда біз сіздерге өмір бойы қадірлі болар кәсіп алуларыңызға көмектесеміз! Колледжге оқуға түсу мәселесіне ойланып – толғанып, ықыласпен қараңыз: егер сізді ақ халат, медицина қызметкерінің келбетті сыртқы пішіні, әдеттен тыс өмірлік жағдаяты қызықтырса – бұл бір деңіз. Егер сіз мамандықты таңдаудағы себептің негізінде осы кәсіптің қоғамдағы маңыздылығымен, оның моральдық мәнімен, қоғамда алатын орнымен, медициналық кәсіптің жағымды және жағымсыз сәттерімен таныс болсаңыз – онда таңдау дұрыс жасалынған