Басты бет / Медиа кітапхана

Медиа кітапхана

Медиатека туралы жалпы мәліметтер

Кітапхана жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу 2004 жылдан басталды. Колледж басшылығы оқу орындары кітапханасындағы жаңа инновациялық ақпараттық өгерістердің қажеттіліктері мен маңыздылығын ескере отырып, кітапхананың толыққанды жұмыс жасауы үшін, оны барлық қажетті бағдарламалық және аппараттық құралдармен қамтамасыз ете отырып, облыстағы орта арнайы оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып Павлодар медициналық колледжінің кітапханасы құрылымына жаңа қызмет ету пункті-медиатеканы енгізді. Бүгінгі күндері кітапхана балансында тұрған түрлі ақпараттық тасушылардағы электрондық әдебиет саны – 3000 – мыңнан астам басылымды құрайды (оның ішінде мемлекеттік тілде – 600-ға жуық басылым), бұлар-оқулықтар мен анықтамалық басылымдар, сондай-ақ ғылыми-көпшілік, көркем фильмдер және т.с. Бүгінгі күндері колледж кітапханасының дамуының басты бағыттары – бұл кітапханалық үрдістің автоматтандырылуы және мультимедиялық технологиялар негізінде оқырмандарға көрсетілетін қызметтердің ұсынылуы. 2016 жылдан бастап кітапхана жұмысына кітапхана қорын толық автоматтандыру және электрондық кітапханалар құруға арналған «Кітапхана ісі» атты бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылуда. Кітапхананың автоматтандырылған жұмыс нәтижелерінің бірі кітапхананың есептік құжаттамаларының электрондық нысанының жасалуы: абонементтің, оқу залының, медиатеканың күнделіктері, кітапхана қорының суммарлық есеп кітабы.

        Соңғы  жылдары  кітапхана тек кітаптармен ғана емес, заманауи

      құралдармен жабдықталған. 2022 жылдан бастап  кітапхана  «Aknurpress»  Limited version электрондық кітапханасын  қолданып келеді. Қазіргі уақытта 1300 оқырманымыз бұл кітапханаға тіркеліп қолдануға мүмкіндік алып  3000 -ға жуық қаралым құрады.

       Цифрлық кітапхана, оқу процесіне құндылығы зор, аса қажет дүние. Отандық басылымдарды кең ауқымды қамтитын кітапхана болып табылады.

 Бұл электронды кітапхана әдебиеттерді топтауға келгенде сапалы тәсілді қолдану арқылы екі мыңнан астам атаумен кітаппен жабдықталған. Олардың барлықтары пәндерге сәйкес қамтылған. Әдебиеттер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Күн сайын жаңа басылымдармен жаңартылып және әдебиеттер қосылып отырады. Сонымен қатар, әр түрлі пәндер бойынша отандық ғылыми  мақалалармен де қамтылған.

"Павлодар медициналық жоғары колледжінің ШЖҚ КМК" кітапханасының электрондық әдебиеттер тізімі медициналық әдебиет

"Павлодар медициналық жоғары колледжінің ШЖҚ КМК "кітапханасының электрондық әдебиеттер тізімі Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқулықтар

Лицензияланған фильмдердің тізімі

Жаңа медиатекалар