Ішкі тәртіп ережелері
Жалпы ережелер
- Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар медициналық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-Коледж), студенттерінің ішкі тәртіп ережелері білім беру үрдісіне, оқу тәртібін нығайтуға, оқу уақытын тиімді қолдана білуге, үлгерімді арттыруға деген саналы қатынасты тәрбиелеуге мүмкіндік беруі қажет.
- Студенттердің ішкі тәртіп ережелері білім беру саласын, орта кәсіптік оқу орындарының ішкі тәртібінің типтік ережелерін және басқа да нормативтік актілерді реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларына сәйкес жасалды.
- Оқу тәртібі студенттердің өз оқу міндеттерін саналы және адал ниетпен орындауына негізделеді.
- Оқу тәртібі сендіру әдістерімен қамтамасыз етіледі. Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жазалау мен қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылады.
- Ішкі тәртіп ережелерінің қолданылуына байланысты барлық мәселелер оқу орнының әкімшілігімен өзіне берілген құқықтар шегінде, ал қолданыстағы заңнамада және ішкі тәртіп ережелерінде көзделген жағдайларда, бірлесіп немесе жергілікті кәсіподақ комитетімен келісе отырып шешіледі.
- Студенттердің құқықтары мен міндеттері
2.1 Колледж директорының бұйрығымен оқуға қабылданған тұлға студент болып табылады.
2.2 Студент колледждегі білім беру үрдісінің негізгі субъектісі болып табылады.
2.3 Студенттердің құқықтары мен міндеттері колледж Жарғысымен және осы Ішкі тәртіп ережелерімен ( бұдан әрі-Ережелер) белгіленеді.
2.4 Колледж студенттеріне студенттік билет пен үлгерім кітапшасы беріле-ді, колледждегі оқуы аяқталған соң олар оқу бөліміне тапсырылады.
2.5 Бюджеттік қаражат есебінен орта кәсіптік білім алған студенттер бекітілген тәртіпте стипендиямен қамтамасыз етіледі.
2.6 Студенттерге білім беру бағдарламаларын игерудегі, эксперименттік және басқа да жұмыстардағы жетістіктері үшін моральдық және материалдық көтермелеудің әртүрлі нысандары тағайындалады.
2.7 Студенттер колледжде міндетті:
- таңдаған мамандығы бойынша кәсіптік білімді, практикалық дағдылар мен біліктерді жүйелі және терең меңгеруге;
- оқу жоспары мен оқыту бағдарламаларында қарастырылған білімнің барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;
- тәртіпті болуға, колледж Жарғысын, осы Ережелерді қадағалауға;
- жалпы мәдениетін, ізгіліктік қасиеттерді және дене шынығуын жетілдіруге үнемі талпынып отыруға;
- колледж қызметкерлерінің ар-намысын қадірлеуге;
- өзін еңбекқор болуға тәрбиелеуге, колледжде және практика базаларында өзіне-өзі қызмет етуге белсенді қатысуға, бекітілген жұмыс тәртібін қадағалауға;
- оқу сабақтарына қатысуға және сабаққа оқу сабақтары басталуға дейін 10 минут қалғанда келуге;
- колледж бойынша кезекшілікке қатысуға және тәртіпті сақтауға;
- қоғамдық-пайдалы жұмысқа қатысуға;
- мемлекеттік меншікті қорғауға және нығайтуға;
- қоғамға қарсы түрлі пиғыл көріністеріне төзбеуге, колледждің қоғамдық өміріне қатысуға, болашақ кәсібінің беделі мен атағын қолдауға;
- адамдарға қамқорлық, мейірбандылық, қайрымдылық, аяушылық көрсетуге, дөрекілік, қаталдық, өрескелдік көріністерді болдырмауға;
- оқытушы аудиторияға (компьютерлік сыныптан басқа) кірген кезде орыннан тұрып онымен сәлемдесуге;
- оқу сабақтары кезінде оқытушылардың түсіндірмелері мен жолдас-тарының жауаптарын мұқият тыңдауға, бөгде істермен айналыспауға және сөйлеспеуге, оқытушының барлық нұсқауларын орындауға;
- сұрақтар қою және жауап беру кезінде орнынан тұруға және оқытушы рұқсат еткенде ғана отыруға;
- оқу сабақтары кезінде оқытушының рұқсатымен ғана аудиторияға кіруге және шығуға;
- зертханалардағы, клиникалардағы, кабинеттердегі оқу сабақтары кезін-де және өндірістік практика кезінде студент тек қана оқу сабақтарының жетекшісімен көрсетілген аспаптарды және басқа да құралдарды қолдануы, оларды мұқият ұстап, қауіпсіздік техникасын қадағалауы қажет;
- сабақ босату себептеріне қарамастан студент біліміндегі кемшілік-терді жоюға міндетті;
- оқу сабақтарына ауырып қалуына және басқа да дәлелді себептермен келмеген кезде студент ол туралы директордың оқу жұмысы бойынша орынбасарына, бөлімше меңгерушісіне немесе сынып жетекшісіне мәлімдеуі қажет;
- ауырып қалған жағдайда студент емдеу-сауықтыру ұйымдарынан бекітілген нысандағы анықтама ұсынуы қажет;
- дәлелсіз себептермен оқу сабақтарын босатқан жағдайда студент біліміндегі кемістіктерді ақылы білім беру қызметін ұсыну туралы Ережеге сәйкес, қосымша сабақтарға, консультацияларға қатысуы арқылы жоюға міндетті;
- оқу үрдісі уақытында іскери ахуал жасау және санитарлық-гигиеналық нормаларды қадағалау, эстетикалық таңдама, киім кию мәдениетін тәрбиелеу, медициналық кәсіпке деген сүйіспеншілік пен құрметті дарыту, студенттер арасындағы әлеуметтік, басымдылық пен діни айырмашылық белгілерді жою, құрбылары алдында болатын психологиялық жайсыздықтан сақтандыру үшін сыртқы пішінге қойылатын бірыңғай талаптарды қадағалауға:
- ҚР «Білім туралы» Заңының «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» 47 бабының 15-1 тармағына сәйкесғ ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК бекітілген сыртқы пішіннің бірыңғай талаптарын- медицина мекемесі қызметкеріне лайықты киім нысанын қадағалауға;
- медициналық халат (таза, жақсы үтіктелген, барлық түймелерімен түймеленген және ұзындығы тізеден жоғары болмау, халат жеңдері шынтақтан қолдың білезік тұсына дейін түріледі) киімді толығымен жабуы қажет;
- медициналық қалпақ;
- маусым бойынша ауысымдық аяқ киім,
- оқу сабақтарында шаш жинақы таралған болуы қажет (тарқатылған шашпен жүруге болмайды),
- тырнақтар алынуы, (тырнаққа ашық түсті лак жақпау),
- спорт киімі (футболка, спорт шорты, спорт шалбары, спорт костюмы, кеды немесе кроссовкалар) ауа райы мен дене шынықтыру сабақтарын өткізу орнына сәйкес болуы қажет.
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес білім алуға;
- төзін-өзі басқару органдарына сайлануға және сайлауға;
- колледж қызметінің маңызды мәселелерін шешуге қатысуға,
- бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелігіне кіруге және сайланбалы кәсіподақ органына, кәсіподақ конференцияларына, съездеріне делегат болып сайлануға,
- оқу мақсатында колледждің үй-жайлары мен жабдықтарын, оқу кабинеттерін, зертханаларын, аудиторияларын, кітапханасы мен басқа да құрылымдарын тегін пайдалануға;
- қосымша сабақтар мен факультативтерге қатысуға;
- колледждің ғылыми-зерттеу, эксперименттік, шығармашылық жұмыстарына қатысуға;
- колледж әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне заңмен бекітілген тәртіпте шағымдануға;
- заңмен бекітілген тәртіптегі жедел әскери қызметке шақырылу мерзімін ұзартуға;
- академиялық демалыс алуға;
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген тәртіпте, оқуға қайта алынуға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына немесе оқытудың бір түрінен басқасына ауысуына;
- сабақтан тыс уақытта спорт секцияларына қатысуға;
- колледждің шығармашыл ұжымының жұмысына қатысуға;
- клубтар жұмысына қатысуға;
- колледждің барлық іс-шараларына қатысуға.
- студенттердің сонымен бірге, заңнамалармен бекітілген басқа да құқықтары болады.
2.9 Әр топқа директордың бұйрығымен үлгерімі жақсы және тәртіпті студенттер арасынан оқу жылына староста тағайындалады;
2.10 Топ старостасы сынып жетекшісінің басшылық етуімен жұмыс жасайды;
2.11 Топ старостасының міндеттеріне топта тәртіпті қадағалау, студенттер арасында оқулықтар мен оқу құралдарын мезгілінде алу және тарату, сынып жетекшісіне қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге көмектесу жатады;
2.12 Топ старостасы күн сайын топ бойынша кезектесу тәрбімен кезекші тағайындайды. Топ бойынша кезекшіге тәртіптілікті, мүліктің сақталуын және санитарлық-гигиеналық режимнің қадағалануын , оқу сабақтарынан кейін кабинеттер мен зертханаларға ылғалды жуып-тазалау жұмыстарының жүргізілу бақылау, оқу сабақтары басталарға дейін қажетті көмекші материалдар мен көрнекі құралдарды қамтамасыз ету, сабақтан соң оларды кабинет меңгерушісіне немесе зертханашыға мезгілінде тапсыру міндеті жүктеледі.
2.13 Студенттерге колледжде рұқсат етілмейді:
- студенттік билетті басқа адамға беруге;
- колледж үй-жайларында, аумағында, оқу корпустары ғимаратына жақын жерлерде темекі шегуге;
- спирттік ішімдіктер ішуге, есірткілік және уытты заттарды қолдануға, сондай-ақ оларды таратуға;
- шайнау резеңкелерін қолдануға;
- оқу сабақтары кезінде ұялы телефондарды қолдануға;
- аудиториялардан оқу журналдарын өз еркімен алуға және шығаруға;
- оқу сабақтары кезінде колледж ғимараты қабаттарында сыртқы киіммен және бас киіммен жүруге;
- оқу орнында діни киім (хиджаб, шейла, никяб, химар, абая, чадра, паранджа, джильбаб) киюге, бас киім киіп жүруге (орамал, бони, тақия, малақай).
- теориялық және -практикалық сабақтарға спорт киімдерін киюге (дене шынықтыру сабақтарынан басқа);
- іш киім стиліндегі киімдерді, ашық-айқын көйлектер, юбкалар мен кеудешелер, оның ішінде ашық-айқын қойылмасы бар киімдерді, жағасы кең ойылған көйлектер мен кеудешелер, іш пен арқа бөлігін ашып көрсететін кешкі киімдер, кеудешелер киюге;
- үшкір биік тақалы аяқ киім, жағажай жеңіл аяқ киімін киюге;
- үлкен сырғалар, білезіктер, сәнді түйреуіштер, алқалар, сақиналар, мойын тізбегі, пирсингтер тағуға;
- сондай-ақ бейресми жастар бірлестігі қауымдастығының белгілерін және психоактивті зарттар мен заңға қайшы келетін мінездерді насихаттайтын киімдер киюге;
- балағат сөздер айтуға.
- Оқудағы жетістіктері үшін көтермелеу
3.1 Үздік үлгерімі мен қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін студенттерге моральдық және материалдық түрлі сыйақылар белгіленеді:
– алғыс хабарлау
– Құрмет Грамотасымен марапаттау
– құнды сыйлықтармен марапаттау.
4. Оқу және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жазалау шаралары
4.1 Оқу және еңбек тәртібін, колледж Жарғысын, студенттерге арналған осы Ережелерді бұзғаны үшін студенттерге келесі тәртіптік жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:
- ескертпе ( оқытушымен, сынып жетекшісімен, әкімшілікпен ауызша түрде жасалынады);
- ескерту ( жазбаша түрде жарияланады);
- сөгіс;
- колледж Жарғысын екінші рет дөрекі түрде бұзғаны үшін оқу орнынан шығарылатыны туралы ескертпесімен қатаң сөгіс.
- Жұмыс уақыты мен оқу сабақтарының ұйымдастырылуы
- Оқу сабақтарының басталуы мен аяқталу уақыты келесідей белгіленеді: сабақтың басталуы сағат 8.00 мин., сабақтың аяқталуы оқу кестелеріне сәйкес.
- Оқу бөлімі оқу сабақтарының барлық түрлеріне оқушылардың қатысу есебін ұйымдастыруы қажет.
- Оқу сабақтары директормен бекітілген, оқу жоспарларына сәйкес жасалынған оқу кестесі бойынша жүргізіледі. Оқу кестесі семестрге жасалынады және оқу орнының көрнекті орнына оқу сабақтары басталарға дейін бір аптадан кешіктірмей іліп қойылады. Оқушылардың апталық жүктемесі аптасына міндетті оқу сабақтарының 36 сағатынан аспауы қажет.
- Оқу сабақтарын жүргізу үшін оқушылар оқу топтарына бөлінеді.
Әр топқа бекітілген нысан бойынша оқу сабақтарының журналы жүргізіледі. Журнал бөлімше меңгерушісінде сақталады және топ старостасына беріледі.
5.5. Оқу сағатының ұзақтығын 45 минутпен белгіленеді, сабақтар жұп болып бірігуі мүмкін, жұптар арасындағы үзіліс 10 минут, сабақтар арасы 5 минут. Оқу күні ішінде 40 минутқа түскі үзіліс белгіленеді. Әр сабақтың басталуы мен аяқталғаны туралы оқытушылар мен оқушылар қоңырау соғылумен хабарландырылады. Колледж әкімшілігінің келісімі бойынша оқу сабақтары режимін өзгертуге болады.
Ата-аналар немесе олардың орнындағы тұлғалар директордың немесе директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының рұқсатымен оқу сабақтарына қатыса алады.
Бөгде адамдар сабаққа директордың және оның оқу жұмысы бойынша орынбасарының рұқсатымен қатысуына болады.
ШЖҚ “Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК
білім алушылары үшін Ішкі тәртіп қағидаларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
“Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері” қағидаларының 2-бөлімі келесі тармақтармен толықтырылсын
Білім алушының құқығы бар:
2.21 Адамның қадір-қасиетін, ар-ождан бостандығын, ақпаратты құрметтеуге, өз көзқарастары мен сенімдерін еркін білдіруге.
2.22 Тұрғын алаңға мұқтаж басқа қаладан келген студенттер жатақханадан болған жағдайда орындармен қамтамасыз етіледі.
Колледжде білім алушылар міндетті:
2.41 Колледж меншігін сақтау;
2.42 Студенттік билетті әрқашан өзіңізбен бірге алып жүру, оны вахтада және Колледж қызметкерлері мен оқытушыларының талабы бойынша көрсету;
2.43 Ішкі тәртіп ережелерін орындау. Студенттің колледж Жарғысында және Ішкі тәртіп ережелерінде көзделген міндеттерді бұзғаны үшін оған оқудан шығарылғанға дейін тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
Колледжде білім алушыларға тыйым салынады:
2.50 Балағат сөздерді қолдануға және басқа да қоғамға жат мінез-құлықты жүзеге асыруға;
2.51 Санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларды бұзуға;
2.52 Қабырғаларға, аудиториялық үстелдерге және басқа жерлерге қандай да бір жазулар мен суреттер салуға, Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз хабарландыруларды желімдеуге және ілуге;
2.53 Колледждің, колледждің серіктестігі бар ұйымдар мен кәсіпорын-дардың, білім алушылар мен қызметкерлердің мүлкін немесе құжаттарын қасақана жою, бүлдіру немесе ұрлауға;
2.54 Колледж білім алушысының мәртебесіне сәйкес келмейтін және Колледждің беделі мен іскерлік атағына нұқсан келтіретін әдепсіз әрекеттер жасауға;
2.55 Тәртіп бұзушылық жасауға, сондай-ақ бұзушылық жасау кезінде қатысуға, әрекетсіздікке (төбелес, бопсалау, ұрлық, тонау және т.б.);
2.56 Колледж білім алушыларына немесе қызметкерлеріне қатысты физикалық, моральдық және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға;
2.57 Әкімшілік немесе қылмыстық жазаға әкеп соқтыратын қоғамға жат әрекеттер жасауға тыйым салынады.
Оқудағы жетістіктері үшін ынталандыру
1.Үздік және жақсы үлгерімі, ғылыми және шығармашылық қызмет-тегі жетістіктері, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, Колледждің дене шынықтыру-спорттық, қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін білім алушыларға мынадай көтермелеу шаралары көзделеді:
- Алғыс жариялау;
- Грамоталармен марапаттау;
- Сыйлықақы беру;
- Оқу ақысы бойынша жеңілдік беру;
- Жоғары оқу орнына түсуге арналған ұсыныстар;
- Білім алушының фотосуретін Құрмет Тақтасына орналастыру.
- Білім алушыларға көтермелеу шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Колледждің Ішкі нормативтік актілерімен айқындалады.
3.Көтермелеу бөлімше меңгерушілерінің ұсынуы бойынша директордың бұйрығымен жарияланады және жиналыста білім алушылардың назарына жеткізіледі. Бұйрықтың көшірмесі немесе көтермелеу туралы бұйрықтан үзінді білім алушының жеке ісінде/ жеке карточкасында сақталады;
4.Ғылыми-зерттеу жұмыстарында, спорттық, мәдени-бұқаралық, қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен білім алушылардың ата-аналарына Колледж директорының Алғыс Хаттары жолданады.
4-бөлім. Оқу және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жазалар мынадай редакцияда жазылсын.
4-бөлім. Колледж студенттерінің оқу және еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жазалар.
4.1 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
1.Осы Қағидалардың мақсаттарына қол жеткізу үшін ” тәртіптік теріс қылық” деп білім алушының білім беру үрдісін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, Колледж Жарғысында, осы Қағидаларда және білім беру қызметтерін көрсету шартында көзделген міндеттерді орындамауынан немесе тиісінше орындамауында көрініс тапқан оқу тәртібін бұзуы түсініледі.
- Білім алушының колледжде тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жазаның мынадай түрлері қолданылады:
- ескерту;
- сөгіс;
- қатаң сөгіс;
- Колледжден шығару.
- Білім алушыларға осы Қағидаларда көзделмеген жазаны қолдануға жол берілмейді.
- Осы Қағидаларда көзделген тәртіптік жаза түрлерін қолдану білім беру процесінің сапасын, білім алушылардың оқу пәнінің деңгейін арттыру мақсатында енгізіледі.
5.Қолданыстағы заңнамаға, Жарғыға, осы Қағидаларға немесе Колледждің ішкі нормативтік құжаттарына қайшы келетін ережені, басшының өкімін орындамау оқу тәртібін бұзу болып саналмайды.
- Тәртіптік жаза шараларын қолдану және таңдау құқығы Колледж директорына, тиісті бейін бойынша директордың орынбасарларына, бөлімше меңгерушілеріне, тәртіптік жаза шараларын бұзушыға бұрын қолданылған тәртіптік жаза шараларын, бұзушының кінәсінің дәрежесін, оның оқуға деген көзқарасын ескере отырып, сондай-ақ бұзушылықтың себебі болған мән-жайлар мен ол жасалған жағдайларды ескере отырып тиесілі.
Тәртіптік жазаларды қолдану және шағымдану тәртібі.
1.”Ескерту” нысанындағы тәртіптік жазаны директордың орынбасарлары ауызша нысанда жариялайды.
2.”Сөгіс” және “қатаң сөгіс” түріндегі тәртіптік жаза Колледж директорының тиісті бұйрығын шығару арқылы қолданылады.
- “Колледжден шығару” нысанында тәртіптік жаза қолдану құқығы педагогикалық кеңестің шешімдеріне жатады, олардың негізінде Колледж директорының бұйрығы шығарылады.
- Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін білім алушыға бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
5 Білім алушы “Ескерту” немесе “Сөгіс” сияқты тәртіптік жазаның осы түрін қолдануға жататын тәртіптік теріс қылық жасаған жағдайда бөлімше меңгерушісі директорға білім алушының Т.А.Ә., оқу курсы, мамандығы, білім алушының жасаған бұзушылықтың мәні, ұсынылатын жазаның түрі және оны қолданудың негіздемесі көрсетілген баяндау жазбасын ұсынады.
- Баяндау жазбаға білім алушының тәртіптік теріс қылық жасау фактісін растайтын және тәртіптік жазаның қандай да бір түрін қолдануды негіздейтін құжаттар мен материалдар қоса берілуге тиіс.
- Білім алушы “Қатаң сөгіс” немесе “Колледжден шығару” сияқты тәртіптік жаза түрі қолданылуға жататын тәртіптік теріс қылық жасаған кезде бөлімше меңгерушісі баяндау жазба жазады.
- Баяндау жазбаға білім алушының (білім алушылардың) тәртіптік теріс қылық жасау фактісін растайтын құжаттар қоса берілуге тиіс, оларға мыналар жатқызылуы мүмкін:
- білім алушылардың, Колледж қызметкерлерінің тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарау үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсіндірмелері;
- тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарау үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, хаттар;
- компьютерлік ақпаратты, фото -, аудио — және бейнежазбаларды қамтитын материалдар.
9.Материалдарды бөлімше меңгерушісі директордың қарауына баяндау жазбамен бір мезгілде ұсынады.
- Білім алушыға тәртіптік жаза қолданылғанға дейін Колледж әкімшілігі білім алушының өзі жіберген бұзушылықтың мәні бойынша жазбаша түсіндірмесін талап етуге міндетті. Білім алушының сабақта болмауы немесе Колледж әкімшілігінің шақыруы бойынша келмеуі себебінен жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы, сол сияқты оларға жазбаша түсініктеме бермеуі тәртіптік жазаны қолдануға кедергі бола алмайды. Білім алушы көрсетілген түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда Колледж әкімшілігі ұйымдастырған комиссия тиісті акт жасайды. Комиссия құрамында Колледж әкімшілігі қызметкерлері мен оқытушылар қатарынан кемінде үш адам ұйымдастырылады. Комиссия құрамына тәртіптік теріс қылық жасаған білім алушы саналатын білім алушылар тобы енгізілуі мүмкін. Білім алушыдан оның сабақта болмауы немесе Колледж әкімшілігінің шақыруы бойынша келмеуі себебінен жазбаша түсініктеме талап ету мүмкін болмаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген тәртіппен де тиісті акт жасалады.
- Қажет болған жағдайларда Колледж әкімшілігі бұзушылықтың мән-жайларына қызметтік тексеру жүргізуге, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы.
- Білім алушылардың теріс қылықтар жасау фактілері (ұрлық, қарақшылық, адам денсаулығына зиян келтіру, пара беру, құжаттарды бұрмалау және т.б.) анықталған кезде бөлімше меңгерушісі құқық қорғау органдарына жүгіну туралы шешім қабылдау үшін жетекшілік ететін директордың орынбасарына дереу хабарлауға міндетті.
- Білім алушыға тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты мынадай мерзімде шығаруға болмайды
- студенттің еңбекке уақытша жарамсыздығы;
- каникул;
- білім алушының академиялық демалыста болуы.
- Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық тәртіптік жазаға тартылған білім алушыға (білім алушы кәмелетке толмаған кезде ата-анасына немесе қамқоршыларына) ол шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қойғызып жарияланады. Білім алушы бұл туралы бұйрықпен танысқанын өз қолымен растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрыққа тиісті жазба жасалады.
- Білім алушыны тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен жеке таныстыру мүмкін болмаған жағдайда Колледж әкімшілігі бұйрықты білім алушыға өзінің жеке карточкасында көрсетілген мекенжай бойынша хабарлама жіберуге міндетті.
- Білім алушы тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен келіспеген жағдайда білім алушы осы бұйрыққа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
17.Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді білім алушының жеке ісінде (жеке карточкасында) сақталады.
- Тәртіптік жазаны қолдану білім алушыға өзінің Колледжге келтірген залалын өтеу жөніндегі міндеттерді жүктеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін материалдық немесе моральдық ықпал етудің басқа да шараларын қолдануға кедергі болмайды.
Тәртіптік жаза қолдану мерзімдері.
- Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей және ол жасалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, білім алушының ауырған уақытын және (немесе) оның демалыста немесе академиялық демалыста болған уақытын есептемегенде қолданылады.
- Тәртіптік теріс қылық анықталған күн қарамағында білім алушы тұрған адамға теріс қылық жасағаны туралы белгілі болған күн болып есептеледі.
- Осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша білім алушыны оқудан шығару жағдайын қоспағанда, тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі ол қолданылған күннен бастап 6 айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде білім алушы жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, ол тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
- Колледж директоры білім алушының немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының өтініші бойынша, сондай-ақ білім алушылардың өкілді органының өтініші бойынша білім алушыдан жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.
Бұзушылықтардың жекелеген түрлері бойынша тәртіптік жазаларды қолдану
4.2 Дәлелсіз себептермен сабақты босату.
Білім алушылар дәлелсіз себептермен оқу сабақтарын босатқан жағдайда Колледжде бір семестр ішінде тәртіптік жазаның мынадай түрлері қолданылады:
- ескерту- білім алушылар 18 және одан да көп академиялық сағатты босатқан кезде;
- сөгіс – білім алушыларға 36 академиялық сағатты босатқан кезінде;
- қатаң сөгіс – 42 академиялық сағатты босатқан кезде;
- Колледжден шығару- 56 академиялық сағатты босатқанкезде.
Сабақты босатып алудың дәлелді себептері білім алушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық шыққанға дейін құжаттамамен расталуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін білім алушылар ұсынған құжаттар, егер Колледж әкімшілігінің шешімімен басқа шешім қабылданбаса, қарауға қабылданбайды.
Егер білім алушы белгіленген мерзімде сабақты босатқан себептерінің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбаса, оның түсіндірмесіне қарамастан, сабақты босатқан себебі дәлелсіз деп танылады.
4.3 Білімді бақылау кезінде академиялық нормаларды бұзу.
Білім алушылар ағымдағы аттестаттау, аралық аттестаттау, қорытынды мемлекеттік аттестаттау барысында кез келген нысандар мен түрлердің біліміне бақылау жүргізу кезінде академиялық нормаларды бұзған жағдайда Колледжде тәртіптік жазаның мынадай түрлері қолданылады:
- Қатаң сөгіс – аралық аттестаттау кезеңінде немесе қорытынды мемлекеттік аттестаттау кезеңінде білімді ағымдағы бақылаудың бір түрі бойынша бұзушылықты бірінші рет анықтаған кезде;
- Колледжден шығару – білімнің ағымдағы бақылауының осы түрі бойынша не аралық аттестаттаудың немесе қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың осы кезеңінде бұзушылықты қайта анықтаған кезде, сондай-ақ жалған немесе жалған деректер фактілері анықталған жағдайда.
Білім алушылардың академиялық нормаларды бұзуы деп түсініледі:
Көшіру.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін көшіру деп оқытушы рұқсат етпеген кез келген жазбаша (баспа, қолжазба) дереккөздерді аудиториялық бақылауды (емтихандарда, сынақтарда немесе өзге де міндетті аттестаттау іс-шараларында) өту кезінде білім алушының пайдалануы, сондай-ақ білім алушы орындайтын тапсырманың мәні бойынша ақпаратты рұқсатсыз алу үшін техникалық байланыс құралдарын, өзге де тәсілдерді пайдалануы түсініледі.
Плагиат.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін плагиат деп жазбаша жұмыста дереккөзге толық сілтеме жасамай, қағаз немесе электрондық түрде жарияланған басқа біреудің мәтінін пайдалану түсініледі. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманы бұзу мәселелері осы Қағидалармен реттелмейді.
Плагиат екі түрде жүзеге асырылуы мүмкін:
- біреудің мәтінін сөзбе-сөз беру;
- перефраза – алынған мәтіннің мазмұнын ауыстырмай, басқа біреудің мәтінін сөздер мен сөз тіркестерін ауыстыру арқылы беру.
Қосарлы тапсырыс.
Қосарланған тапсыру дегеніміз-білімнің ағымдағы бақылауынан өту үшін бір мәтінді әртүрлі жазбаша жұмыстар ретінде ұсыну. Оқытушының келісімімен бұрын дайындалған мәтінді неғұрлым көлемді жұмыстың бөлігі ретінде пайдалану қосарланған тапсыру болып саналмайды.
Жалғандық
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін жалғандық деп толық немесе едәуір дәрежеде басқа адам өз жұмысы ретінде орындаған міндетті жазбаша жұмысты (бақылау, курстық, дипломдық жұмысты және басқа жұмысты) тапсыру (білім алушыларды қорғауға ұсыну) не сыйақы үшін не өтеусіз өз жұмысын басқа адамға саналы түрде беру түсініледі.
Жалғандық сонымен қатар, емтихан алушының білімді аудиториялық бақылаудан өту кезінде аттестатталатын білім алушының жеке басына қатысты қателесуі деп түсініледі.
Деректерді құрастыру.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін деректерді ойдан шығару деп білім алушының немесе үшінші тұлғалардың білім алушының өтініші бойынша жалған деректерді қалыптастыруы немесе білімді бақылаудың кез келген нысанынан өту мақсатында деректер көздері мен алынған нәтижелер туралы ақпаратты әдейі бұрмалауы түсініледі.
Жоғарыда аталған академиялық нормалардың кез келгені бұзылған жағдайда оқытушы міндетті:
- аттестатталатын білім алушыға “қанағаттанарлықсыз” деген баға қойып, оған ескерту жасау;
- келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бұзушылық жасау мән-жайларын баяндай отырып, барлық анықталған қатысушыларды көрсете отырып, алынған мәтіннің көлемін және оның көзін, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген білім алушыларға тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы мәселені шешу үшін елеулі маңызы бар басқа да деректерді көрсете отырып, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының атына қызметтік жазба ұсыну.
Қызметтік жазбаға білім алушы жұмысының немесе бұзушылықты қамтитын оның фрагментінің көшірмесі қоса беріледі. Білім алушының жұмысының түпнұсқасы осы пән бойынша қайта тапсырудың ресми мерзімі аяқталғанға дейін осы пәнді қамтамасыз ететін бөлімшеде сақталады.
Көшіріп алу фактісі анықталған жағдайда, оқытушы көшіп алу үшін өз мәтінін әдейі ұсынған білім алушыға “қанағаттанарлықсыз” баға қоюға құқылы.
Жалған деректер немесе құрастыру фактілері анықталған кезде, егер Колледж директоры өзгеше шешім қабылдамаса, барлық білім алушыларға, жалғандыққа немесе деректерді ойдан шығаруға қатысушыларға қатысты тәртіптік жаза шаралары қолданылады.
Деректерді жалғандық немесе ойдан шығару фактілері анықталған кезде, оқытушы білім алушылар, оқытушылар немесе кемінде 2 адамнан тұратын өзге де адамдар арасынан куәгерлерді шақыруға, қажетті жағдайларда фото -, бейнетүсірілімді қоса бере отырып, тиісті актімен бұзушылық фактісін тіркеуге, білім алушыдан деректерді жалғандық және ойдан шығару фактісі туралы куәландыратын құжаттарды алып қоюға және бөлімше меңгерушісіне дереу хабарлауға міндетті.
4.4 Білім алушыны оқудан шығарудың негіздері мен тәртібі
Колледж Білім алушыны келесі негіздер бойынша оқуын аяқтағанға дейін колледжден шығаруға құқылы:
1) Білім алушының академиялық үлгермегені үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша аралық аттестаттау нәтижелері бойынша директордың бұйрығымен оған белгіленген үлгідегі анықтама бере отырып, үштен астам қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар оқудан шығарылады.
2) Білім алушының оқу сабақтарын дәлелсіз себептермен бір семестр ішінде босатқан 56 академиялық сағаты үшін.
3) Білім алушы Колледжбен байланысын жоғалтқан жағдайда.
“Колледжбен байланысты жоғалту” негізі бойынша білім алушы келесі жағдайларда оқудан шығарылуы мүмкін:
- Егер білім алушы ағымдағы оқу жылында немесе академиялық кезеңде оқу жылы (семестр)басталған сәттен бастап күнтізбелік ай ішінде дәлелсіз себептермен оқу сабақтарына кіріспесе;
- Егер білім алушы білім алушының академиялық демалысы аяқталған сәттен бастап күнтізбелік ай ішінде дәлелсіз себептермен оқу сабақтарына кіріспесе; егер сабақты өткізу басталған күннен бастап күнтізбелік ай ішінде не білім алушы сабаққа кірісуге тиіс, бірақ сабаққа кіріспеген күннен бастап, білім алушының өзі немесе туыстары арқылы Колледжге білім алушының өзі немесе туыстары арқылы сабақта болмау себептерін ұсынбаса, болмау себептері жағдайларға қарамастан дәлелді емес болып саналады. Колледж көрсетілген мерзімнен кейін берілген білім алушының құжаттары мен түсініктемелерін қабылдамауға құқылы.
Сабақты босатып алудың дәлелді себептері білім алушылардың Колледжге келуінің бірінші күні құжатпен расталуы тиіс.
Білім алушыны “Колледжбен байланысын жоғалту” негіздемесі бойынша оқудан шығарған кезде, білім алушы және / немесе оның заңды өкілдері білім алушының сабақта болмау фактісі бойынша түсіндірмелерді колледж директорының оқудан шығару туралы бұйрығы шыққан күнге дейін телефон арқылы ауызша ескерту және қызметкердің жеке карточкасында көрсетілген мекенжай бойынша 7(жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлама жіберу арқылы ұсыну қажеттігі туралы хабардар етілуге тиіс. Білім алушының/ заңды өкілінің жеке карточкасында, білім алушының/ заңды өкілінің нақты мекенжайы мен телефонында немесе өзге де себептерде көрсетілген телефон мен мекенжайдың сәйкес келмеуі себебінен білім алушының / заңды өкілінің осы хабарламаны алмауы білім алушыны оқудан шығаруға кедергі болып табылмайды.
4) Басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты.
Білім алушы басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты оқудан шығарылған кезде білім алушы Колледж әкімшілігіне, Колледж әкімшілігі ұсынған нысан бойынша басқа білім беру ұйымына ауысу туралы өтінішті уақтылы ұсынуы тиіс.
5) Ббілім алушының өз қалауы бойынша жазбаша нысанда, оның ішінде ДКК дәрігерлік-консультациялық комиссия) анықтамасы-қорытындысының негізінде білім алушының денсаулық жағдайы бойынша көрсетіледі.
Білім алушыны өз қалауы бойынша оқудан шығарған кезде білім алушы Колледж әкімшілігіне себептерін (денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы және басқалары) көрсете отырып, өз қалауы бойынша оқудан шығару туралы өтінішті уақтылы ұсынуы тиіс.
Білім алушы оқудан шығару туралы өтінішті уақтылы бермеген кезде білім алушының (өкілдің, Тапсырыс берушінің) оқу құнын төлеу жөніндегі міндеттері колледж директорының бұйрығында көрсетілген білім алушыны оқудан шығару күніне дейін сақталады.
6) Білім алушының (Тапсырыс берушінің, өкілдің) және Колледждің арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсету шартының талаптарын бұзғаны үшін.
Шарт талаптарын бұзу деп шартта көзделген міндеттемелерді орындамау және/немесе тиісінше орындамау, оның ішінде оқу құнын төлеу мерзімдерін бұзу түсініледі.
7) Колледждің оқу тәртібін бұзғаны үшін:
- Колледж Жарғысын бұзу;
- Сабақтарда немесе Колледж үй-жайларында алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйде болу (олардың аналогтары), сондай-ақ аталған заттарды пайдалану және / немесе оларды сақтау, тарату;
- Колледж аумағында немесе үй-жайларында жүйелі (үш реттен артық) темекі шегу;
- Колледждің мүлкін немесе құжаттарын, Колледжбен серіктестігі бар ұйымдар мен кәсіпорындарды, Колледж білім алушылары мен қызметкерлерін қасақана жою, бүлдіру немесе ұрлау;
- Колледждің білім алушы мәртебесіне сәйкес келмейтін, Колледждің беделі мен іскерлік атағына нұқсан келтіретін азғындық әрекеттер жасау;
- Әкімшілік немесе қылмыстық жазаға әкеп соғатын қоғамға жат әрекеттер жасау;
- Бұзушылық жасау, сондай-ақ бұзушылық жасау кезінде қатысу, әрекетсіздік (төбелес, бопсалау, ұрлық, тонау және т.б.).
- Педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне, Колледждің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату;
- Колледж қызметкерін немесе білім алушысын қорлау, ар-намысы мен қадір-қасиетін жою;
- Нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен ерекшелікті насихаттау, халықаралық құқық пен гуманизмнің жалпыға танылған қағидаттарына қайшы келетін милитаристік және басқа да идеяларды тарату;
- Рұқсат етілмеген митингілер мен басқа да осындай іс-шараларды ұйымдастыру және/немесе қатысу;
- Колледж оқушыларына немесе қызметкерлеріне қатысты физикалық, моральдық және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдану;
- Құжаттардағы қол қою мен құжаттарды қолдан жасау (студенттік билет, сынақ кітапшасы, оқырман билеті және басқалар), сондай-ақ құжаттардағы қол қоюға, құжаттарды қолдан жасауға тікелей қатысу;
- Басқа білім алушы үшін емтихан немесе үлгерімді бақылаудың басқа нысандарын тапсыру;
- Білім алушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға байланысты жалған құжаттарды немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы.
Білім алушыны оқудан шығару Колледж директорының тиісті бұйрығын шығару жолымен жүргізіледі.
Оқудан шығару туралы бұйрықта көрсетілген білім алушы оқудан шығарылған күннен бастап білім алушы мен Колледж арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсету шарты білім алушы мен Колледждің қосымша растауынсыз бұзылды деп есептеледі.
Колледжден шығарылған кезде білім алушыға оның талабы бойынша Колледжде оқуды растайтын белгіленген үлгідегі академиялық анықтама, білім туралы құжаттың түпнұсқасы беріледі.
Білім алушының Колледж алдында қаржылық берешегі болған кезде, Колледж білім алушының білімі, колледжде оқудан өтуі туралы құжаттарын және білім алушының жеке ісінде қамтылған басқа да құжаттарды беруді қаржылық берешегі толық өтелгенге дейін кешіктіру құқығын өзіне қалдырады.
Тәртіптік жазалардың уақтылы қолданылуына және тиісті құжаттардың дұрыс ресімделуіне жеке жауапкершілік Колледж директорының орынбасарларына жүктеледі.