«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ОҚУ
МАРАФОНЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕСІ

«Кітап оқитын колледж» бағыты

1. Жалпы ережелер

1.1. «Кітап оқитын колледж» оқу марафоны колледж студенттері арасында өткізіледі.

1.2. Байқаудың мақсаты – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру,
функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, азаматтардың сыни және
аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ елдің зияткерлік әлеуеті
мен адами капиталын нығайту.

1.3. Байқаудың құрылтайшысы – «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация»
қоғамдық қоры.

1.4. Байқаудың ұйымдастырушылары:

  • колледж әкімшілігі (колледжішілік кезең);
  • облыстық/қалалық білім басқармалары (өңірлік кезең).

1.5. Байқау екі лигада өткізіледі:

  • қазақ лигасы;
  • орыс лигасы.

Тіркелу кезінде әрбір қатысушы қатысу тілін өз бетінше таңдайды. Байқау
барысында лиганы ауыстыруға жол берілмейді.

2. Байқауға кімдер қатыса алады?

2.1. Байқауға Қазақстан Республикасындағы барлық колледждердің
студенттері қатыса алады.

2.2. Қатысу тегін.

2.3. Қатысу форматы:

  • колледжішілік кезең – жеке қатысу;
  • өңірлік кезең – командалық форматта: колледж атынан үш адамнан тұратын команда құрылады.

3. Қалай қатысуға болады?

Байқауға қатысу үшін төрт қадамды орындау қажет.

Тіркелу

Тіркеу кезеңінде конкурстың ресми сайтында жеке кабинет құру қажет
www.reading-nation.kz және қатысушының сауалнамасын толтыру керек.

Кітаптарды оқу

Қатысушылар байқау тізіміне енгізілген 15 кітапты оқуы қажет.
Кітаптар тізімі байқаудың ресми сайтында жарияланады.

Кітаптарды:

  • қағаз нұсқасында;
  • электрондық форматта оқуға болады.

Кітаптар қатысушыларға берілмейді.

Пікір жазу

Әр кітапты оқып болғаннан кейін қатысушы жеке кабинетінде кітап
туралы қысқаша пікірін жариялайды.

Пікір:

  • шығарманың мазмұнын қамтуы;
  • қатысушының жеке пікірін білдіруі;
  • өз бетінше жазылуы тиіс.

Интернеттен толық немесе ішінара көшірілген немесе үшінші тұлғалар
дайындаған мәтіндерді пайдалануға жол берілмейді.

Байқау сынақтарынан өту

Оқу марафоны аяқталғаннан кейін қатысушылар оқылған шығармалар
бойынша тестілеу мен зияткерлік квиздерден өтеді.

4. Байқауды өткізу мерзімдері

Мерзімі Іс-шара
2026 жылғы қыркүйек Қатысушыларды тіркеу
2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз Марафон аясында 15 кітап оқу
2027 жылғы наурыз – сәуір Қатысушылар арасында тесттер мен квиздер өткізу

5. Байқау кезеңдері

I кезең — колледжішілік кезең

Колледж базасында өткізіледі. Әр қатысушы оқыған кітаптары бойынша
жеке онлайн-тестілеуден өтеді.

Тестілеу нәтижелері бойынша қатысушылар арасынан жеңімпаздар анықталады:

  • I орын;
  • II орын;
  • III орын.

Колледжішілік кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай
жинаған үш қатысушыдан Колледж әкімшілігі команда құрып, оны өңірлік
кезеңге қатысуға ұсынады.

II кезең — өңірлік (қалалық/облыстық) кезең

Өңірлік кезеңге колледждерден құрылған командалар қатысады.
Байқау зияткерлік квиз форматында өткізіледі.

Кезең қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталады:

  • I орын;
  • II орын;
  • III орын.

6. Қатысушылар қалай бағаланады?

6.1. Бағалауды өткізу үшін әр кезеңде конкурстық комиссия құрылады.
Комиссия құрамына мыналар кіруі мүмкін:

  • педагогтер;
  • кітапханашылар;
  • әдіскерлер;
  • конкурс ұйымдастырушыларының өкілдері.

6.2. Тестілеу барысында мыналар бағаланады:

  • шығармалардың мазмұнын білуі;
  • сюжетті және кейіпкерлерді түсінуі;
  • авторларды білуі;
  • оқыған шығарманы талдай білуі.

6.3. Зияткерлік квиз барысында мыналар бағаланады:

  • оқылған шығармалардың мазмұнын білуі;
  • команданың жауаптарының дәлдігі мен жылдамдығы;
  • командалық өзара іс-қимылдың үйлесімділігі.

6.4. Әрбір оқылған кітап және жарияланған пікір үшін қатысушының жеке
кабинетіне рейтингтік ұпайлар есептеледі.

6.5. Нәтижелер тең болған жағдайда, күрделілігі жоғары конкурстық
тапсырмалар үшін көбірек ұпай жинаған қатысушыға (немесе командаға)
басымдық беріледі. Қажет болған жағдайда конкурстық комиссия қосымша
тапсырма тағайындай алады.

6.6. Апелляцияны қатысушы (команда өкілі) нәтижелер ресми түрде
жарияланғаннан кейін 20 минут ішінде тиісті кезеңнің конкурстық
комиссиясына береді. Тиісті кезеңнің конкурстық комиссиясы апелляциялық
комиссияның функцияларын атқарады. Апелляциялық комиссияның шешімі
түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

7. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

Конкурсқа қатысушы міндетті:

  • осы Регламентті сақтауға;
  • конкурстық тапсырмаларды өз бетінше орындауға;
  • адал қатысу қағидаларын сақтауға;
  • басқа қатысушылар мен ұйымдастырушыларға құрметпен қарауға.

Мыналарға тыйым салынады:

  • конкурстық сынақтар кезінде подсказкаларды, ұялы телефондарды және жауаптарды алудың басқа да құралдарын пайдалануға;
  • басқа адамдардың пікірлерін жариялауға немесе авторлық құқықты бұзатын материалдарды пайдалануға.

Бұзушылық анықталған жағдайда конкурстық комиссия бұзушылыққа жол
берген қатысушының нәтижелерін жоюға құқылы. Егер бұзушылықты
команда мүшесі жасап, ол конкурстық сынақтың жалпы нәтижесіне әсер
етсе, нәтижені жою командаға толық көлемде қолданылады.

8. Қатысушыларды дайындау

Колледжішілік кезеңде қатысушыларды даярлауды және
ұйымдастырушылық сүйемелдеуді колледж әкімшілігі тағайындаған куратор
жүзеге асырады.

Өңірлік кезеңде команданы ұйымдастырушылық сүйемелдеуді тиісті кезеңді
ұйымдастырушының өкілдері жүзеге асырады.

9. Марапаттау

Конкурсқа қатысушылардың барлығы электрондық қатысу
сертификаттарын алады.

Колледжішілік және өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен
жүлдегерлері дипломдармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт» аймақтық оқу марафонының жеңімпаздары ақшалай
сыйлықтармен марапатталады.

Конкурсты ұйымдастырушылар арнайы сыйлықтар мен қосымша
номинациялар тағайындауға құқылы.

10. Қорытынды ережелер

10.1. Конкурсқа қатысу үшін тіркеле отырып, қатысушы осы
Регламентпен өзінің келісімін растайды.

10.2. Ұйымдастырушылар конкурстық сынақтар басталғанға дейін
регламентке өзгерістер енгізуге құқылы. Барлық өзгерістер байқаудың ресми
сайтында жарияланады.

10.3. Конкурс барысы, конкурстық тапсырмалар, нәтижелер мен
жаңалықтар туралы ақпарат ресми сайтта орналастырылады www.reading-
nation.kz.