Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Тәрбие жұмысы

Білім мен шабыт жолы

«Тәрбие –ұлы іс: онымен адам тағдыры шешіледі» деп айтқан В.Г. Белинскийдің және Андре Моруаның «Тәрбиелеу- бұл ақыл-ой мен мінезді жоғары дәрежеге көтермелеу, яғни шыңға шығу деген сөз» деген сөздерінің осы күнге дейін өзектілігі жоғалмай, қайта оның маңыздылығы одан бетер арта түскен.

Көптеген жылдар бұрын ынтымақтасу педагогикасы идеяларына негізделіп, қалыптасқан, колледждегі тәрбие жүйесі қазіргі уақытта белсенділікпен жұмыс жасап отыр.

Колледж жастарды тек қана медициналық мамандық алуымен ғана тартып қоймайды, сонымен бірге мұнда олар қайырымды, мейірбанды болуға, айналасындағы қызметке бейімделу білігіне, өз білімі мен біліктерін қолданудың перспективалық бағыттарын таба білуді үйренеді.

Болашақ медицина мамандарының тәрбиесі тарихи ұрпақтар сабақтастығына, жалпы адамзаттық басты құндылықтарды, адамгершілік, қайырымдылық, аяушылық сезімдерді, адам өмірі мен денсаулығына деген құрметті қадірлеуге негізделеді. Студенттерді мәдени құндылықтар жүйесіне тарту, олардың интеллектуалдық, физикалық, ізгіліктік, эстетикалық қасиеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау оқу орнының аса маңызды міндеттері болып табылады.

Студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық жағынан дамуы үшін үйірмелер, факультативтер, клубтар, секциялар жұмыс жасайды. Колледж студенттері жыл сайын республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жүлделі орындар алады. Студенттік шығармашылық ұжымдар көптеген жылдар бойы облыстық және қалалық конкурстар мен фестивальдердің жеңімпаздары және жүлдегерлері болып табылады.

Колледждегі тәрбие жұмысы оқу сабақтарын, сабақтан тыс уақытты, колледжден тысқары әртүрлі іс-әрекеттер мен қарым-қатынастарды біріктіре отырып, бүкіл педагогикалық үрдісті қамтиды және де патриот азамат, білімді адам, өзін-өзі дамытуға қабілетті еркін, мәдениетті, адамгершілігі зор ұлға ретіндегі түлек үлгісіне бейімделуді қалыптастырады.

Тәрбие жұмысыныңұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы келесілермен реттеледі:

  • -Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңымен;
  • -Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңымен;
  • -Балалар құқықығы туралы конвенциямен;
  • -Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен;
  • -Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарымен;
  • -Колледж Жарғысымен;
  • -Сапа саласындағы саясатпен;
  • -СМЖ құжаттарымен;
  • * Тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы ережелермен.

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты кәсіптік, интеллектуалдық және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, әлеуметтік белсенділігі мол, денсаулығы зор, нақтылы кәсіби бағыттылығы мен кәсіптік құзыреттілігі бар, Қазақстан Республикасының азаматы және патриоты ретіндегі студент тұлғасының қалыптасуы, өзіндік өсуі, өзін-өзі жүзеге асыруы, әлеметтенуі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Тәрбие жұмысы келесі міндеттерді шешу үрдісінде жүзеге асырылады:

  • -тұлғаның шығармашылықпен және өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталғантолыққанды әлеуметтік-педагогикалық тәрбиелеу ортасын құру
  • -адамдарға деген гуманистік тұрғыдағы тәрбие, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұрып жатқан басқа этностар мен этностық топтардың мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін құрметтеу, ұлттық мұраны насихаттау, толеранттік сана-сезімді, келісімділік пен бейбітшілікте өмір сүру білігін қалыптастыру.
  • -студенттерге ізгіліктік, рухани және мәдени құндылықтар мен қажеттіліктерді, қоғамдағы этикалық нормалар мен көпшілік мақұлдаған мінез-құлық тәртібін қалыптастыру.
  • -студенттердің азаматтық-патриоттық тәрбиесін ұйымдастыру:
  • -шығармашылық, спорттық және ғылыми ұжымдардың, қызығушылықтары бойынша үйірмелердің жұмысын ұйымдастыру және құру:
  • -дене шынықтыру және салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау:
  • -студенттер арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлық пен АИВ-жұқпасының алдын алу жөнінде жұмыс ұйымдастыру:
  • -ғылыми-ағартушылық, дене шынықтыру-спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу, студенттердің бос уақытының қамтылуын ұйымдастыру:
  • -студенттер проблемасын зерделеу және әлеуметтік-психологиялық көмектер ұйымдастыру:
  • -өскелең ұрпақты ана тілі, мәдениеті, дәстүрлері мен басқа да құндылықтары арқылы тәрбиелеуде отбасының ролін арттыру.

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және түрлі мәдениеттілік тәрбие- гуманизмге негізделген азаматтық айқындама мен патриоттық сана, құқықтық және саяси мәдениетті, дамыған ұлттық сана- сезімді, ұлтаралық қарым-қатынастар мәдениетін, әлеуметтік және діни толеранттілікті, тілге, қазақ халқының тарихы мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметтеу сезімдерн қалыптастыруға, Қазақстанда тұратын барша халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін зерделеуге бағытталған.

Рухани-ізгіліктік тәрбие- бұл бағыттың негізгі міндеттері-студенттер бойына жалпы адамзаттық құндылық қағидаларын,гуманизм, қайырымдылық сияқты қасиеттерді басшылыққа алу қажеттілігін қалыптастыру.Бұл бағыт, сондай-ақ тұлғаның сана-сезімін дамыту, этикалық қағидаларын, олардың қоғамдық өмір нормала-рымен және дәстүрлерімен ұштасатын адамгершілік қаситтері мен ерекше-ліктерін қалыптастыру, рухани—ізгілікті білім мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру және дамыту, белсенді өмір айқындамасын дамыту, жағымды әдеттер қалыптастыру, мінез-құлық қалыптастыру, шығармашылық қабілет-терді, дарыны мен талабын дамыту үшін жағдайлар жасауды қарастырады.

Кәсіби-шығармашылық тәрбиенің мақсаты- студенттерді кәсіптік қызмет пен оның әлеуметтік міндеттеріне байланысты дәстүрлерімен құндылықтарына баулу, оқыту үрдісінде кәсіптік-сауатты, құзыретті, жауапты маман даярлау, студенттер бойына тиімді кәсіби қызмет үшін қажетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.

Интеллеутуалдық тәрбие- бұл бағыт замануи ғылыми көзқарасты қалыптастыруды және базалық құндылықтарды игеруді; студенттердің белсенді ойлау әрекетін дамытуды, олардың сана-сезімін нақтылы, элементарлық біліммен байытуды, ақыл, білімпаздық қабілетті дамытуды қарастырады, олар келесі іс-шараларда қамтылды.

Эстетикалық тәрбие- бұл бағыт туған өлкенің тарихымен, мәдениетімен, өнерімен таныстыруды ұсынады, оған көптеген сынып сағаттары, бейнелеу өнері мұражайының көрмелеріне, театр спектакльдеріне қатысу арналған;

Отбасылық тәрбие- бірінші орында студенттерді әлемдік және ұлттық мәдениет, отбасылық дәстүрлер мен қазақстандық қауым қажеттіліктері негізінде қалыптасқан жалпы адамзатық және ұлттық құндылықтарға бейімдеуге бағытталады.

Дене шынықтыру және салауатты өмір салтының денсаулықты қорғау ортасын қалыптастыру.

Салаутты өмір салтын насихаттау, студенттік ортада зиянды әдеттердің алдын алуға, өзін-өзі жетілдіруге, шығармашылық қабілеттілік пен өзінің мәдени деңгейін арттыруда толыққанды тұлға қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталады. .

Страницы: