Басты бет / Визит карточкасы

Визит карточкасы

Психолог Сұлтанова Сабиля Асқарқызы

Білім бакалавры. Жас маман.

2017 жылы медициналық колледжді тіс дәрігері мамандығы бойынша бітірді. Одан әрі 2020 жылы дефектолог – логопед мамандығы бойынша Бакалавр атағын алды. Сонымен қатар 2021 жылы педагогикалық университетті педагог – психолог мамандығы бойынша бітірді.

Сабиля Асқарқызы педагогикалық диагностика мен психологиялық-педагогикалық түзетудің көптеген технологияларын меңгерген. Оқушылармен сабақтарды ұйымдастыру үшін және бағалау-құндылық рефлексиясын жүзеге асыру кезінде жаңа ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен кәсіби интернет-ресурстарды пайдаланады. Педагог-психолог басқа адамдармен тікелей және кері байланысты еркін жүзеге асырады, оқушылармен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен оңай байланыс орнатады. Сабиля Асқарқызы оқушылардың мінез-құлқын психологиялық сүйемелдеу және түзету мақсатында педагог қызметкерлер мен оқушылардың ата-аналарының өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастырады.