Басты бет / Қабылдау ережелері
Қабылдау ережелері
«Павлодар медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК 2026–2027 оқу жылына талапкерлерді келесі мамандықтар бойынша қабылдайды:
✓ 09120100 «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі – 4S09120101 «Фельдшер», жалпы орта білім (11 сынып) базасында, мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.
✓ 09130200 «Акушерлік іс» мамандығы, біліктілігі – 4S09130201 «Акушер», жалпы орта білім (11 сынып) базасында, орыс тілінде оқыту. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.
✓ 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы, біліктілігі – 4S09130103 «Жалпы практика мейіргері», жалпы орта білім (11 сынып) базасында, мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.
✓ 09140100 «Лабораториялық диагностика» мамандығы, біліктілігі – 4S09140101 «Медициналық зертханашы», жалпы орта білім (11 сынып) базасында, орыс тілінде оқыту. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.
✓ 09160100 «Фармация» мамандығы, біліктілігі – 4S09160101 «Фармацевт», жалпы орта білім (11 сынып) базасында, орыс тілінде оқыту. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.
✓ 09110100 «Стоматология» мамандығы, біліктілігі – 4S09110102 «Дантист», жалпы орта білім (11 сынып) базасында, орыс тілінде оқыту. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.
Қабылдау тәртібі:
- Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 25 маусымнан 10 тамызға дейін жүргізіледі:
✓қосымшасымен бірге білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат, диплом);
✓ 3х4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
✓075/у нысанындағы медициналық анықтама (флюорография қосымщасымен)
✓жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Психометриялық тестілеу (кәсіби жарамдылықты анықтау мақсатында).
- Бейіндік пән бойынша қабылдау емтиханы:
– барлық мамандықтар үшін – биология;
– «Фармация» мамандығы үшін – химия;
– ТжКБ (ТжКББ) базасындағы талапкерлер үшін – эссе.
Оқуға қабылдау бейіндік пән бойынша емтихан нәтижелері, психометриялық тестілеу нәтижелері, сондай-ақ келесі пәндер бойынша орташа балл негізінде жүргізіледі: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, биология, химия.
Балдар тең болған жағдайда аттестаттың жалпы орташа балы және квоталық санат ескеріледі.
Толық ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:67-49-71, 66-00-89
Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұма:09:00–18:00
Түскі үзіліс:13:00–15:00
Сенбі 09.00-14.00
Мекенжайымыз:Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151.
Колледж сайты: http://pvlmedcollege.kz/
Instagram: @pvl_medcoll
Facebook: pvlmc@mail.ru