Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Ішкі тәртіп ережелері

Жалпы ережелер

  1. Шаруашылық жүргізу  құқығындағы «Павлодар медициналық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-Коледж),  студенттерінің  ішкі тәртіп ережелері білім беру үрдісіне, оқу тәртібін нығайтуға,  оқу уақытын тиімді қолдана білуге, үлгерімді арттыруға деген саналы  қатынасты  тәрбиелеуге  мүмкіндік беруі қажет.
  2. Студенттердің ішкі тәртіп  ережелері білім беру саласын, орта кәсіптік  оқу орындарының ішкі тәртібінің  типтік ережелерін және  басқа да  нормативтік  актілерді реттейтін   Қазақстан Республикасының Конституциясына,  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Қаулыларына сәйкес   жасалды.
  3. Оқу тәртібі студенттердің өз  оқу міндеттерін саналы және  адал ниетпен  орындауына негізделеді.
  4. Оқу тәртібі  сендіру әдістерімен  қамтамасыз   етіледі. Тәртіп  бұзушыларға  тәртіптік  жазалау мен  қоғамдық ықпал ету шаралары  қолданылады.
  5. Ішкі тәртіп ережелерінің қолданылуына байланысты  барлық  мәселелер оқу орнының әкімшілігімен өзіне берілген құқықтар шегінде, ал қолданыстағы заңнамада және ішкі тәртіп ережелерінде көзделген жағдайларда,  бірлесіп немесе жергілікті кәсіподақ комитетімен  келісе отырып шешіледі.
  1. Студенттердің  құқықтары мен  міндеттері

2.1 Колледж директорының бұйрығымен  оқуға қабылданған  тұлға студент  болып   табылады.

2.2   Студент  колледждегі  білім беру үрдісінің   негізгі  субъектісі  болып  табылады.

2.3  Студенттердің  құқықтары мен  міндеттері  колледж Жарғысымен және  осы  Ішкі тәртіп ережелерімен  ( бұдан әрі-Ережелер) белгіленеді.

2.4  Колледж студенттеріне студенттік  билет пен үлгерім кітапшасы беріле-ді,  колледждегі оқуы аяқталған соң  олар оқу  бөліміне  тапсырылады.

2.5  Бюджеттік  қаражат есебінен  орта  кәсіптік  білім алған  студенттер  бекітілген тәртіпте  стипендиямен  қамтамасыз етіледі.

2.6 Студенттерге білім беру  бағдарламаларын игерудегі, эксперименттік және басқа да жұмыстардағы  жетістіктері үшін  моральдық және  материалдық көтермелеудің әртүрлі нысандары  тағайындалады.

2.7   Студенттер колледжде міндетті:

  • таңдаған мамандығы  бойынша кәсіптік білімді, практикалық  дағдылар мен біліктерді  жүйелі және  терең меңгеруге;
  • оқу жоспары мен оқыту  бағдарламаларында қарастырылған білімнің барлық түрлерін  белгіленген мерзімде  орындауға;
  • тәртіпті болуға, колледж  Жарғысын, осы  Ережелерді қадағалауға;
  • жалпы мәдениетін, ізгіліктік қасиеттерді және дене шынығуын  жетілдіруге  үнемі талпынып отыруға;
  • колледж қызметкерлерінің ар-намысын  қадірлеуге;
  • өзін еңбекқор болуға тәрбиелеуге,  колледжде  және  практика  базаларында өзіне-өзі қызмет етуге белсенді  қатысуға, бекітілген  жұмыс  тәртібін  қадағалауға;
  • оқу сабақтарына   қатысуға және сабаққа оқу сабақтары  басталуға дейін 10 минут  қалғанда келуге;
  • колледж бойынша  кезекшілікке қатысуға және  тәртіпті сақтауға;
  • қоғамдық-пайдалы  жұмысқа  қатысуға;
  • мемлекеттік   меншікті  қорғауға және  нығайтуға;
  • қоғамға қарсы түрлі пиғыл көріністеріне төзбеуге,  колледждің қоғамдық өміріне  қатысуға, болашақ  кәсібінің  беделі мен атағын қолдауға;
  • адамдарға қамқорлық, мейірбандылық,  қайрымдылық,  аяушылық  көрсетуге, дөрекілік, қаталдық,  өрескелдік көріністерді болдырмауға;
  • оқытушы  аудиторияға (компьютерлік сыныптан басқа)  кірген кезде орыннан тұрып онымен сәлемдесуге;
  • оқу сабақтары кезінде  оқытушылардың түсіндірмелері мен  жолдас-тарының жауаптарын  мұқият тыңдауға, бөгде істермен  айналыспауға және сөйлеспеуге,  оқытушының барлық  нұсқауларын  орындауға;
  • сұрақтар қою және жауап беру  кезінде  орнынан тұруға және оқытушы рұқсат  еткенде  ғана отыруға;
  • оқу сабақтары кезінде оқытушының  рұқсатымен ғана  аудиторияға кіруге және шығуға;
  • зертханалардағы, клиникалардағы, кабинеттердегі  оқу сабақтары кезін-де және өндірістік практика кезінде  студент тек қана оқу сабақтарының жетекшісімен  көрсетілген аспаптарды және  басқа да құралдарды  қолдануы,  оларды  мұқият ұстап,  қауіпсіздік техникасын қадағалауы қажет;
  • сабақ  босату себептеріне қарамастан  студент  біліміндегі  кемшілік-терді  жоюға міндетті;
  • оқу сабақтарына  ауырып қалуына  және басқа да дәлелді себептермен  келмеген кезде  студент  ол туралы  директордың оқу жұмысы бойынша орынбасарына, бөлімше меңгерушісіне немесе сынып жетекшісіне  мәлімдеуі  қажет;
  • ауырып қалған жағдайда студент емдеу-сауықтыру  ұйымдарынан  бекітілген нысандағы  анықтама  ұсынуы қажет;
  • дәлелсіз себептермен оқу сабақтарын   босатқан жағдайда  студент  біліміндегі кемістіктерді  ақылы  білім беру қызметін  ұсыну туралы  Ережеге сәйкес, қосымша сабақтарға, консультацияларға қатысуы арқылы жоюға міндетті;
  • оқу  үрдісі уақытында іскери  ахуал жасау және санитарлық-гигиеналық нормаларды  қадағалау, эстетикалық  таңдама, киім кию мәдениетін тәрбиелеу, медициналық кәсіпке деген  сүйіспеншілік пен  құрметті  дарыту, студенттер арасындағы  әлеуметтік,  басымдылық пен  діни   айырмашылық  белгілерді жою,  құрбылары  алдында болатын психологиялық жайсыздықтан сақтандыру үшін сыртқы пішінге қойылатын  бірыңғай  талаптарды  қадағалауға:
  • ҚР «Білім туралы» Заңының «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары,  міндеттері мен  жауапкершілігі» 47 бабының 15-1  тармағына сәйкесғ  ШЖҚ «Павлодар медициналық  жоғары колледжі» КМК  бекітілген сыртқы пішіннің  бірыңғай  талаптарын- медицина  мекемесі қызметкеріне лайықты  киім нысанын қадағалауға;
  • медициналық халат (таза,  жақсы  үтіктелген,  барлық түймелерімен түймеленген және ұзындығы  тізеден жоғары  болмау, халат жеңдері  шынтақтан қолдың білезік тұсына  дейін   түріледі) киімді толығымен  жабуы қажет;
  • медициналық  қалпақ;
  • маусым бойынша  ауысымдық  аяқ киім,
  •  оқу сабақтарында   шаш жинақы таралған болуы қажет (тарқатылған шашпен жүруге болмайды),
  •  тырнақтар алынуы, (тырнаққа  ашық түсті лак  жақпау),
  • спорт киімі (футболка,  спорт шорты, спорт шалбары, спорт костюмы, кеды немесе  кроссовкалар) ауа райы мен дене шынықтыру сабақтарын  өткізу орнына сәйкес   болуы қажет.
  1. мемлекеттік  жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес білім алуға;
  • төзін-өзі басқару органдарына  сайлануға және  сайлауға;
  • колледж  қызметінің  маңызды мәселелерін шешуге қатысуға,
  • бастауыш  кәсіподақ ұйымы мүшелігіне  кіруге және  сайланбалы  кәсіподақ  органына,  кәсіподақ конференцияларына, съездеріне  делегат болып сайлануға,
  • оқу мақсатында колледждің  үй-жайлары мен жабдықтарын, оқу кабинеттерін, зертханаларын, аудиторияларын, кітапханасы мен  басқа да  құрылымдарын  тегін  пайдалануға;
  • қосымша  сабақтар мен факультативтерге  қатысуға;
  • колледждің ғылыми-зерттеу, эксперименттік, шығармашылық жұмыстарына қатысуға;
  • колледж әкімшілігінің бұйрықтары мен  өкімдеріне заңмен бекітілген тәртіпте  шағымдануға;
  • заңмен бекітілген тәртіптегі жедел әскери  қызметке  шақырылу  мерзімін ұзартуға;
  • академиялық демалыс алуға;
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігімен  бекітілген тәртіпте,  оқуға қайта алынуға және бір оқу орнынан  басқасына, бір мамандықтан  басқасына немесе  оқытудың  бір түрінен басқасына ауысуына;
  • сабақтан тыс  уақытта  спорт секцияларына  қатысуға;
  • колледждің  шығармашыл ұжымының  жұмысына  қатысуға;
  • клубтар жұмысына қатысуға;
  • колледждің  барлық  іс-шараларына  қатысуға.
  • студенттердің сонымен бірге,  заңнамалармен  бекітілген басқа да құқықтары  болады. 

2.9 Әр топқа директордың  бұйрығымен   үлгерімі жақсы және  тәртіпті студенттер арасынан   оқу жылына староста  тағайындалады;

2.10  Топ старостасы  сынып жетекшісінің  басшылық етуімен  жұмыс  жасайды;

2.11 Топ старостасының міндеттеріне  топта  тәртіпті қадағалау, студенттер арасында  оқулықтар мен  оқу құралдарын  мезгілінде алу және тарату,  сынып жетекшісіне  қоғамдық іс-шаралар  ұйымдастыруға және өткізуге  көмектесу жатады;

2.12  Топ старостасы   күн сайын  топ бойынша  кезектесу  тәрбімен  кезекші  тағайындайды.  Топ бойынша  кезекшіге  тәртіптілікті, мүліктің  сақталуын және  санитарлық-гигиеналық   режимнің  қадағалануын , оқу сабақтарынан кейін  кабинеттер мен  зертханаларға  ылғалды  жуып-тазалау жұмыстарының  жүргізілу бақылау, оқу сабақтары  басталарға  дейін қажетті көмекші материалдар мен көрнекі құралдарды  қамтамасыз ету, сабақтан соң  оларды  кабинет меңгерушісіне немесе зертханашыға мезгілінде  тапсыру міндеті  жүктеледі. 

2.13  Студенттерге колледжде  рұқсат етілмейді:

  • студенттік билетті  басқа адамға  беруге;
  • колледж үй-жайларында, аумағында,  оқу корпустары ғимаратына  жақын жерлерде темекі  шегуге;
  • спирттік ішімдіктер ішуге,  есірткілік және  уытты  заттарды  қолдануға, сондай-ақ  оларды таратуға;
  • шайнау резеңкелерін қолдануға;
  • оқу сабақтары кезінде  ұялы телефондарды қолдануға;
  • аудиториялардан оқу журналдарын өз еркімен  алуға және  шығаруға;
  • оқу сабақтары кезінде колледж ғимараты қабаттарында  сыртқы киіммен және бас киіммен  жүруге;
  • оқу орнында діни киім (хиджаб, шейла, никяб, химар, абая, чадра, паранджа, джильбаб) киюге, бас киім киіп жүруге (орамал, бони, тақия, малақай). 
  • теориялық және -практикалық сабақтарға спорт киімдерін  киюге (дене шынықтыру сабақтарынан басқа);
  • іш киім стиліндегі киімдерді,  ашық-айқын  көйлектер, юбкалар мен  кеудешелер,  оның ішінде  ашық-айқын  қойылмасы бар киімдерді, жағасы кең ойылған көйлектер мен  кеудешелер, іш пен  арқа бөлігін  ашып  көрсететін кешкі  киімдер, кеудешелер киюге;
  • үшкір биік тақалы аяқ киім, жағажай  жеңіл аяқ киімін киюге;
  • үлкен сырғалар, білезіктер, сәнді түйреуіштер, алқалар, сақиналар,  мойын тізбегі, пирсингтер тағуға;
  • сондай-ақ бейресми жастар бірлестігі қауымдастығының белгілерін және психоактивті зарттар мен  заңға қайшы келетін  мінездерді насихаттайтын  киімдер киюге;
  • балағат сөздер  айтуға.
  1.  Оқудағы  жетістіктері үшін  көтермелеу

3.1 Үздік үлгерімі мен  қоғамдық жұмысқа  белсенді  қатысқаны үшін  студенттерге  моральдық және  материалдық   түрлі  сыйақылар  белгіленеді:

- алғыс хабарлау

- Құрмет Грамотасымен марапаттау

- құнды сыйлықтармен марапаттау. 

4. Оқу және  еңбек тәртібін бұзғаны үшін   жазалау шаралары

4.1  Оқу және еңбек тәртібін, колледж Жарғысын,  студенттерге арналған осы  Ережелерді  бұзғаны үшін    студенттерге  келесі тәртіптік  жазалау шаралары  қолданылуы мүмкін:

  • ескертпе (  оқытушымен, сынып жетекшісімен,  әкімшілікпен  ауызша  түрде  жасалынады);
  • ескерту ( жазбаша түрде  жарияланады);
  • сөгіс;
  • колледж Жарғысын  екінші рет дөрекі түрде   бұзғаны үшін  оқу орнынан   шығарылатыны туралы  ескертпесімен  қатаң сөгіс.
  1. Жұмыс уақыты мен оқу сабақтарының ұйымдастырылуы
  1. Оқу сабақтарының басталуы мен аяқталу уақыты келесідей  белгіленеді: сабақтың басталуы сағат 8.00 мин., сабақтың аяқталуы  оқу кестелеріне сәйкес.
  2. Оқу бөлімі оқу сабақтарының барлық түрлеріне  оқушылардың  қатысу есебін  ұйымдастыруы  қажет.
  3. Оқу сабақтары  директормен бекітілген, оқу жоспарларына сәйкес жасалынған оқу кестесі бойынша жүргізіледі. Оқу кестесі семестрге  жасалынады және оқу орнының көрнекті орнына оқу сабақтары  басталарға дейін  бір аптадан кешіктірмей іліп қойылады. Оқушылардың  апталық жүктемесі аптасына міндетті  оқу сабақтарының  36 сағатынан аспауы қажет.
  4. Оқу сабақтарын  жүргізу үшін  оқушылар  оқу топтарына бөлінеді.

Әр топқа  бекітілген нысан бойынша  оқу сабақтарының    журналы  жүргізіледі. Журнал  бөлімше  меңгерушісінде сақталады және  топ  старостасына беріледі.

5.5. Оқу сағатының  ұзақтығын 45 минутпен белгіленеді,  сабақтар  жұп болып бірігуі мүмкін, жұптар  арасындағы үзіліс 10 минут, сабақтар арасы 5 минут. Оқу күні  ішінде  40 минутқа  түскі үзіліс  белгіленеді.  Әр сабақтың  басталуы мен аяқталғаны туралы  оқытушылар мен  оқушылар қоңырау соғылумен хабарландырылады.  Колледж әкімшілігінің келісімі бойынша  оқу сабақтары  режимін өзгертуге  болады.

Ата-аналар немесе  олардың орнындағы  тұлғалар  директордың немесе  директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының рұқсатымен  оқу сабақтарына  қатыса алады.

Бөгде адамдар  сабаққа  директордың және  оның оқу жұмысы бойынша орынбасарының  рұқсатымен  қатысуына  болады. 

Страницы: