«Кәсіби  қазақ тілі»  пәні бойынша  ашық сабақ

Сабақ тақырыбы: «Асқазан қатерлі ісігінің себептері және оның алдын алу.Зат есім»

 «Медбикелік іс» мамандығының 23 тобы

дата 13.11.2014, 2 пара

Оқытушы: Каниева Д.А.

Сабақ оқытудың алдын ала орындау нысанында  өткізілді. .  Студенттер осы тақырып бойынша жобалар  дайындап, оны шағын  топшаларда тұсаукесер  түрінде  қорғады. Сабақта студенттердің сөйлеу дағдыларын ұжымдаса отырып талқылау арқылы  коммуникативтік  ерекшеліктері,  шығармашылық  қабілеттері  ашылды. Контейнер, жағдаяттық-лингвистикалық ролдік  ойындар,  ми шабуылы,  бес шумақ сияқты  түрлі  интерактивтік  тәсілдер  қолданылды.  Сабақ өз мақсатына жетті.